Білім министрі: Елімізде мектеп түлектері қаңтардан бастап оқуға түсе алады

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім саласындағы өзгерістерді баяндады.

Министрдің айтуынша, мектеп түлектері енді ақылы негізге қаңтар айынан бастап жоғары оқу орнына түсе алады. Осы себепті ҰБТ қаңтардан бастап бірнеше рет өтетін болады, деп хабарлайды Sputnik.

Білім және ғылым министрі президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылу барысында бірқатар шара қолға алынғанын айтты.

“Біріншіден, келесі жылдан бастап ҰБТ қаңтар айында басталып, бірнеше рет өткізіледі. Екіншіден, мектеп түлектеріне шартты түрде қаңтардан бастап ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік беріледі. Үшіншіден, жоғары оқу орындарында шетел азаматтарын оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Төртіншіден, шетел азаматтары үшін стипендиялы бағдарламалар енгізу, оның ішінде қазақ диаспорасына қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беру. Бесіншіден, магистратураға қабылдаудың жаңа моделін енгізу. Оның негізі бакалавриатқа қабылдау моделіне ұқсас. Енді магистратурада гранттар студенттерге беріледі және олардың жоғары оқу орнын таңдау мүмкіндігі болады”, — деді Сағадиев үкімет отырысында.

Министрлдің мәліметінш, осындай шаралардан соң шетелге оқуға түсетін балалар саны үш есеге азайған.

“Енді түлектер қаңтар айынан бастап ақылы бөлімге құжат тапсырып, ҰБТ тапсыра алады. 50 балл жинаса, сол жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі бар. Егер грантқа түскісі келсе, онда жазда өтетін ҰБТ-ны күтуі тиіс”, — деді ол кулуарда.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив