Астанада сегіз оқушы менингитке шалдығып ауруханаға жатқызылды

Астанада сегіз оқушы «сірлі менингит» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, барлық науқастар ауруханаға 5-і мен 16-шы қазан аралығында түскен.

«Жеті оқушының жағдай қанағаттанарлық, ал бір бала қалыпты ауырлық жағдайында жатыр. Олардың барлығы бактерияға қарсы ем алуда, жағдай тұрақты», – дейді департамент басшысы.

Ауруханаға жеткізілген оқушылар қаладағы № 23, 71, 75, 79 мектептердің 1, 2, 3, 5, 7, 8 сынып оқушылары. Сондай-ақ, олардың арасында Астана қаласының халықаралық мектебі және Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары да бар.

Департаменттегілердің айтуынша осы жағдайлардың барлығы бір-бірімен өзара байланысты емес.

«Ата-аналар ақпарат алмасатын топтар ең бастысы дүрбелең салмасын. Уақытында дәрігерге жүгінулері керек, ата-аналар өздігінен емдеумен айналыспаулары тиіс», – деді Байғабұлов Астана қаласының ата-аналарына бағыттап.

Ол ауруханаға түскен балалардың бір-бірімен еш байлысы жоқ екенін айтып, Астана мектептеріндегі балалар жаппай менингит жұқтырды деген қауесетті жоққа шығарды.
Сондай-ақ, мектептердегі жағдайды елорданың үш денсаулық сақтау басқармасы бақылауда. Барлық оқушыларға бақылау қойылған.

Айта кету керек, сірлі менингит инфекция жұқтырған адаммен байланыс кезінде жұғады. Бұл ауру ауа арқылы өте сирек беріледі. Әдетте, балалар бұл ауруды қолдарын жумай тамақтанғанда, лас суды қолданғанда, жуылмаған көкөніс пен жеміс-жидек жегенде жұқтырады.

Әдетте, сірлі менингит мамыр айынан қазан айына дейінгі аралықта пайда болады. Бірақ, алғашқы аяздың басталуымен бірден жоғалады. Сондай-ақ, ешқандай асқынулар болмайды.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив