ШҚО-да ҰБТ-дан жоғары балл жинаған жас жігіт оқуын тастап, шаштараз болып жұмыс істеп жүр

Былтыр ғана Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы қазақ мектеп-гимназиясын жақсы тәмамдаған Шалқар Амангелдинов ҰБТ-дан 121 балл жинаған. Жоғары көрсеткіші арқылы ол Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика –математика факультетінің «Автоматтандыру және басқару» бөліміне түскен. Алайда 4 айдан кейін оқуын тастап кетіпті.

Бүгінде жас жігіт туған қаласындағы ХҚКО-да шаштараз болып жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды ALTAYNEWS басылымына сілтеме жасап Stan.kzақапарат агенттігі.

Ол шаштараз мамандығына үйрену үшін «Barbershop»  аталатын 3 айлық курсты тәмамадапты. Артынша Атырауда бір ай көлемінде тәжірибеден өткен.

«Шалқардың мектеп қабырғасында жүргенде-ақ басты арманы шаштараз болу еді. Әкесі Қанат екеуміз оның алған бетінен қайтпайтынын білсек те, жоғары білім алуы үшін бар жағдайды жасадық. Енді амал жоқ…», – дейді анасы, ұстаз Айгүл Бураханова.

Ал 19 жастағы Шалқар өз шешіміне өкінбейді. Себебі өз ұнататын мамандықты таңдаған.

«Қазір жоғары білім алып, дипломын сандыққа салып қойған қаншама аға-апаларды көзіміз көріп жүр. Менің ойымша, мұның бәрі мамандық таңдауда жіберілген қателіктің салдары. Ата-анасы да перзентінің не нәрсе қолынан келетініне, нені таңдайтынына мән бермегенінің кесірі. Мен өзім сүйетін мамандықты таңдадым. Маған күнделікті еңбегім үшін алатын ақы емес, өзім сүйген мамандығымнан алған ләззатым қымбат», – дейді Шалқар Амангелдинов.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив