Ұялы телефонның адам денсаулығына зиянсыз екені дәлелденді

Ұялы телефонның адам денсаулығына зиянсыз екені дәлелденді
Ұялы телефонның адам денсаулығына зиянсыз екені дәлелденді
АСТАНА. 10 желтоқсан. BAQ.KZ - Манчестер университетінің ғалымдары ұялы телефон мен электр таратушы желілерден шығатын электр магнитті толқындар адам денсаулығына зиян келтірмейді деп мәлімдеді. Бұл тақырыпта жасалған зерттеу жұмыстары жөнінде Journal of the Royal Society Interface ғылыми басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ғалымдар ұялы телефон электр магниттерінің бедеулік пен обыр, сондай-ақ балалардың аққан ауруын туғызуға қаншалықты әсері бар екенін зерттеді. Жалпы электр магнитті толқындар адам ағзасындағы ақуыздарды жояды деген мәлімет бар, сондықтан дәрігерлер де ұялы телефонмен ұзақ сөйлеспеуге кеңес береді.

Манчестерлік химиктер әлсіз магнит желісін флавопротеиндерге - яғни, жүйке жүйесі мен ДНК-ны қалыпқа келтіруде маңызды рөл атқаратын ақуыздарды зерттеп шықты. Нәтижесінде сәуле шығарудың, олардың қызметіне ешқандай әсері болмай шықты.

"Флавопротеиндер электрондарды бір жерден екінші жерге алмастырады. Сол кезде жылдам ыдырап кететін радикал бу пайда болады. Оның қатысуымен болатын биохимиялық реакция сәуле шығару магниттеріне әсер береді, бірақ ол адам ағзасында еш өзгеріс туғызбайды", - дейді зерттеу жұмысы авторларының бірі Алекс Джонс.

"Әрине, бұл мәлімдемеге толық көз жеткізу үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет, алайда сәуле шығаратын ұялы телефон немесе басқа да құрылғылардың адам денсаулығына зияны жоқ екенін жасалған жұмыс айқындап берді", - дейді тағы бір автор Найджел Скраттон.




Тенгри.кз

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив