2019 жылғы ҰБТ: Нені білу керек

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ-ға қатысты 5 маңызды пункіні атады. Биылғы жылы тестіледен өту үшін нені білу керек?

Бұл туралы Аймағамбетов желідегі парақшасында жазды.

Ең алдымен, ҰБТ форматы өзгермейді, 5 пәннен 120 сұрақ болады. Максималды жауап – 140 балл. Қазақстан тарихы, математика, оқу сауаттылығы – міндетті пән және екі профильді пәннен сынақ алынады.

Екінші

2019 жылы қаңтардан бастап ҰБТ 4 рет өткізіледі. Қаңтар, наурыз, тамыз айында тест тапсырғандар ақылы оқуға түседі. Егер грантқа үміткер болса, маусым-шілде айындағы тестілеуден өтеді.

Егер талапкер қаңтар айында тест тапсырса, 1 ақпанда қабылдау комиссиясына барып, шартты түрде оқуға қабылдана алады.

Қаңтар айында алған 120 балдық сертификатымен грантқа тапсыра алмайды. Маусымда тест тапсырғандар да ақылы бөлімге оқуға түсе алады.

Үшінші

Қаңтарда ҰБТ үш категория бойынша жүзеге асады. 1. 11 және 12 сынып оқушылары. 2. Қыркүйек айында шартты түрде оқуға қабылданғандар. 3. Шығармашылық мамандықтардан өзге мамандыққа ауысқандар.

Наурыз айында тек 11-12-сынып оқушылары ғана ҰБТ тапсырады. Маусым-шілдеде грантқа үміткерлер тапсырады. Тамыз айында тестілеуден төмен балл жинап, ақылы бөлімге балы жетпегендер тапсыра алады.

Төртінші

Шығармашылық мамандықтан өзге мамандыққа ауысатындар енді екі пәннен тест тапсырады. Бұған дейін екі пәннен сынақ тапсырған жоқ. Сондықтан оның айырмашылық ақысын төлейді. Талапкерлерге сертификатымен бірге білім бағдарламалары жазылған қағаздар беріледі. Қанша грант саны бөлінген, былтырғы жылғы грант байқауының нәтижесі мен шекті балл алғандар көрсетіледі.

Бесінші

Жаңа классификатордың енгізілуіне байланысты гранттар білім беру бағдарламасына байланысты екі топқа бөлінеді. Мәселен, “Ақпараттық технология”. Оған Информатика, информациялық жүйелер, Блокчей, Биг т.б. жатады. Оған 1000 грант бөлінген. Бұл топты көрсеткендер арасында конкурс ойнатылады.

Талапкер осы топ арқылы грантты иемденген соң университетке тіркеліп, топ ішіндегі қалаған білім бағдарламасын таңдайды.

Stan.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив