Физика 11 сынып. Күн жүйесіндегі кіші денелер. Күн жүйесінің шекарасы.

11-сынып.

Сабақ тақырыбы: §11.4. Күн жүйесіндегі кіші денелер. Күн жүйесінің шекарасы.

 Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға  астероидтар,  кометалар, метеориттер, күн жүйесінің шегі туралы түсінік беру.
  • Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор,  слайдтар, видеокассета.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  • Жер обындағы планеталардан алып планеталардың ерекшеліктері қандай?
  • Алып планеталар атмосфераларында күшті дауылды желдердің болу себептері неде?
  • Уран планетасы неге көгілдір жасыл түсті?
  • Планета аралық автоматты серік «Вояджер 1 және 2» арқылы алынған суреттердегі алып планеталардағы пайда болулар планеталардың беткі қабатына жата ма әлде олардың атмосферасына жата ма?
  • Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Марс пен Юпитер орбиталарының арасында пішіні бұрыс аспан денелері бар. Оларды астероидтар деп атайды.

 

1801 ж. Джузепе Пиации бірінші астероид –Церераны ашты.

Неміс математигі Гаусс  осы астероидтың орбитасын есептеп шығарды.

1802 ж.  Неміс дәрігері Ольберс  Паллада астероидын ашты.

1804 ж. Юнона, 1807 ж. Веста табылды.

Юпитер  орбитасы бойымен планетаның алдында және артында  қозғалатын  астероидтардың екі тобы бар: «Гректер» және «Трояндықтар».

Кейбір астериодтардың жарықтылығының периодты өзгеруі бұрыс пішінді, беткі қабаттарының тегіс емес екенін және өз осьтерінен айналатынын көрсетеді.

Астероидтарда атмосфера жоқ.  Астероидтардан кіші денелерді метеориттер деп атайды.

Кейбір астероидтар туралы  қызықты мәліметтер:

  1. Ең ірісі – Церера, радиусы 470 км;
  2. Тығыздықтары 2-8 г/см3 шамасында;
  3. Ең қара астероидтар 95 Аретуза мен Бамбергтің қаралығы көмірдей немесе күйедей;
  4. Күнге ең жақын келгендері: Икар және Фаэтон.
  5. 1977 ж. Ашылған Харон ең алыс астероид.
  6. Гаспра астероидының магнит өрісі тіркелді.

Гаспра астероиды

.

Кометалардың негізгі салмағы оның ядросында жинақталған.

Ол ядро кәдімгі мұздан, қатып қалған газдардан, қатты бөлшектерден, көмірқышқылының қоспасы бар су мұзынан, аммиактан және тозаңнан тұрады.

Күнге жақындағанда Күн сәулесінің әсерінен мұз еріп булана бастайды да ядроның жанында  газ-тозаңды бұлт пайда болады.

Кометаның жарық ағыны шамасының қашықтыққа байланысты өзгерісі :

Метеориттер ғарыш денелерінің үлгілері. Ірі метеориттер барлық планеталар мен олардың серіктерінің беткі қабаттарына құлағанда із қалдырады.

Күн жүйесінің шеткі аймағы туралы біздің мәліметтеріміз мардымсыз.

  1. Пысықтау.

Күн жүйесіндегі астероидтарды қай маңайдан кездестіруге болады?

Күн жүйесінде кемінде бір рет байқалған кометалардың тағдырлары қандай?

Қазіргі көзқарас бойынша Күн шегі қайда?

Жердің астероидпен немесе комета ядросымен соқтығысуы мүмкін бе?

Астероидтардың Күнді айнала қозғалысының орташа айналу периоды қандай?

VII.Қорытындылау.

VШ Бағалау.

Үйге тапсырма: §11.4  №11.4.1, №11.4.2.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив