«KITAP FEST 2018» Халықаралық Кітап Фестивалі

 

 

Барлық кітап сүйгіштерге арналады!

Алматыда ең ауқымды «KITAP FEST 2018» Халықаралық Кітап Фестивалі өтеді.

Өткізілетін күні мен уақыты: 8-қыркүйек 2018 ж. 10:00-19:00

Өткізілетін орны: Алматы қ., «Астана» алаңы

Ұйымдастырушылар: «BAURZHAN Foundation» жеке қоры, Алматы қаласы Әкімдігі

8-қыркүйек күні Алматы қаласының ең мәдени іс-шарасы - «KITAP FEST 2018» Халықаралық Кітап Фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылары  - Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен «BAURZHAN Foundation» қоры.

Бұл жылы «KITAP FEST» 5-ші рет өткізгелі отыр. Жылдан-жылға ауқымы кеңейіп келе жатқан Фестиваль отандық жазушылар мен оқырмандардың, блогерлердің, қоғам қайраткерлерінің басын қосып, қаламыздың мәдени-ағартушылық іс-шарасына айналды.

Сіздерді «KITAP FEST 2018»-де не күтеді?

- I BOOK YOU ұйымдастыратын Кітап алмасу. Кітап алмасу арқылы сіз өзіңіздің кітап тізіміңізді жаңарта аласыз. Бұнда кітап жанрларының түр-түрі болады.

 

- Жазушылар шатыры. Қазақстандық жазушылар өздерінің 2017-2018 жылдары жарық көрген кітаптарымен таныстырады. Шақырылған жазушылар: Олег Червинский, Хаким Булибеков, Jan Amany, Наталья Махно, Алмаз Шарман, т.б.

- Блогерлер шатыры. Фестивальда сіздің танымал қоғам қайраткерлерімен, журналистермен, блогерлермен танысуға мүмкіндігіңіз бар. Ал олар өз кезегінде кітапқа қатысты көптеген қызық әңгіме қозғайды. Шақырылған қонақтар: Айсана Ашим, Марина Шарипова, Айна Досмахамбетқызы, Айдос Сарым, Диана Снегина және т.б.

- Кітап жәрмеңкесі. Кітап дүкендері, баспалар және интернет-дүкендер өз тауарларын көрмеге қоятын болады.

- Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы.

- Жалпы ойын сауық бағдарламасы.

Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысатын «BAURZHAN Foundation» қорының «KITAP FEST 2018» Фестивалін ұйымдастыру арқылы алға қойған мақсаты – адамдар арасында кітап оқу мәдениетін дамытып, отандық жазушылар мен оқырмандардың басын қосу.

Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын Фестивальда күтетін боламыз!

 

 

 

8-қыркүйек күні Алматы қаласының ең мәдени іс-шарасы - «KITAP FEST 2018» Халықаралық Кітап Фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылары  - Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен «BAURZHAN Foundation» қоры.

Бұл жылы «KITAP FEST» 5-ші рет өткізгелі отыр. Жылдан-жылға ауқымы кеңейіп келе жатқан Фестиваль отандық жазушылар мен оқырмандардың, блогерлердің, қоғам қайраткерлерінің басын қосып, қаламыздың мәдени-ағартушылық іс-шарасына айналды.

Сіздің БАҚ-тың маңыздылығын ескере отыра, осы іс-шараға қатысып, бізге ақпараттық көмек көрсетуіңізді сұраймыз.

Сұрақтарыныз болса, берілген номерге хабарласуынызға сұраймын.

Рахмет!

Құрметпен,
Бауыржан жеке қорының журналисті
Меруерт Қолдасова
+ 7 707 936 07 74

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив