Ақтөбелік мұғалімнің жанайқайы: Пәтерімді сатып, кетіп қалғым келеді

Ақтөбеде 7-сынып оқушысының анасы әрі бастауыш сынып мұғалімі Наталья Гебель еліміздегі орта білім беруге қатысты реформаны сынға алды. Айтуынша, жаңа жүйе адамдарды елден кетуге мәжбүрлейді.

 

Бұл туралы «Актобе Таймс» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мен ғана емес, бүкіл ата-ана дүрлігіп отыр. Тек бұл туралы айта алмайды. Камера қосылған кезде бәрі өтірік күліп, бәрі жақсы екенін және ұнайтынын айтады», – дейді ол.

Мұғалімнің сөзінше, біріншіден, орыс тілінде білім беретін мектептерде ана тілін шет тілі сияқты үйрете бастаған. Оқулықтар да соған ыңғайластырылыпты. Онда ережелер жоқтың қасы, іші табиғат туралы әңгімелер мен түрлі ұлттардың дәстүрлеріне толы. Ал бақылау жұмыстарына арналған тапсырмалары шет тілдерінен аударылған тәрізді – олармен қатар ағылшын тіліндегі кестелер мен сызбалар берілген.

«Алғашық бақылау жұмысы Калифорнияның климаты мен жоғалып кеткен жануралар туралы болды. Мұның тілге қандай қатысы бар екенін ешкім білмейді. Оны шет тілі сияқты үйреткен күннің өзінде… Бұл ақылға сыймайтын идея. Уақыт мәтіндердің қисынсыз аударылуына және балалардың мұғалімдердің сыртынан күлуіне жұмсалады», – дейді Наталья Гебель.

«Бұған дейін бізде үздік оқушылар болған. Алайда оларды жоғалтып алды. Сыныпта 30 оқушының үшеуі ғана жақсы оқиды. Оларға түсіндіріп үлгермейді. Олар сыныпта жеңіл тапсырмаларды орындайды. Ал үй тапсырмасына күрделілері беріледі. Келесі сабаққа келген кезде үй тапсырмасы тексерілмейді, сөйтіп жаңа тақырып басталады. Сабақтың бәрі бос сөзге айналды. Сондықтан төмен бағалар ала бастады. Ешқандай даму жоқ. оқушылар бір шығарманы екі жыл қатарынан оқып, сол бойынша үштік баға алады. Алтыншы сыныпта Крыловтың «Емен астындағы доңызын» өттік. Жетінші сыныпта тағы да соны жаттау керек. Сол доңыздан жүрегім айнитын болды», – дейді мұғалім.

Педагогтың сөзінше, балалар мен ата-аналар тапсырмалардың көлемінен шошиды. Оқушылар бағдарламадан қалып қалмау үшін, үйірмелерді тастауға мәжбүр. Бастауыш сыныптарда бағдарламаның күрделі бола түскені сонша, ата-аналары бірінші сынып оқушыларының өзіне репетитор жалдап отыр.

«Оларға мүмкіндігіне сай тапсырмалар берілмеген. Түрлі презентациялар мен эсселер үйіліп тұр. Бірінші сынып оқушысына сабаққа дайындалу үшін репетитор жалдау деген не сұмдық?! Бәрінде солай ғой. Мұғалім ретінде менен үнемі көмек сұрайды. Ендігі балалар өздігінен ештеңе жасай алмайды», – дейді Наталья Николаевна.

Сонымен қатар мұғалім бағалау жүйесіне де көңілі толмайтынын айтты.

«Бағасыз өте қиын. Олар оқығаны үшін смайлдар  қойылғаннан кейін  оқудың маңыздылығын көрмейді. Олар үшін бастысы түсіну емес, тоқсандық баға қойылатын бақылау жұмыстарын жақсы жазу», – дейді ол.

«Модернизация үшін миллиардтаған ақша жұмсалды. Ендігі олар мұнан бас тарта алмайды. Алайда олар осылайша балаларға қажетті нәрсені үйрете алмайтынын түсінбейтін сияқты. Ешқашан мектепте сабақ беріп көрмеген министрі-экономист. Мамандар саны азайып кетті. Педагогикаға ешкімнің барғысы келмейді. Болғаны осы», – дейді 20 жылдық тәжірибесі бар мұғалім.

Өз сөзінде мұғалім қызының сабақтан қиналып келгенін көргенде пәтерін сатып, көшіп кеткісі келетінін айтты.

«Өмір бойы Қазақстанда тұрып келемін. Достарым, бар махаббатым Қазақстанда. Алайда қызым сабақтағы әділетсіздіктен кейін жылап келгенде пәтерімді сатып, жылдың дәл ортасында көшіп кеткім келеді. Мен ешқашан бұлай ойламаған едім… Бізде реформалардың бірінші, екінші, үшінші толқыны болды… Үлкен ұлым осы жерде университетті тәмамдады. Алайда қазіргі білім беру жүйесі шошытады. Оқу жылы аяқтала салысымен қызымды алып кетіп, құтқаруға бар күшімді саламын. Егер бізді ешкім ұстап отырмағаны туралы айтатын болсақ, тек орыстар ғана емес, қазақтар да кетіп жатыр. Уфаға, Қазанға. Әрине, еш жерде мінсіз жүйе жоқ. Алайда Ресейде мектептегі білім беру жүйесі мұншалықты сұмдық емес. Мемлекетте мектептердің «жойылып» жатқаны үшін білімсіз мамандар шығатынын бәрі түсінеді. Және бұл қорқынышты», – дейді Наталья Гебель.

 

Stan.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив