Физика 8 сынып. Жазық айна. Сфералық айналар.

8-сынып

Сабақ тақырыбы: §65,§66.  Жазық айна. Сфералық айналар.

Сабақ мақсаты:

1.Жазық айна, жазық айнадағы нәрсе кескінінің ерекшеліктері, сфералық айна, олардың негізгі сипаттамалары туралы оқушыларға түсінік беру.

  1. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
  2. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы қалай тұжырымдалады?
  2. Бұл заңды қандай құбылыстар дәлелдейді?
  3. Жарық сәулесі , жарық шоғы, нүктелік жарық көзі деген не?
  4. Жарықтың шағылу заңын тұжырымдаңдар.
  5. Айналық, шашыранды шағылу деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жарықтың шағылу заңдарының көмегімен жазық айнада кескіннің пайда болуын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).

   

Жазық  айнадағы нәрсе кескінінің ерекшеліктері: кескін жалған, тура , өлшемдері нәрсенің өлшеміне тең, нәрсе айна алдында қандай қашықтықта тұрса, кескін айнаның ар жағында сондай аралықта орналасады.

 

Сфералық айналар қасиеттері:

 

0-айнаның сфералық бетінің центрі, С-айнаның төбесі. Сфералық беттің О центрі мен С айнаның төбесі арқылы өтетін түзу сызық бас оптикалық ось деп аталады.

ОС сфералық айнаның R радиусы және  оның С нүктесіндегі бетіне түсірілген нормаль болып табылады. Ғ –айнаның фокусы. СҒ ойыс айнаның  фокус аралығы деп аталады.

Сфералық айнада нәрселердің кескіндері. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).

Ойыс айнадағы нәрсе кескіні:

 

Дөңес айна беретін кескіндер кішірейтілген, тура және жалған болады.

 

Дөңес айнаның фокусы жалған болады.

 

ІV. Есептер шығару:

Ж.О.Бақынов. Дидактикалық материалдар. Жарық құбылыстары:  №9, №12, №15.

V.Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма:§§65, 66.  28-жаттығу.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив