Физика 11 сынып. Әлемдегі тіршілік пен сана.

11-сынып.

Сабақ тақырыбы: §12.4. Әлемдегі тіршілік пен сана.

 Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға  әлемдегі тіршілік пен сана туралы түсінік беру.
  • Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор,  слайдтар, видеокассета.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  • Ғаламдардың спектріндегі қызыл ығысу нені көрсетеді?
  • Температурасы  3К болатын сәуле шығару аясы неге реликтивтік деп аталған?
  • Егер галактиканың қашықтау жылдамдығы 1000 км/с болса, ол галактикадан Әлемге дейінгі қашықтық қандай?
  • Хаббл заңы нені растайды?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Х. Шепли теориясы бойынша:

  • Өмір тек планеталарда дами алады;
  • Қос, еселік жұлдыздар жүйесі емес тек дара жұлдыздар ғана тұрақты планеталарға ие болуы мүмкін;
  • Дара жұлдыздардың тек азған үлесі планеталар жүйесін түзетін эволюцияны бастарынан өткізе алады;
  • Тіршілік тек орбиталары дөңгелек немесе оған жақын болып келетін планеталарда ғана дами алады.
  • Тіршілік тек жұлдыздан тиісті қашықтықта жатқан планеталарда дами алады;
  • Тіршілік үшін су қажет, сондықтан тіршілік дамитын планета ұзақ уақыт бойы өзіндегі атмосфера мен гидросфераны ұстап тұруы үшін жеткілікті үлкен болуы қажет;
  • Атмосфера мен гидросыерада тіршілікке зиянды улы заттар болмауы керек.

Х. Шепли мынадай тұжырымға келді: миллиондаған планеталардың  біреуінде өмірдің дамуына қолайлы жағдай бар және осы айтылған шарттарды қанағаттандырады.

Сана деген не?

Болжамдар:

  1. Адамның санасы адам тілінің синонимі;
  2. Сана адамдардың танымдық қасиеттерінің бірі болғандықтан, сананың дамуы әр түрлі дәрежеге жете алуы мүмкін және оның кемшілігі мен жетістігі бар;
  3. Сана адамзат дамуының тұйық тармағы;
  4. Сана материядан тыс жоғарғы бір белгісіз күш арқылы пайда болады

Саналы өмір іздеудің тиімді жолы радиосигналдарды зерттеу.

Күн жүйесін зерттеудегі олқылықтарды жою үшін ғарышқа  «Вояджер», «Кассини», «Улисс» және т.б. автоматты зондтары ұшырылды. Автоматты кеме «Вояджер-2» Жерден 1977 ж. 20 тамызда Канаверал мүйісіндегі ғарыш алаңынан ұшырылды. Ол Нептун планетасына 12 жылдан кейін жетті.

 

  1. Пысықтау.
  1. Планетада қолайлы жағдай туғанда тіршіліктің пайда болуы барлық жағдайда мүмкін бе?
  2. «Сана» деген не?
  3. Қазіргі ғарыш кемелері арқылы басқа жұлдыздарға саяхат жасау мүмкін бе?
  4. Жердег тыс сана иелерімен байланыс жасау үшін қай дәрежеде дамыған сана иесімен байланыс жасаған дұрыс деп ойлайсыңдар: санасы бізден жоғары немесе төмен тұрғанымен?
  5. Сығыла бастаған Әлемде тіршілік болуы мүмкін бе?
  6. Жақын арадағы 100 жыл ішінде Жердегі цивилизация қалай дамуы мүмкін?
  7. Ғарыш Әлеміне бірінші ұшқан кім?
  8. Ай бетінде бірінші болған кім?
  9. Ғарыш кеңістігіне бірінші шыққан кім?
  10. Бірінші ғарышкер әйел кім?
  11. Юпитердің қай серігінен су табылды?
  12. Қазақстандық ғарышкерлерді атаңдар.

VII.Қорытындылау.

VШ Бағалау.

Үйге тапсырма: §12.4.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив