Астанада 1500 оқушыға арналған Сингапур мектебі салынбақшы

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1500 оқушыға арналған Сингапур мектебі салынады. «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 1500 оқушы білім алатын Сингапур мектебін салуды қалайтын инвестордан өтінім алды.

Бұл туралы Елорда Инфо хабарлады, деп жазады 

«Бізге Астанада Сингапур мектебін ашуды қалайтын тиісті инвесторлар өтінім келіп түсті. Мектеп 1500 оқушыға арналып салынбақ. Жаңа мектеп Сингапур моделі бойынша салынады. Ол бастауыш мектеп, орта мектеп және бітіруші сыныптарға арналған үш бөліктен тұрады. Балалар оқу үдерісіне үлгеруі үшін олар мектеп аумағындағы кампуста тұрады деп жоспарналуда», – деді «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Оның айтуынша, Сингапур мектебі техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталады. Сондай-ақ, оқушыларды  шетелдік ұстаздар оқытатын болады. Әзірге Сингапур мектебі жобасының құны мен инвесторы туралы ешқандай мәлімет көрсетілмей тұр.

«Аталған жоба ӘӘК стратегиясына жақсы келеді деп ойлаймыз. Бұл бір жағынан әлеуметтік, ал екінші жағынан білім беру саласына үздік халықаралық тәжірибені тарту болып табылады. Сонымен қатар, қаладағы білім беру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаны біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде іске асыратын боламыз», – дейді төраға.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив