Ақмола облысында математика пәнінің мұғалімі жалған дипломмен физикадан сабақ берген

Ақмола облысында мектеп мұғалімі Елордадағы университетті бітіргені туралы жалған дипломды қолданғаны үшін кінәлі деп танылды

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, Ақмола облысына қарасты ауылдардың бірінде тұратын азаматша 1988 жылдан бастап математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келген. Сонша жыл еңбек өтілімі бар мұғалім біраз уақыттан кейін қосымша пәндерді жүргізбекші болған.

Содан ол, 2015 жылы белгісіз тұлғалардан «Физика» мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін бітіргені туралы диплом сатып алған.

Жалған құжатты мектепке ұсынған мұғалім 2015 жылдың қаңтарынан 2018 жылға дейін физика пәнінен сабақ беріп, ол үшін жеке жалақы алып отырған.

Жалған құжатпен қызмет атқарған күдікті қылмыс жасағанын мойындап, шын жүректен өкініш білдірді. Сотта айыпталушының бұрын істі болмағаны және отбасы әйел екені, сондай-ақ оған оң сипаттамалар көрсетілгені ескерілді.

Бұл істі жүргізген Қорғалжын аудандық соты 51 жастағы әйелді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі бойынша «жалған құжат жасау немесе сату, сондай-ақ жасанды құжатты қолданғаны үшін» кінәлі деп тапты. Сотталушыға 60,125 теңге айыппұл салынды.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив