Физикалық факультативті тиімді ұйымдастырудың шарттары

Алматы қаласы, Бостандық ауданы
№70 орта мектебі
физика пәні мұғалімі
ПЕРДЕБАЕВА МӨЛДІР НҰРҚАБЫЛҚЫЗЫ

Факультативті курс немесе факультативті сабақ (фр. facultatif – лат. facultas – «мүмкіндік»)  – оқушы немесе студенттің таңдауымен  мектепте немесе жоғарғы оқу орнында өткізілетін міндетті емес оқу курсы.

Факультативтік сабақтар – оқушылардың білімін олардың қажеттіліктеріне, қабілеттеріне, сұраныстарына  сәйкес белгілі бір оқу пәндері бойынша тереңдету, дамыту мақсатында сабақтан тыс оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы.Факультативтік сабақтар оқушылардың ой–санасының дамуына, пәнге деген белсенді танымдық  қызығушылығының қалыптасуына, оқушылардың зерттеу қызметіне деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді.

Факультативтік сабақтар міндетті сабақтар мен қосымша сабақтар арасындағы белгілі бір ережелерді сақтауды қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар арқылы өткізіледі.Аталмыш факультативтік сабақтардың тізімін бекітерде тек оқушылардың  және ата–аналардың жеке қалауымен ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беретін орынның мүмкіндіктері де ескерілуі тиіс.

 

Кесте 1 – Физикалық факультативті ұйымдастыру

 

Мақсаттары:

Оқушылар бойына «физика және техника» ғылымдарына деген шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, деңгейлік есептер шығару

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрсету мақсатында  семинар сабақтарды ұйымдастырып беру

Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу

Физика пәнінің информатика, технология саласындағы жетістіктерін ұғындыру, компьютерлік бағдарламалар арқылы физиканы үйрену әдістерін меңгерту

 

 

 

Кесте 2 – Физикалық факультативті ұйымдастыру міндеттері

 

Міндеттері:

Пәнге деген қызығушылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыру

Оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігіне көз жеткізу

Негізгі мектепте қалыптасқан ақпараттарды кеңейту және жетілдіру

Сабақ барысында алған білімдерін түрлі жағдайларға қолдану және дамыту (рефераттар, зертханалық жұмыстар)

 

Сабақ пен пәндік бағыттағы факультативтік сабақтың арасында өзара айырмашылықтар бар (кесте 3) .

Факультативтік сабақтарды ұйымдастырудың сапасын бағалау.

Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру жұмыстарын бақылау келесілерді қажет етеді:

  • сабақ формасын таңдаудың мақсаттылығы және сабақты өткізудің тиімділігі;
  • сабақты өткізу барысындағы оқушылардың белсенділігі;
  • оқушылардың сабаққа толық қатысуы.

Сабақтың өткізілу тәртібі:

Факультативтік сабақтар    оқу орнының директорымен бекітілген сабақ кестесіне сәйкес сабақтың алдында немесе сабақтан соң өткізіледі.Егер де факультативтік сабаққа арналған уақыт тарификацияға сәйкес 0,5 апта сағатына сәйкес келетін болса, онда екі аптада бір сабақтың өткізілуіне жол беріледі.

Факультативтік сабаққа қатысушылар саны 5 адамнан аз болмауы керек. Аталмыш сабақтар кәдімгі сабақтардан айырмашылығы болуы керек: факультативтік сабақтарда оқушыларда өз беттілікке, шығармашылық қасиеттерін көрсетуге, өз пікірін айтуға, өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндіктері болуы абзал .                 

 

 

Кесте 3 – Сабақ  пен  пәндік  бағыттағы  факультативтік  сабақты салыстыру

Салыстыру

белгілері

Сабақ

Факультативтік

сабақ

Оқу жоспарындағы статус

Міндетті сабақ

Қосымша сабақ

Мақсатты бағдар

 

Оқушылардың жалпы білімді дайындығы

Пән бойынша жоғарғы деңгейдегі дайындық

Оқумазмұны

 

Базалық деңгейбағдарламасыменанықталады

Факультативтік сабақтар бағдарламасыменанықталады.

Оқушылардыңоқууәждемесінің (мотив) деңгейі

Жоғарыемес (кейкезде)

Жоғары, себебіоқушы таңдауыменсәйкескеледі

Бағдарламаларжәнеоқуәдістемелері

Мемлекеттікбағдарламалар

Авторлықбағдарламалар, оқу әдістемелеріқолданылуы мүмкін

Оқушылардың  оқудағыжетістіктерінбағалау

Бағақоюарқылы

 

Бағасызоқыту, өзін–өзібағалаудыңқұралдары мен үрдістері

Өткізууақыты

Негізгі сағаттарлегінде

Сабаққадейіннемесесабақтансоң

 

Жалпы кәсіби бағдар беру бойынша факультативтік сабақтарды мектеп оқушыларына сабақтан тыс уақытта өткізуді мақсат еттік. Сабақтан тыс уақытта оқушылар өздерінің пәнге деген қызығушылықтарын арттырады деген сенімдеміз.

Кез келген басқа жалпы білім беретін сабақтар сияқты факультативтік сабақтар да білім берудің жалпы дидактикалық принциптеріне сәйкес құрылады.Оқылатын пәннің жүйесіне сәйкестік, мазмұнның ғылымилығы, осы кезге дейін қолданылып келген курстардың шекарасын кеңейту, оларды тереңдету, іс-әрекеттің практикалық бағыттылығы, пәнішілік, пәнаралық сипатта болуы, дамытушылық тұрғыда құрылуы, оқушылардың жастық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі.

Факультативтік сабақ мазмұнын таңдау кезінде міндетті түрде мақсаттары мен міндеттерін негізге алып, физиканы оқуға деген қабілетін дамытудың көзделуі негізгі мақсатқа айналады.

Пән бойынша факультативтік сабақтарды іске асыру барысында келесі міндеттер шешіледі:

  • пәндік сынақтарды өткізу;
  • оқушының бұл бағдарға қатысты мүмкіндіктеріне баға беру, таңдалған пәнді тереңдетілген деңгейде игеруге дайындығын анықтау;
  • бағдар іс–әрекеттерінің құрам бөліктерімен танысу;
  • базалық пәндік білімді кеңейтіп, толықтыру, таңдау бойынша емтиханға дайындалуына жағдай жасау;
  • оқушыларды берілген бағдарға сәйкес келетін іс–әрекет түрлерімен таныстыру.

Пәнаралық факультативтік сабақтар дәстүрлі оқу пәндерінің бір–бірімен байланысын қамтамасыз етеді.Олар мектеп оқушыларын бірқатар пәндер бойынша білімдерінің синтезін талап ететін кешенді мәселелер және міндеттермен, сонымен қатар оларды әртүрлі кәсіби салаларда шешу әдістерімен таныстырады.Ұйымдастырылған факультативтік сабаққа төмендегідей міндеттер қойылады:

  • оқушылардың білімін жаратылыстану физикалық бағытта жалғастыруына бейімдеу;
  • оқушылардың икемдерін, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту;
  • әлемніңинтегративтібейнесінқалыптастыру.

Факультативтік сабақ мазмұнын меңгерту барысында оқушыларға үнемі өзіндік жұмыстар орындату жағына баса көңіл бөліну.Физика пәні бойынша факультатив сабақтар ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарымен және заңдылықтарымен танысуға, физиканың теориялық, тәжірибелік және компьютерлік  әдістерін тереңірек игеруге арналады.Факультатив сабақтар окушының физика ғылымына қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, ой–өрісін арттырады.

Факультатив сабақтардың мазмұны мектептің негізгі оқулыктарының мазмұнына сәйкес келеді, түбipi бip мәселелер кеңінен, соңғы жаңалықтар тұрғысынан қарастырылады. Мысалы, электродинамика бөлімімен қатар шала өткізгіштер, плазма түсініктері,  ал оптика курсымен қатар лазер, голография түсініктері баяндалады. Факультатив сабақтар үшін арнаулы оқу құралдары (орыс, қазақ тілдерінде) жазылған.

Жалпы факультативпен қатар арнаулы (кәсіптік бағдарлау қажеттілігіне, педагогикалық коллективтің мамандану мүмкіндігіне байланысты) факультатив сабақтар ұйымдастырылуы мүмкін.Көп жағдайда арнаулы факультатив олимпиадалық есептер шығаруға математика, электроника негіздерін үйретуге арналады .

Ұйымдастыру құрылымы –  жеке және ұжымдық субьектердің жиынтығы, олардың арасында факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу жауапкершілігі мен міндеттері анықталған.

1) жоба қызмет бөлімі:            

  • оқушылармен олардың заңды өкілдерінің қажеттіліктерін тану;
  • факультативтік сабақтарды өткізу сағаттарын бөлу;
  • факультативтік сабақтар бағдарламасын жүйелеу және дайындау;
  • факультативтік сабақтарды өткізу мен ұйымдастыру тиімділігін бағалау механизмі мен критериилерін дайындау.

2) жүзеге асыру бөлімі:

  • факультативтік сабақтардың жарты жылдық кестесін құрастыру;
  • факультативтік сабақтарды қосымша білім жүйесінде функциялау.

3) мониторинг және бақылау бөлімі:

  • оқушылардың факультативтік сабақтарға қатысуын қадағалау;
  • факультативтік сабақтардың күнтізбелік–тақырыптық жоспарын орындау;
  • факультативтік сабақтарды өткізу сапасын үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету.

4) рефлексивті қызмет бөлімі:

  • факультативтік сабақтарды ұйымдастыру бойынша оқушылар арасында сауалнама жүргізу;
  • факультативтік сабақтарды өткізудің қорытындысы бойынша мұғалімдермен әңгімелесу;
  • факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу барысындағы туындаған негізгі мәселелерді анықтау;
  • факультативтік сабақтарды ұйымдастыру үрдісін дамытуға жағдай жасау.

Факультативтік сабақтарды өткізу сапасының критериилері:

1)  сабаққа уақытылы қатысу;

2)  оқушылардың әртүрлі конкурстарға, пән олимпиадаларына, конференцияларға қатысуы;

3)  оқушылардың  қызмет деңгейі (зерттеушілік, шығармашылық, жартылай шығармашылық, репродуктивті);

4)  оқушылардың сабақты ұйымдастыру жұмысымен қанағаттануы;

Оқу процесі тиімді болуы үшін келесі критерилерге жауап беруі керек:

а) мазмұны, құрылымы мен логикалық функцияландырылуы оқытудың сапалы және тиімді шешімдері, тәрбиелеу және оқушылардың дамуы мемлекеттік оқу бағдарламаларының шарттарының жоғарғы деңгейде орындалуы оқуышының мүмкіндіктерін кеңейтеді;

б) оқу жоспарына сәйкес сыныптық сабақтарда қойылған мақсаттарға жету үшін уақыттың шығынын азайтуды қамтамасыз ету, сондай–ақ оқушылар мен оқытушыларға үй жұмысын беру барысында олардың сабаққа жалықтырмауын қамтамасыз ету керек.

Оңтайландыру бірнеше деңгейлерден өтуі мүмкін, оқыту үрдісінің күтілген нәтижесіне байланысты үлкен немесе кіші, кең ауқымды немесе тар ауқымды өтуі мүмкін.

0 пікірлер

Пікір қалдыру