Ақмолалық кәсіпкер әйел 350 млн теңгеге өзі тұрып жатқан ауылда мектеп салып жатыр

Ақмола облысында Сара Матайбаева есімді кәсіпкер әйел ауылда мектеп салуда. Мектеп салуға 350 миллион теңге бөлген.

Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Біздің облыстың тұрғындары Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын өте жылы қабылдады. Менің ойымша, ақмолалықтар әсіресе «Туған жер» бағдарламасына ерекше ден қойған секілді. Көптеген адамдар, меценаттар өзінің туған ауылдарына пайда тигізуге асықты. Мен осыған дейін де біршама сандар мен адамдарды атаған едім. Ондай адамдар мені тамсандырады да, таңғалдырады», – деді өңір әкімі.

«Мәселен, Целиноград ауданында Сара Матайбаева деген кәсіпкер бар. Оның Қосшы ауылында өндірісі жұмыс істеп тұр. Оны ешкім көндіруге тырысқан да емес. Ол Президенттің бастамасын іліп әкетті де, маған келіп: «Мен Қосшыда мектеп тұрғызғым келеді», деді. Өкінішке қарай, Қосшы – әлі күнге дейін үш ауысымды мектептері бар елді мекен. Ол кәсіпкер: «Мен мектептің керектігін біліп тұрмын», деді. Өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің жағдайын кәсіпкер жақсы сезініп отыр. Мен оған қандай ұсыныс бар дегенімде, «Мінекей, мен 350 миллион теңге берейін. Мектеп саламын. 2018 жылдың 1 қыркүйегінде өткіземін», деді. Міне, біздің облыста осындай адамдар тұрып жатыр», – деді Мәлік Мырзалин.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив