Қазақстанда балаларды 1-сыныпқа қабылдау ережелері өзгерді

ҚР Білім және ғылым министрі балаларды 1-сыныпқа қабылдау ережесіне өзгеріс енгізді.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйек-желтоқсан айы аралығында туған балалар осы жылы 1-сыныпқа бара алады. Өйткені, олар жыл соңына дейін 6 жасқа толып үлгереді.

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын жеті жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді», – делінген баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Бұрындары 1-сыныпқа қабылдау үшін мекенжай анықтамасын өткізу керек болатын. Қазір ол талап алынып тасталды. Осы ережеге сай баланы 1-сыныпқа қабылдамай жатса, жергілікті білім басқармаларына шағым айтуға болады.

Құжаттарды 1 маусым мен 30 тамыз аралығында қабылдайды.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив