Елімізде ҰБТ қарсаңында «тест саудасы» қызып жатыр

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің басталуына аз уақыт қалғанда шпаргалка саудасы қызып жатыр. Биыл пысықай саудагерлер оны жасырын емес, әлеуметтік желілерде ашық түрде жарнамалауға кіріскен.

Тіпті,  үйге дейін жеткізетін ақылы қызмет түрін де қосып қойыпты. Тест сынағының жауаптары жазылған құралдың әрқайсысын  2 мың теңгеден сатып алуға болады, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Әріптесім жарнамасы жер жарған шпаргалка сататындардың бірімен жолығып, тілдесіп келді. Заңсыз сауданың жыл сайын қызуына не себеп?

Әлеуметтік желіде шпаргалка сататындардың парақшаларынан көз сүрінеді. Онда қайдан алуға болатыны, кімге хабарласу керектігі жөніндегі барлық ақпарат айдан анық көрсетілген. Тіпті,  біразы оны қосымша ақы төлесеңіз үйге дейін де жеткізіп беруге дайын. Сатылатын шпаргалка биыл барынша шағын әрі жұқа етіп дайындалған. Саудагерлер дайын жауаптың Ұлттық бірыңғай тестілеуде 70 пайызы сәйкес келеді деп отыр. Қара базардағы тауардың құны әзірге 2 мың теңге. Айтуларынша, мамыр айына қарай 5 мың теңгеге дейін шарықтайды екен.

«100 пайыз дұрыс келеді деп айта алмаймыз, әрине. Бірақ 70 пайыз ғой минимум. Белгілі  бір адам жоқ оны істеп жатқан. Бірақ балалар бар істейтін. Баяғыдан бері ҰБТ басталғанан бері. Жылдан жылға жиналып келе жатқан база ғой. Қазірден бастап  кітапшаны пайдаланып үйрену керек қой. Негізі кітапшаның ішіне қойып, пайдаланады ғой оны. Көбі партаның астына қойып  қарайды оны, тыға алмайды. Түсіріп алады».

Бет-бейнесін жасыруды сұраған сатушы шпаргалканы өзіңіз белгілеген уақыт пен сіз қалаған мекен-жайға жеткізіп береді. Оған қоса, 15-тен астам данасын алған жағдайда жеңілдік қарастырылған.

«Майда шпорлар шығады деп айтады. Жүреді, жүреді. Сонымен майда саны да азаяды. Бағасы да қымбаттайды. Алдыңғы жылы негізі жақсы өткен. 5 мыңнан астам саттық қой алдыңғы жылы. Алматы қаласы алған жоқ. Негізінен басқа  қалалар алды . Көп қалаларда жоқ қой».

Ал білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтарын тауып алу мүмкін емес деп отыр. Сондықтан талапкерлерге өз білімдеріне сенуден артық жақсы тәсіл жоқ дейді. Биыл талап жылдағыдай қатал. Егер талапкер телефон, шпаргалкамен ұсталса бірден аудиториядан шығарылып, нәтижесі есепке алынбайды. Оған қоса, мемлекеттік құпияны ашқан адам да ауыр жаза арқалайды.

«Ұлттық бірыңғай тестілеудің барлық сұрақтары мемлекеттік құпияға жатады. Сондықтан  бұндай мәселелер болса, әрине,  құптамаймыз және де бұл мүмкін емес. Өйткені, бұл сұрақтарды тауып алу мүмкін емес. Сондықтан балаларға тек қана өзінің біліміне ғана, өзінің дайындығына ғана үміттену керек. Сондықтан жаңағындай әртүрлі толып жатқан мәселелерді біз растай алмаймыз. Енді ол инстаграмда болсын, басқасында болсын. Әртүрлі адамдар өзінің ойын жаза алады», – деді  ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Биыл еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген талапкерлердің саны әлі белгісіз. Білім және ғылым министрлігі  бұл 10 мамырда анықталады дейді.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив