Қазақстандық оқушылар әлем бойынша үздік деп танылды

Қазақстандық оқушылар әлем бойынша үздік деп танылды
Қазақстандық оқушылар әлем бойынша үздік деп танылды
Тестілеуге әлемнің бірнеше елінен мыңнан астам жоғары сынып оқушылары қатысқан. Назарбаев интеллектуалды мектебінен жеті оқушы байқауға қатысты. Математикадан SAT тестілеу нәтижесінде Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің екі оқушысы әлем бойынша үздік деп танылды.

Бұл оқу орнының оқушылары осылайша өткен жылғы үздік нәтижені қайталап отыр. Халықаралық SAT емтиханы дүниежүзі бойынша бір күнде, бір уақытта, тек қана ағылшын тілінде өткізіледі. Осы сынаққа қатысқан Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары Жәнібек Әли мен Тілес Өсербаев математика пәнінен ең көп 800 ұпай жинаған. Оларды ағылшын тілінде берілген математика сұрақтарына ұстаздары Майкл Малутши дайындаған.

«Бұл біздің оқушылардың әлем бойынша білім деңгейі жоғары екендігін дәлелдеді. Мектептің де мәртебесін көтерді. Оған қоса, Қазақстан үшін де бұл үлкен мақтаныш, зор жетістік – деп санаймын», – дейді Майкл Малутши.

Жәнібектің бұл жеңісі үлкен болашаққа жолдама болды. Енді ол Гарвард, Оксфорд және Кембридж секілді ең үздік оқу орындарында тегін білім алу құқына ие болып отыр. Жәнібектің айтуынша, бұл сынақтың өзіндік қиындығы болған, ағылшын тілін терең меңгеру қажет екен. Ал Жәнібек 9 сыныпқа дейін барлық материалдарды қазақша талқылап үйренген. Дегенмен, семейлік оқушылар білімдерін дәлелдеп бере алған

http://bnews.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив