Мектеп бітіру үшін 100 мың теңге: Алматы тұрғыны мектепте ақша жиналып жатқанын айтып шағымданды

Алматы тұрғыны мектеп бітіру кешін ұйымдастыру үшін 100 мың теңгеден жиналып жатқанын айтып шағымданды. Айтуынша, мектептегілер ақша бергісі келмейтіндерге сес көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы тұрғыны мектепте ақша жиналып жатқанын айтып, қалалық білім басқармасының блогына шағымданды.

«Балам мектеп бітіріп жатыр. Мектеп бітіру кеші мен виньеткаға түсу үшін, мектеп 100 мың теңгеден жинап жатыр. Тағы қосымша ақша жиналатынын да айтты. Лимузинмен қыдырады екен. Оның сағаты 10 мың теңгде тұрады. Сонымен қатар Талғар тасжолының бойында орналасқан мейрамхананы жалға алмақ. Бұл туралы ата-аналар жиналысында мәлімдеді. Ақша бергісі келмейтіндерге сес көрсетті. Бұл жағдай Алматы қаласы, «Өжет» шағын ауданы, №156 мектепте болып отыр. Шара қолдансаңыздар екен. Ақша жинау қашан аяқталады», – деп шағымданды әйел.

Өз кезегінде білім басқармасындағылар әйелдің шағымына жауап беріп, №156 мектепте ақша жиналып жатқаны туралы толық ақпарат керек екенін айтып, анық-қанығын орта білім беру бөлімінің басқарушысына хабарлауын сұрады.

«№156 ЖБМ-да ақша жиналып жатқаны туралы ақпаратты толық зерттеу үшін, Алатау ауданыны бойынша білім бөлімінің меңгерушісі Қасымбекова Айгүл Жұмабекқызына хабарласуыңызды сұраймыз. Сонымен қатар білім басқармасының орта білім беру бөлімінің басқарушысы Айтуарова Ақмарал Төлегенқызына жүгіне аласыз», – делінеді қалалық білім басқармасының жауабында.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив