Физика 8 сынып. Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Линзада кескін шығарып алу. Жұқа линза формуласы. Линзаның үлкейтуі.

8-сынып

Сабақ тақырыбы: §§70.71.72. Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Линзада кескін шығарып алу. Жұқа линза формуласы. Линзаның үлкейтуі.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға линзалар, олардың түрлері, линзаның оптикалық күші, линзада кескін алу үшін пайдаланылатын сәулелер,  линза формуласы, линзаның үлкейтуі
  2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарауды қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Линзалар деп екі сфералық немесе бір сфералық және бір жазықтықпен шектелген мөлдір шыны денелерді атайды. Линзалардың екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш.

Сыну беттерінің  пішініне қарай  бөлінетін линзалар түрлері:

Линзаны  шектеп тұрған сфералық беттердің С1, С2 центрлері арқылы арқылы өтетеін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды.

Оптикалық осьтің бойында линзаның центрінде жатқан О нүктесін линзаның оптикалық центрі деп атайды.

Линзаның центрінен фокусқа дейінгі ОҒ ара қашықтығы линзаның Ғ фокустық қашықтыы деп аталады. 2Ғ нүктесі екі еселенген  фокустық қашықтық деп аталады.

Линза фокусында бас оптикалық оське перпендикуляр фокустық жазықтық орналасқан.

Линзада кескін шығарып алу:

d –нәрседен линзаға дейінгі қашықтық,

f –линзадан кескінге дейінгі қашықтық.

.

Кескін шын , төңкерілген және кішірейтілген.

Кескін шын, төңкерілген және өлшемдері нәрсенің өлшемдеріне тең.

Кескін жоғалып кетеді.

 

Кескін тура, үлкейтілген,жалған .

Жұқа  линзада нәрсенің кескінін алу үшін сәулелердің мынадай қасиеттері пайдалануға болады:

  • Оптикалық бас оське параллель сәуле линзада сынғаннан кейін линзаның Ғ фокусы арқылы өтеді.
  • Линзаның оптикалық центрі О арқылы өткен сәуле одан сынбай шығады.
  • Линзаның А фокусы арқылы өтетін сәуле сынғаннан кейін оның бас оптикалық осіне параллель жүреді.

Жұқа линза формуласы:

Кескін өлшемінің h (биіктік) нәрсе өлшеміне Н (биіктікке) қатынасын сызықтық үлкейту Г деп атайды.

.

 

  1. Есептер шығару.

Ж.О.Бақынов. Дидактикалық материалдар. Жарық құбылыстары: А: №24,  №25, В: №1, №2, №7, С: №2, №3.

Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: : §§70.71.72.. 31-жаттығу. №1, №2, №4.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив