Қазақстандық оқушылардың оқулықтарының салмағы қандай болуы тиіс

«Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова қазақстандық оқушылардың оқулықтарының салмағы қандай болуы керектігін айтты, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Бейбіткүл Кәрімованың сөзінше, Білім және ғылым министрлігі оқулықтардың салмағына қатысты шектеулер белгілеген.

«ҚР БҒМ бастамасы бойынша күнделікті оқу комплектісінің салмағына қатысты шектеулер белгіленген. Ол үшін 2018 жылдың қыркүйек айында «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелеріне өзгерістер енгізілген», - дейді Кәрімова.

Енгізілген толықтыруларға сәйкес, күнделікті оқу комплектісінің салмағы (ОӘК, оқулықтар, қажетті оқу-жазу құралдары):

1-3 сыныптардың оқушылары үшін – 1,5-2 келіден;

4-5 сыныптардың оқушылары үшін – 2-2,5 келіден;

6-7 сыныптардың оқушылары үшін – 3-3,5 келіден;

8-11(12) сыныптардың оқушылары үшін – 4-4,5 келіден аспауы тиіс.

Орталық директорының айтуынша, 2018 жылы шығарылған 3, 6, 8 сыныптарға арналған оқулықтар мен ОӘК көрсетілген нормаға сай келеді.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив