Физика 11 сынып. Әлемнің осы күнгі бейнесі.

11-сынып.

Сабақ тақырыбы:  Әлемнің осы күнгі бейнесі.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға  әлемнің осы күнгі бейнесі туралы түсінік беру.
  • Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор,  слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Астрономияның даму процестері жайлы әнгімілеп беріңдер.
  2. Амтрономияда жаңадан ашылған соңғы жаңалықтар жайында әңгімелеп беріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Физика дегеніміз – материяның ең қарапайым қозғалыс түрлері туралы ғылым.

Физиканың егізгі мақсаты – материя неден құралады деген сұраққа жауап беру.

Әлемнің біртұтас бейнесін жасамақ болып талпынған алғашықдардың бірі – Исаак Ньютон. Ньютон бойынша әлем қатты, салмақты ештеңені де өткізбейтін қозғалмалы бөлшектерден тұрады. Бөлшектрдің қозғалысы Ньютон ашқан негізгі қозғалыс заңдарына бағынады. Әлемнің механикалық бейнесінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңына, гравитациялық өзара әрекеттесуге үлкен орын берді.

Бірақ әлемнің  механикалық бейнесі электромагниттік құбылыстарға билігін жүргізе алмады.

Дж. Максвелл электромагниттік әрекет өзара әрекеттің тіптен жаңа түрі екенін көрсетті.

Максвелл Әлемнің біртұтас электромагниттік бейнесін жасауға тырысты.

Бірақ табиғатта өтіп жатқан барлық құбылыстарды электромагниттік  процесс деп қарастыру нәтиже бермеді.

Өзара әректтесулері электромагниттікке бағынбайтын бейтарап бөлшектер табылды. Өзара әрекеттесудің жаңа түрлері: күшті және әлсіз әрекеттесулер ашылды.

әлемнің денелерін түзетін атомдар барлық жерде бірдей. Атомдардың ядролары мен электрондарының арасындағы өзара әрекеттесу электромагниттік өріспен іске асырылады.

ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында бірнеше жылдың ішінде ескі көзқарастармен үйлеспейтін бірқатар жаңалықтар ашылды, олар жаңаша көзқарастарды талап етті.

Әлемнің қазіргі бейнесінің негізгі ерекшеліктері. Материя.

  1. Теориялық әлемде үш құрылымдық аймақты бөліп көрсетуге болады: микродүние, макродүние,  мегадүние.

Микродүние: кеңістік аумағы 10-8 м және одан кіші; негізгі объектілері –молекулалар, атомдар және оларды түзетін элементар бөлшектер; өазар әрекеттесудің негізгі түрі –электромагниттік, күшті және әлсіз әрекеттер.

Макродүние: кеңістік аумағы 10-8-10-20 м; негізгі объектілері планеталар және олардың серіктері, Жер бетіндегі бізді қоршаған денелер, жұлдыздар және жұлдыздар жүйелері; негізгі өзара әрекеттесу түрлері – гравитациялық және электромагниттік әрекеттер.

Мегадүние: аумағы 1020 м және одан артық; негізгі объектілері галактикалар және метагалактикалар; негізгі өазара әрекеттесуі – гравитациялық және электромагниттік әрекеттер.

  1. Материялық объектілердің құрылымдық элементтері – элементар бөлшектер, олардың арасндағы өзара әрекеттесулер объектердің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Элементар бөлшектердің маңызды қасиеті – олардың бір-біріне айнала алатыны, әрі өзара түрленулер олардың бөліктерге бөлінуі емес, шын мәнісінде бірінің жоғалып, екіншісінің пайда болуы.
  2. Макродүние деңгейінде материяның негізгі екі түрін –зат пен өрісті бөліп көрсетуге болады. Олапдың айырмашылығы заттық объектінің жарық жылдамдығынан кем болатын кез келген жылдамдықпен қозғала алатына, ал өріс болса, тек белгілі бір жылдамдықпен –жарық жылдамдығымен ғана қозғалады.Заттық объектінің  тыныштық массасы нөлден өзгеше, ал өріс үшін ол нөлге тең. Өріс пен зат бір-біріне түрлене алады.
  3. Материялық объектілерге корпускулалық-толқындық дуализм тән.

Өзара байланыс және өзара әрекеттесу.

  1. Гравитациялық өзара әрекеттесу.
  2. Электромагниттік өзара әрекеттесу.
  3. Күшті өзара әрекеттесу.
  4. Әлсіз әрекеттесу.

Материяның қозғалысы.

  1. Материя үздіксіз қозғалыста болады.
  2. Материяның қозғалыс түрлері сапалық жағынан әр түрлі және олар бір-біріне келтірілмейді.
  3. Материяның қозғалыс түрлері өазар байланысты және бір-біріне түрленеді.
  4. Материяның бір қозғалыс түрі өзара әрекеттесу кезінде жоғалып кетуі де, басқа түрге айналуы да мүмкін.
  5. Материяны қозғалыстан ажыратуға болмайды.

Кеңістік пен уақыт осы күнгі әлем бейнесіне сәйкес салыстырмалы, өзара

байланысты, материяға және қозғалысқа тәуелді.

  1. Пысықтау

VII.Қорытындылау.

VШ Бағалау.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив