Петропавлда озат оқушыны сыныптан қалдырған: Білім министрлігі пікір білдірді

ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер Петропавлда бір сыныпты екінші қайтара оқуға мәжбүр болған екінші сынып оқушысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 

Білім және ғылым министрлігінде түсіндіргендей, оқушыны келесі сыныпқа көшіру туралы шешімді мектептің педагогикалық кеңесі шығарады.

«ҚР «Білім туралы» Заңының 44-бабы 9-бөліміне (Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады) сәйкес, бастауыш және орта білім беруді ұйымдастыруда педагогикалық кеңесін қызметін ұйымдастырудың типтік ережелері бекітілген. Аталған ереженің 5-бөліміне сәйкес, мектептің педагогикалық кеңесі оқушылардың аралық және қорытынды аттестациясын өткізу, сонымен қатар оқушыларды келесі сыныпқа көшіру бойынша шешімді өзі қабылдайды», – делінеді хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, оқушы қыздың бастауыш деңгейдегі 1,2-сыныптардың оқу бағдарламаларын жақсы меңгергенін ескере отырып, мектептің педагогикалық кеңесі ол оқушыны келесі сыныпқа көшіру туралы шешім шығаруға құқылы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавлда бір оқу жылында 1 және 2-сыныптарды қатар оқыған қыздың екінші сыныпты қайта оқуға мәжбүр болғаны хабарланған еді.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив