Химиядан олимпиада есептерін шешу жолдары

ХИМИЯДАН ОЛИМПИАДА ЕСЕПТЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Қызылорда обл.
Сырдария ауд.
№130 Абай орта мектебі
Тұяқова Зиягүл Оразалықызы

Олимпиада есептерін шешу жолдары,9-сынып.

9-1.25% тұз қышқылы берілген заттардың қайсысымен әрекеттеседі?

1) Ba(NO3)2 2) Fe2O3 3) Zn(OH) 4)SiO2

5) AgNO3 6) KMnO4 7) Cu 8) Ag

Реакция теңдеулерін жазыңдар.

9-2.Мына заттар берілген: Al, MnO2, CuSO4(ер.), концентрлі тұз қышқылы.Осы заттардың арасында мүмкін болатын 4 реакция теңдеуін жазыңдар.

9-3.Калий сульфаты ерітіндісін алу үшін калий карбонатының есептелген мөлшерін 5%-к күкірт қышқылында ерітті. Калий сульфатының алынған ерітіндісінің массалық үлесін есептеңдер.

9-4.1 моль уротропинді оттектің артық мөлшерінде жаққанда 4212 к Дж жылу бөлінген. Егер уротропиннің осы мөлшерін жағуға 5,6 л оттек (қ.ж.) жұмсалса, қанша жылу бөлінеді?

9-5.Металл стронцийдің Х затымен реакциясы кезінде У газы бөлінді.Реакцияның қатты өнімінің 71% -ін стронций құрайды. Көлемі 2,24 л У газын (қ.ж.) массасы 2,5 г резина қабықшаға толтырды,шар ауада еркін ілініп тұрды,не құлаған жоқ,не көтерілген жоқ.Егер бұл қабықшаны қ.ж. 2,24,л Z газымен толтырса,онда шар сол көтерілу күшінде болады. У және Z газдарын анықтаңдар.

9-6.А металын,құрамында 72,4 % А заты бар өнім алынғанша ток ағынында

жақты. Алынған өнімді азот қышқылының 50% артық мөлшерінде ерітті.Алынған нитратты реакция аяқталғанша ауада суытты. Құрамында 70,0 % А заты бар оксид түзілді. А металын анықтап, реакция теңдеулерін жазыңдар.

А металының азот қышқылының артық мөлшерімен үш реакция теңдеуін жазып,реакцияның жүру жағдайын көрсетіңдер.

А металы мен оның оксидтері өндірісте қалай алынады?

Шешу жолдары.

9-1. Ba(NO)3 әрекеттеспейді.

Fe2O3 +6HCl =2FeCl3+3H2O; Zn(OH)2+2HCl =ZnCl2+2H2O

SiO2 әрекеттеспейді. AgNO3+HCl=AgCl+HNO3

2KMnO4+16HCl=2KCl+2MnCl2+8H2O+5Cl2

Cu+2HCl=H[CuCl2]+1/2H2; Ag +2HCl=H[AgCl2]+1/2H2 конц.тұз қышқылымен комплексті қосылыс түзіледі.

9-2.1) 2Al+6HCl=2AlCl3+3H2 2)3MnO2+4Al=t=3Mn+2Al2O3

3) 3CuSO4+2Al=3Cu+Al2(SO4)3 4) 4HCl(к)+MnO2=MnCl2+Cl2+2H2O

9-3. 1) K2CO3+H2SO4+H2O+CO2↑

2) 100г күкірт қышылында 5 г н/е n(H2SO4)=5/98=0,051моль

n(K2CO3)=n(H2SO4)= 0,051моль ; n(CO2)=n(H2SO4)= 0,051моль;

n(K2SO4)= n(H2SO4)= 0,051моль,

3)Зат массалары:

m(K2CO3)=nM=0,051×138=7,04г; m(K2SO4)=nM=0,051×174=8,87г;

m(CO2)=nM=0,051×44=2,24г.

4) Калий сульфатының массалық үлесі мен ерітіндінің массасы анықталады:

m(ер.)=100+7,04-2,24=104,8 г. W(K2SO4)=(8,87/104,8)x100%=8,5%.

9-4. C6H12N4+9O2=2N2+6CO2+6H2O+4212кДж.

1 моль уротропинге 9х22,4=201,6л оттек қажет

егер 5,6 л оттек жұмсалса,онда жанады: (201,6/5,6)=(1/x)

x=0,0276моль уротропин

бөлінген жылу 4212х0,0278=117кДж . Уротропин массасы 140х0,0278=3,89г.

9-5.У газының көтерілу күші:(2,24 л ауаның массасы)-(2,24 л Угазының массасы)=2,5 г.

2,9 г-мУ=2,5 г; 2,24 л У газдың массасы 0,4 г,яғни молярлық масса 4г.

Бұл гелийдің молярлық (атомдық) массасы,бірақ гелий -бұл Z газы,У газы емес,сондықтан

У-инертті газ емес,реакция өнімі.

Металл стронцийдің қышқылмен және сумен реакциясы кезінде сутек бөлінеді,сутектің молярлық массасы 2. У газы сутек емес,молярлық массасы 4-ке тең дейтерий D2 болуы мүмкін.

Оны мына реакциямен алуға болады: Sr+D2O=Sr(OD)2

тексереміз: Sr(OD)2-гі стронцийдің массалық үлесі: 88/124=0,71

9-6. Оксидтердің формуласы бойынша металды анықтаймыз.

Бір валентті металл үшін: (72,4/X)=(27,6/8); X=M1=21-жоқ;

M2=42-жоқ ; M3=63-жоқ;

Екінші оксид үшін қайталаймыз: (70/X)=(30/8); X=M1=18,7- жоқ;

M2=37,4-жоқ; M3=56-темір.

Онда екінші оксид Fe2O3, бірінші оксид-темір қағы Fe3O4.

Реакция:

3Fe+2O2=Fe3O4; Fe3O4+10HNO3=3Fe(NO3)3+NO2+5H2O

2Fe(NO3)3=Fe2O3+3N2+7,5O2(NO,NO2)

Барлық жүретін реакция:

8Fe+30HNO3=8Fe(NO3)3+3NH4NO3+9H2O

10Fe+36HNO3=10Fe(NO3)3+3N2+18H2O

8Fe+30HNO3=8Fe(NO3)3+3N2O+15H2O

Fe+4HNO3=Fe(NO3)3+NO+2H2O

Fe+6HNO3=Fe(NO3)3+3NO2+3H2O (домна процесі)

Добавить комментарий