ҰБТ-ны қайталап тапсыратындар мемлекеттік гранттан үміттене алмайды — министр

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова биыл оқушылардың ҰБТ-ны төрт рет қайталап тапсыра алатынын айтты. Алайда тестіні қайталап тапсырған оқушы мемлекеттік грантқа үміткер бола алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының "Халық қызметшілері" бағдарламасына сілтеме жасап

Министр Күләш Шәмшидинованың айтуынша, биыл ҰБТ сұрақтарында және өткізу форматында өзгерістер болмайды. Сондай-ақ, түлектер көңілінен шығатын балл жинамаған жағдайда тестіні бірнеше рет қайталап тапсыра алады. 

"Осы күнге дейін болған сұрақтар сол күйі қалады. Бұл жылы өзгерістер енгізбедік. Қазір кім оқуға түскісі келеді, сол ғана ҰБТ тапсырады. Оқушы осылайша мемлекеттік грант туралы ақпарат жазылған сертификат алады. Ал тестіні қайталап тапсыру үшін 2 000 теңге төлейді. Бірақ ҰБТ-ны қайта тапсырған оқушы мемлекеттік гранттан үмітті бола алмайды. Биыл 4 ретке дейін ҰБТ тапсыруға рұқсат берілді", - дейді министр. 

Әрі қарай ол ауыл мен қала мектептерінде білім деңгейінің қандай екеніне тоқталды. Қазақстан мектептеріне білімнің жаңарған мазмұны енгізілгеннен кейін бірнеше мектепті жіті бақылауға алғанын айтты. Эксперимент барысында ауыл мен қала мектептері оқушыларының деңгейі тең екені анықталған. 

"Эксперименттің жүріп жатқанына 4 жыл болды. Осы уақыт ішінде қала мен ауыл мектептерінің жетістіктері өзара тең екеніне көзіміз жетті. Яғни біз енгізген жаңа бағдарлама кез келген жерде сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, сыныптағы ең білімсіз және үздік оқушының білім деңгейі арасындағы айырмашылық та қысқарған", - деп бөлісті Білім және ғылым министрі. 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив