«Толағай» отбасылық сайысы

Тақырыбы:  «Толағай»   отбасылық сайысы

Мақсаты: оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының
қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін
түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
• Дене шынықтыру залы тақырыпқа сай салтанатты безендірілген.
• «Толағай» отбасы сайысы- сабақ тақырыбы баннерда жазылып ілінген

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Отбасыларымызды шақырамыз.
( Музыка ойнап тұрады)

(Отбасылар шығады)   1.Жұмашевтар отбасы

  1. Уразгалиевтер отбасы
  2. Бакитовтар отбасы

Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңіздер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер!
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Бисенгалиева С.А
2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дакешев Н.К

3.Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Айжарикова Г.Т
Спорттық сайсымыз 5 баллық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасында

  1. Эстафета
  2. Қаппен секіру
  3. Көпсайыс
  4. Садақпен нысанаға ату

5.Доппен секіру

  1. Секір де домала
  2. Орнынан ұзындыққа секіру

8.Аяқ киім кию эстафетасы

9.Асық ату

 

-Топтың аты;
-үй тапсырмасы (отбасымен таныстыру 3- 5 минут, өздеріні таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды отбасымен көрсету;

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Мұғалім: Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
1 турымыз бірінші бөлімі отбасымен таныстыру

Мұғалім:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.

  1. Ал ендеше сайысымыздың бірінші бөлімі Эстафета деп аталады.
    Шарты: Эстафеталық таяқты алдымен әкелер кедергілерден өту арқылы аналарға ұсынады, ең соңғы болып балалар кедергілерден айналып жүгіреді. Шапшаңдық танытқан топ жеңіске жетеді.

2.Келесі сайысымыз Қаппен секіру деп аталады

Шарты: Қапты алғашқы боп әкелер киіп секіреді, келесі балалр секіреді, ең соңғы боп ойынды аналар аяқтайды. 

  1. Келесі үшінші бөліміміз Көпсайыс

Шарты: Ойынды аналар скакалкамен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалар да бақа сияқты секіріп анасының қасына барады, ал әкелер өрмекші жүрісі бойынша анамен баланың жанына барып, әке мен шеше баланы қолдарына отырғызып өз орнына қайтып оралуы қажет.

 

  1. Ал, келесі сайысымыз Садақпен нысанаға ату.

Шарты: 5 м қашықтықта шелек тұрады.Әр балаға бір-бір пияз беріледі. Белгі бойынша бірінші тұрған әкесі пиязды дәлдеп шелекке лақтырады, содан кейін анасы лақтырады, одан кейін баласы лақтырады.Пиязды бір қолмен ату.

  1. Ал, келесі сайысымыз Доппен секіру.

Шарты: Допты екі аяқтың ортасына қысып алып межеге дейін және кері қарай сол күйінде қайтып келіп отбасының келесі ойыншысына ұсынады.

Отбасының ересектері шарды баспен секіртіп кедергілер арасымен айналып жүріп келуі тиіс. Ал балалар шарды үріп жүріп кедергілерден айналып келу керек.

 

6.Келесі сайысымыз Секір де домала

Шарты:Орнынан секіргішпен 5 рет секіріп, секіргішті сол жерге тастап, әрі қарай жүгіріп, гимнастикалық төсеніштен жинақталып тоңқалаң асып, жүгіріп барып, торға доп лақтыру.

 7.Келесі сайысымыз Орнынан ұзындыққа секіру

Шарты: Орнынан ұзындыққа секіру.Белгіленген сызықтан орнынан тұрып секіреді.Келесі алдыңғы секірген орнынан жалғастырады.Ұзаққа секірген топ жеңеді.

  1. Келесі сайысымыз Аяқ киім кию эстафетасы.

Шарты: Командалардың алдына 10 м қашықтық жерге гимнастикалық төсеніш қойылады.Командалардың әрбір ойыншысы бір аяқ киімін шешіп, төсеніштің үстіне қояды.Командалардың мақсаты бір аяқпен төсенішке дейін секіріп барып, аяқ киімін киіп, тез жүгіріп қайтып, эстафетаны келесі ойыншыға беріп, мәреге жету.Ескерту: ойыншы міндетті түрде аяқ киімнің бауын байлауы керек.

9.Келесі сайысымыз Асық ату

Шарты: 5 м жерден қойылған 10 асыққа лақтыру.Әр ойыншы үш рет лақтырады.

Әділқазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!
Мараппаттау рәсімі!
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар-ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген
демеші бүгін алтын уақыттарын қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив