Қазақстанда орта мектепті бітіру қанша тұрады

ҰБТ-дан басқа, ата-аналар қазір бітіру кешін ұйымдастыру мәселесіне алаңдаулы. Қазірдің өзінде бұл мәселе төңірегінде шағымдар келіп түсуде. Тіпті кейбір аналар бітіру кешіне кететін бір адамға шаққандағы төлем мөлшері жүз мыңнан асты дейді.

Бұл туралы 31 арна-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ақша жинауларын қашан қояды деген аналар, балаларының болашағы үшін ашық наразылық білдіруге қорқақтап отыр.

Сондай-ақ қызы тоғызыншы сыныпты бітіріп жатқан Виктория жүзін көрсетпеуді сұрады. Оның қызы оқитын мектепте тегін өткізілуі керек емтиханға 10 мың теңге жинайды екен. Бұл болашақ түлектер туралы айтпағанда.

«Қызымның сыныбында 38 оқушы бар. 380 000 теңге – өте үлкен сома. Мен бұл ақша  неге жұмсайды деп сұрадым. Олар емтихандар тегін өтеді, бірақ балаларға ақша қажет дейді. Ешкім қаражаттың  қанда кететінін толық түсіндіріп берген жоқ»,-дейді Виктория.

Сондай-ақ, 11 сыныпта оқитын оқушының тағы бір ата-ана Алматы қаласы Білім басқармасының веб-сайтына жасырын шағым түсірді. Ол әрбір түлектен жиналатын сома 100 мың теңгеден асады дейді.

«Мектеп бітіру кешіне және виньетка үшін 100 000 теңге жинайды. Олар бұл қаражат жетпейді, тағы да ақша жинаймыз деп айтты. Балаларға сағаты 16 000 теңге тұратын лимузин жалдамақшы. Бұл туралы ата-аналар жиналысында айтылды. Сондай-ақ, ата-аналар комитеті ақша бермейтіндерге қауіп төндірді»,-дейді бітіруші түлектің анасы.

«Егер 4-ші сыныптың бастауышпен қоштасу кешін өткізгілері келсе, онда оны әдеттегідей ертеңгілік кеш түрінде ұйымдастыруға болады. Қалған жағдайда басшылардан қолдау көрсетілмеуі керек»,-дейді депутат Ирина Смирнова.

Егер Білім басқармасы мектептегі бітіру кешін дүркітеріп өткізгендер туралы білетін болса, онда директорлар жазаланатын болады. Бірақ  баласының өмірінде алғаш болатын бітіру кешін ұмытылмастай ұйымдастырып бергісі келетін ата-ананы ештеңе тоқтатпайды, дейді жұртшылық.

«Лимузиндер енді бұрыннан бар. Қазір тікұшақ жалдау және Түркияға қыдырып бару сәнге айналды. Осы кешке 150-100 мың теңгеге дейін жиналады. Бұл туралы ата-аналар өздері хабарласып айтып жатыр. Бірақ ақшасы бар адамдар емес, бітіру кешін дүркіретіп ұйымдастыруға шамалары келмейтіндер хабарласуда»,-дейді Марианна Гурина.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив