Физика 8 сынып. Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.

8-сынып

Сабақ тақырыбы: §67.  Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.

Сабақ мақсаты:

  1. Жарықтың сынуы, сыну бұрышы, жарықтың сыну заңы туралы оқушыларға түсінік беру.
  2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  • Жазық айнада қандай кескін алынады?
  • Жазық айнаның алдына биіктігі 2см А әрпі қойылған. Айнада не көрінеді?
  • Жазық айнадағы нәрсе кескінінің қандай ерекшеліктері бар?
  • Екі айна бір-біріне 900 бұрыш жасай орналастырылған. Мұндай күрделі айнаға қарап тұрған бақылаушы не көреді?
  • Айналық перикоптың құрылысы қандай?
  • Сфералық айна деген не?
  • Ойыс айнаның дөңес айнадан айырмашылығы қандай?
  • Сфералық айнаның негізгі сипаттамаларын атаңдар және сипаттаңдар.
  • Ойыс айнаның беретін кескінін сипаттаңдар.
  • Дөңес айнада қандай кескін алынады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сынуы деп атайды.

Жарықтың сыну құбылысын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).

Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты сыну бұрышы деп атайды.

 

Жарықтың сыну заңы:

  • Түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;
  • Түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген орта үшін тұрақты шама болып табылады:

 

n  шамасы сыну көрсеткіші.

Егер жарық шоғы бір заттан келесі затқа өткен кезде сынған сәуле перпендикулярға жақындаса, яғни сыну бұрышы түсу бұрышынан кем болса, онда екінші затты оптикалық тығыз деп атайды.

Ал, егер жарық шоғы бір заттан келесіге өткен кезде сынған сәуле перпендикулярдан алыстаса, яғни сыну бұрышы түсу бұрышынан үлкен болса, онда екінші затты оптикалық тығыз емес дейді.

Оптикалық тығыз емес заттың абсолюттік сыну көрсеткіші оптикалық тығыз заттыкінен кем болады.

ІV. Есептер шығару:

В.И. Лукашик: №1330, №1332,1347.

V.Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма:§§65, 66.  29-жаттығу. №4, №5.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив