Қатынас ыдыстар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: №70

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Пердебаева Мөлдір

Сынып: 7 «ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы:

The theme of the lesson:

 

1.Қатынас ыдыстар.  

 

2.Сommunicating vessels.

 

 

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


Learning Objectives Available in This Lesson (Link to the Curriculum)

•      Қатынас ыдыстардағы қысымның таралуын білу және түсіну.

 

•      Give examples of the use of communicating vessels.

 

Сабақ мақсаттары:

 

•      Қатынас ыдыстардың не екенін білу;

•      Қатынас ыдыстарға  құйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсіну;

•      Қатынас ыдыстарға  құйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсіну;

•      Су құбырының жұмыс істеу принципін түсіну.

 

Жетістік критерийлері

•      Қатынас ыдыстардың не екенін білу;

•      Қатынас ыдыстарға  құйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсіну;

•      Қатынас ыдыстарға  құйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсіну;

•      Су құбырының жұмыс істеу принципін түсіну.

 

Тілдік 

мақсаттар

 

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек.

 Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Сөздік

 

Қазақша

Ағылшынша

Қысым

Pressure

Беттің ауданы

the area of the surface

Қатынас ыдыстар

communicating vessels

Су құбыры

water pipes

Паскаль заңы

The Pascal Law

 

Сұйықтың қысымы

Liquid pressure

 

Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды адамгершілікке,  патриоттық сезімді бойларына сіңдіру.

Пәнаралық байланыстар

Математикамен байланыс арқылы математикалық есептеулерді дұрыс жүргізуді, график салуда масштаб сақтауды жүзеге асыру

АКТ қолдану дағдылары

Презентация және  http://www.sabaqtar.kz/ сілтемесін

АКТ көмегімен ұсыну

Бастапқы білім

Primary education

 

Қысым. Паскаль заңы. Сұйықтың қысымы

Pressure. The Pascal Law. Liquid pressure

Сабақ барысы → Course progress

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин

 

Топтық жұмыс


Group work

Мұғалім: Ұйымдастыру кезеңі.

Жай мұғалім  – хабарлайды,                                                                                                                                          Жақсы  мұғалім  түсіндіреді,                                                                                                                                   Керемет  мұғалім  көрсетеді,                                                                                                                                                   Ұлы мұғалім  –  шабыттандырады.

 

(Уильям  Уорд).                                                                                                    

Сабақ барысында оқушыларды 2 топқа бөледі.Топтың атаулары қазақ тілінде,ал топтық ұран ағылшын тілінде болады.

1-топ:  Инерция

2-топ: Деформация

Инерция тобының ұраны: «One for all and all for one!»

Деформация тобының ұраны: «Knowledge is power

Үй тапсырмасын тексеру. «Еске түсіру» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын қайталаймыз.

№1. Тапсырма:Цилиндр тәрізді әртүрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?

Жауабы: Бірдей болмайды, себебі қысым күші сұйық бағанының биіктігіне және тығыздығына тәуелді болады.

№2. Тапсырма:Қысым дегеніміз не?Қысымның өлшем бірлігі:

Жауабы: Қысым дегеніміз белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама р= F/S;Қысымның өлшем бірлігі: Н/м 2; Па

№3. Тапсырма: Сұйық бағанының ыдыстың табанына түсіретін қысымының формуласы.

Жауабы: р = ρ g Һ

 

№4. Тапсырма: Теңіздің 10900 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын табыңдар. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3 ;

 

 

5. Тапсырма:

Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар? Теңіз суының тығыздығы:1030 кг/м3 .

 

 

Сабақтың ортасы 

 18 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа тақырып. «Білімділік» стратегиясымен жаңа тақырыппен танысамыз.

Осы сурет арқылы нені түсінуге болады?


What does this picture mean?

не себепті бұл ыдыстардағы сұйықтың деңгейі барлық бөліктерінде бірдей?                                         

  Оқушылар: Үй тұрмысындағы ыдыстар.Өйткені қысым барлық ауданға түседі.

Home-made dishes.

Мұғалім: Қатынас ыдыстар деп екі ұшы ашық орталары жалғасқан ыдыстарды айтады.

The accessible containers refer to the containers in which the open ends of the two ends meet.

 

 

Мұғалім: Қатынас ыдыстардың қасиеттері

•      Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады.

 

Оқушы: Осы ыдыстарға құйылған ыдыстағы судың деңгейлері бірдей биіктікте болатынын айтады.

Мұғалім:

•      Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады.

Мұғалім: Сұйықтардың тепе-теңдік шарты:
                        p1 = p2 = p3 = …= pn

•      Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.

 

Қ     Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйықтықтардың бағандары биіктіктерінің қатынасы  олардың тығыздықтарының қатынасына кері пропорционал болады:

 

Су құбыры - бұл күрделі қондырғы. Оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын бір орталықтан сумен қамтамасыз етеді. Тұрмыстық су құбыры тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді, заводтар мен мекемелердегі адамдардың тұрмыстық қажетін қанағаттандырады. Өнеркәсіптік су құбыры тек қана өндірістік және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады.Оған мынадай тәжірибе жасап көз жеткізуге болады. Шыны түтіктердің біреуін бүйірінде шүмектері бар түтікпен жалғастырып, түтіктерге су толтырамыз. Сонда бірінші түтіктегі судын деңгейінен төмен орналасқан кез келген шүмектен су ағатын болады. Су қоймасынан мұнара үстіндегі ыдысқа су сорғы арқылы құйылады. Ол өз жолында су жинағыштан, тұндырғыштан, сүзгіден өтеді.

«Communicating vessels» видео ағылшын тілінде көрсетіледі.Ағылшын тілінде тәжірибе көрсету.

 

Equal

Water

Oil

Glass tubes

Different

Fluids

Filling

 

 

Тең

Су

Май

Шыны түтіктер

Әртүрлі

Сұйықтар

құю

«РАФТ». Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

 

Сабақтың соңы

5 минут

 

 «Миға шабуыл » стратегиясы бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз:

Қ-   Қатынас ыдыстардың әр тармағына әртүрлі сұйықтар құйылса, олардың деңгейі қандай болады?

А- Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласын?

Т- Қатынас ыдыстар дегеніміз не?

Ы-Қатынас ыдыстарды қандай тұрмыстық бұйымдарда пайдаланады?

Н-Қатынас ыдыстардың қандай пішінділері болады?

А-Шәйнектер қатынас ыдыстарғы жатама?

С-Су құбыры дегеніміз не?

 

Ы-Қандай су құбырларын білесің?

Д-Мұнарадағы таза су жиналатын ыдысты не деп атаймыз?

Ы-Су құбырының мұнарасы неліктен ең биік жерге салынады?

С-Су құбырының жұмыс істеу принципі неге негізделген?

Т-Бізге су құбырлары не үшін қажет?

А-Алматыда қай жылы су құбыры салынды?

Р-Қай жылдан бастап су құбырын жоспарлы түрде дами бастады?

Қорытынды:Сабақ барысында оқушылыр жаңа тақырыппен танысып,жаңа терминдер білді.Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін білу міндет.Сабақты екі тілде өтіп,тілді меңгеруі тез қарқынмен үйреніп алуға көмектеседі.

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық  оқушылар: Бүгінгі игерген материалдар келесі сабақтардың негізі болатындықтан, тақырып бойынша теориялық білімдерін  барлық оқушыда қалыптастыру.

Оқушылардың басым бөлігі: қатынас ыдыстарды және оның түрлерін біледі және ажырата алады. алады. Қатынас ыдыстардың формуласын пайдаланып есеп шығара алады.

(1) Алдағы тақырыптың түсінуін.

(2) Үй жұмысының орындалуын.

(3) Жаңа тақырыпты меңгеруде пікірталастарға қатысып отыруын.

(5) Сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған есептерде ойлау операцияларын қолдануы.

 

 

 

Оқушы құрал-жабдықтар мен жұмыс жасағанда өздерінің және басқалардың денсаулығына, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарау.

Алынған нәтижені талқылау барысында креативті, сыни тұрғыдан талқылау. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс  жасауы, мұғаліммен біріге отырып  жаңа білім алуға әрекет етуі олардың өзара , және мұғаліммен қарым қатынасын нығайтады,Олар өз пікірін айтуға дағдыланады.Тілдік дағдылары қалыптасады.

Сабақ бойынша рефлексия

 2 минут

 

INSERT немесе түртіп алу стратегиясы – түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» – білмеймін, «-» – мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды – деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.

«v»

«+»

«-»

1.

2.

3.

 

 

 

Сабақты қорытындылау:

Бүгінгі сабақ бойынша оқушыларды бағалау.Қай топта көп смайлик жинаған оқушыларға жақсы баға қою.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: : Оқушылар белсенді сұрақтарға жауап беріп отырды.

 

2: Тақырыпты оқушылар белсенді түрде ойларын айтып, аша білді.

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың қызығушылығын оятатындай жұмыстардың жасалуы.

 

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

1: Жұптық тапсырма  кезінде оқушылардың деңгейлеріне байланысты бөлу.

 

Үйге тапсырма:§25. 4.3 жаттығу,практикалық тапсырма орындау.

                       

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив