Физика 11 сынып. Біздің галактика. Басқа галактикаларды ашу. Квазарлар.

11-сынып.

Сабақ тақырыбы: §12.1. Біздің галактика. Басқа галактикаларды ашу. Квазарлар.

 Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға  біздің галактика,  басқа галактикалар, квазарлар туралы түсінік беру.
  • Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор,  слайдтар, видеокассета.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Планеталар» тарауын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жұлдызды аспанның Солтүстік жарты шарындағы жай көзбен көрінетін барлық объектілер аспан денелерінің бір тұтас жүйесін – Галактиканы құрайды.

“Галактика” деген сөздік өзі грек тілінен аударғанда “сүтті” деген мағына білдіреді. Біздің галактиканың диаметрі шамамен 100 мың жарық жылы. Жұлдыздардың саны 200 млрд-қа жуық.  Олар Галактиканың жалпы массасының 98 пайызын құрайды. Қалған екі пайызын газ бен тозаң түріндегі жұлдызралық заттар.

Галактиканың сыртқы түрінің төтенше алуан түрлілігіне қарамастан, оларды бірнеше типке бөлуге болады: спиральды, элипстік және дұрыс емес(а,б).

  

Бұл сурет галактика әлемін зерттеген және осы салада маңызды жаңалықтар ашқан пионердің бірі Э.Хаббл ұсынған Хаббл камертонв деп аталатын – жіктеуді жаңғыртады.

 

Кейбір галактиканың ядроларында, олардың центрлерінде, сәуле шығарумен немесе кәдімгі жұлдыздардың жарылысымен түсіндіруге болмайтын ғаламат энергия мөлшерінің бөлінуі болады. Мұндай галактикалар активті ядросы бар галактикалар деп аталады.

Галактика центрінен ғарыштық жылдамдықтармен қозғалатын қуатты бөлшектер ағынының лақтырылуы болады. Осы ағындағы электрондар электромагниттік толқындардың ғаламат көздерін құрайды, мөлшері кейде галактиканың өз мөлшерінен көп есе артып кетеді. Бұл көз онымен салыстырмалы түрде симметриялы орналасады. Қуатты радиокөздері бар галактикаларды радиогалактикалар деп атайды.

 

1963 жылы жұлдызға ұқсас радиокөздің спектрінен сректрдің қызыл бөлігіне қатты ығысқан жұту спектрі анықталған. Бұл тек өте алыстағы объектіден болуы мүмкін. Ал бұл, оның жарқырауы аса жарық галактикалардың жарқырауынан 100 есе асып түседі дегенді білдіреді. Осыған ұқсас басқа объектілер ашылғаннан кейін, оларды радиосәулеленудің квазижұлдыздық көздерідеп аталады. Квазар алыстағы алып галактикалардың активті ядросы болып табылады.

Жұлдыздар өздерінің – шар тәрізді және шашыраңқы формалары бойынша, ал объектілердің санына қарай әр түрлі шоғыр құрайды. Шашыраңқы шоғырлардажұлдыздар салыстырмалы түрде онша көп емес: бірнеше ондаған жұлдыздан бірнеше мыңға дейін болады. Шашыраңқы шоғырдың ең белгілісі Торпақ шоқ жұлдызында көрінетін Үркер шоғыры болып табылады. Осы шоқ жұлдызы жарық Альдебаранның жанында әлсіз жұлдыздардың үшбұрышы – Гиады шоғыры тұр. Жеті қарақшыға жататын жұлдыздардың бір бөлігі де шашыраңқы шоғыры құрайды. Осы типке жататын шоғырлар Құс жолына жақын маңнан көрінеді.

Жұлдыздардың Галактикада орналасуы Құс жолы жазықтығына перпендикуляр жазықтықтағы оның құрылымын көрсететін сызбада көрсетілген. Суретте Күн мен Мерген шоқ жұлдызы бағытында тұрған Галактиканың орталық бөлігі орналасқан дискі, спиральдық жең және сфералық гало көрсетілген.

Жұлдыздардың өзіндік белгісі болып саналатын газтозаңдық кешендермен қатар Галактикада массалары әр түрлі, жұлдыздардың өмірінің соңында болатын процестердің нәтижесі болып саналатын жұлдыздар тобының басқа типтері байқалады. Олардың қатарына, ең алдымен планетарлық жұлдыздар тобы жатады, бұлай аталу себебі алыстағы планеталар – Уран мен Нептунның дискілері әлсіз телескоппен көрінеді.

 

  1. Пысықтау.
  • Галактика деген не?
  • Галактикаларды қанадй типтерге бөлуге болады?
  • Актив ядросы бар галактикалар деген не?
  • Радиогалактикалар деген не?
  • Квазарлар деген не?

VII.Қорытындылау.

VШ Бағалау.

Үйге тапсырма: §12.1.№12.1.1, №12.1.2.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив