Қазақстанда латын қарпінде алғашқы қоғамдық диктант өткізіледі

14 қарашада бүкіл Қазақстан бойынша латын қарпінде алғашқы диктант жазу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің латын графикасына көшуді үйлестіру басқармасының басшысы Жомартбек Айменов мәлімдеді

Жомартбек Айменовтың сөзінше, диктант бүкіл республика бойынша 14 қарашада сағат 11:00-де басталады. Ол өңірлік тілдерді дамыту басқармалары дайындаған арнайы аудиторияларда, әлеуметтік желілерде онлайн тәртіпте және республикалық радиостанцияларда тікелей эфирде өтеді. Науқанның ұзақтығы 30 минутқа созылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Бұл латын қарпін танымал ету және кеңінен тарату мақсатындағы алғашқы жалпыреспубликалық науқан. Қоғам қазақ тілінің жаңа графикасын қалай қабылдайтынын талдаудан өткізу үшін диктант өткізілуін ұйымдастырдық. Диктантқа баға қоюды қарастырмаймыз», – дейді Айменов.

Сонымен қатар ол кез-келген адам диктант жазуға қатыса алатынын айтты. Сонымен қатар бастамашыл топтар диктант өткізілетін орындарды ұйымдастыра алады.

Астана қалалық әкімдігінің мәліметінше, елордада 50 мың адам диктант жазатын болады. Шараға 15 жасқа толған барлық азамат қатыса алады.

Көлемі шамамен 80-90 сөз болатын диктант мәтінін аудиожазба арқылы тарату жоспарланып отыр. Ол арнайы дайындалған орындарда, «Шалқар», «Қазақ радиосы» радиоларының эфирінде таратылады.

Диктантты онлайн тәртіпте жазу мүмкіндігі де қарастырылған. Ол үшін науқан кезінде emle.kztilalemi.kz сайттарын ашу керек. Сонымен қатар науқан соңында аталған сайттардан мәтіннің дұрыс нұсқасын көруге болады. Диктантқа қашықтықтан қатысқан қатысушылар кері жауап алу үшін, жазылған мәтінді суретке түсіріп немесе сканерден өткізіп, tilalemi.kz@gmail.com мекен жайына жіберуі тиіс.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив