Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны

Мұқағали Мақатаев – ғасыр  ақыны
Бестібек Бақытжан
3- сынып оқушысы
«№236 орта мектебі» КММ
Жарма ауданы Шуақ ауылы

Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны

Ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9- ақпанда дүниеге келді. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа –тұс келіп, алаңсыз балалық шақтың дәмін тата алмаған екен. Кішкентай кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең –жырға әуес болған.
Алғашқы өлеңдерін он-он бір жасынан бастап жаза бастаған Мұқағали атамыз көптеген тақырыптарға қалам сермеген ақиық ақындардың біріне айналды. Мұқағали атаның әр өлеңі өзінің мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманын өзіне баурап алады және ой салады. Мысалы:
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем ,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем -
деп ақын осы өлеңі арқылы өз Отанына, туған жеріне, еліне, қасиетті тіліне деген жүрек жарды сүйіспеншілігін білдірген. Осы өлеңін әдебиеттік оқудан жаттап, жатқа айтқан кезде менің бойымды патриоттық сезім билеп алғандай болды. Міне,ақынның құдіреттілігі осында екен ғой деп ойладым.
Абай атамыздан кейін қазақтың сөз өнерін қастерлеп, биіктен көрсеткен, «Артына өлмейтұғын сөз қалдырған Мұқағали атамыздың әсерлі жырлары әр қазақтың жүрегін жаулап алды. Сондықтан да осындай ақынына халқы «Ғасыр ақыны» деген ат берді.
Мұқағали атамыздың жырын тыңдайтын, сүйіп оқитын ұрпағы бар да ақиық ақынның мұрасы мәңгі жасайды, аты санамызда мәңгіге қалады.
«Ғасыр ақынының» 84 жасқа толар туған күнін өзі болмаса да, халқы ұмытпай атап өтеді.


0 пікірлер

Пікір қалдыру