Толық тізбек үшін Ом заңы

Физика

Сабақ 68

27.02.2019жыл

 

Сабақтың аты

§9,5 Толық тізбек үшін Ом заңы

Жалпы мақсаты

Толық тізбек үшін Ом заңы жайлы мағлұмат беру

Оқушылардың электр тогы, ток күші мен тығыздығы ,кедергі, тізбектің бөлігі үшін Ом заңы, электр тізбегі және оның элементтері ұғымдарын  меңгеруі, өз бетінше есеп шығару және шығару жолын дұрыс жазу дағдысын қалыптастыру.

 

Күтілетін нәтиже

Толық тізбек үшін Ом заңы жайлы мағлұмат алады

Толық тізбек үшін Ом заңының формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

Сабақтың аты

§9,4  Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей  және параллель жалғау

 

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Топқа бөлу

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Керекті құрал жабдықтарын әзірлетемін.

Сабаққа керекті құралдарын әзірлеп, дайындайды. Бір – бірлеріне жақсы тілектерін айтады.

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Бағалау парақшасымен таныстыру

Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген.

Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады

Үй тапсырмасын пысықтау

 

Топтық жұмыс  Қайталау есептері

   Тест сұрақтары

1.Тізбектеп қосуда қандай шама тұрақты болады?

         а) I                      ә) U                              б) R

 

2. Параллель қосқанда ток күші қалай өзгереді?

        а) I =0                  ә)  I =  I1 + I2                б) I =  I1 - I2

 

3. Тізбектеп қосқанда толық кернеу неге тең?

         а) U = U1 + U2     ә) U = 0                       б) U = U1 -U2

4. Параллель қосқанда тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?

        а) артады           ә) кемиді                   б) өзгермейді

5. Тізбектеп қосқанда тізбектің жалпы кедергісі неге тең?

        а) R=0                   ә) R = R1 + R2           б) R = R1 - R2  

6. Параллель қосуда қандай шама тұрақты болады?

         а) I                        ә) U                             б) R

 

7. Тізбектеп қосуда жалпы кедергісі қалай өзгереді?

         а) артады           ә) кемиді                   б) өзгермейді

8. Тізбектегі ток күші барлық жерде бірдей болса, өткізгіштер қалай қосылады?

        а) параллель        ә) тізбектей           б) аралас

9. Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?

       А) 6 Ом    ә) 5 Ом      б)  1,5 Ом

10.  Металл өткізгіштердің температурасын арттырғанда ток күші қалай өзгереді?

       А) Кемиді    ә) Өзгермейді         б) Артады

Тест жауаптары:     1 – а, 2 - в, 3 – а, 4 - в, 5 - в, 6 - в, 7 – а, 8 – в, 9 – в, 10 – с

Графикалық диктант (Сұрақтарға "иә", "жоқ" сөздері арқылы жауап беру) 
1. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы кернеу деп аталады.(Иә) 
2. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі- Ом ; (Жоқ) 
3. 1 Ом- ұштарының арасындағы кернеу 1В болғанда, бойынан 1А ток өтетін өткізгіштің кедергісі. (Иә) 
4. Ток күшін өлшейтін құрал - амперметр. (Иә) 
5. Берілген өткізгіштің өз бойымен өтетін токқа кедергі жасамайтын физикалық шама - кедергі деп аталады. (Жоқ) 
6.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы: I= U* R ; (Жоқ) 
7. Вольтметр тізбекке тізбектей жалғанады. (Жоқ) 
8. Кедергіні өлшейтін құрал - вольтметр . (Жоқ) 
9. Кернеудің өлшем бірлігі - вольт (Иә) 
10. Тұрақты ток мына формуламен анықталады - I=q/t (Иә) 

 

 

Оқушылар дәптерге орындайды

Жаңа сабақ

        

Семантикалық карта
Сынып оқушыларына жаппай беріледі, жауап кілтіне қарап топ басшысы кімде қанша дұрыс, бұрыс бар екенін айтады.
Ток күші, І Кернеу,U Кедергі,R
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда барлық өткізгіштерде бірдей болатын қандай шама?
+
Өткізгіштерді параллель жалғағанда барлық өткізгіштерде бірдей болатын қандай шама?
+
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда жекелеген шамалардың қосындысына тең болатын қандай шама?
+
+
Өткізгіштерді параллель жалғағанда жекелеген шамалардың қосындысына тең болатын қандай шама?
+
Өткізгіштерді параллель жалғағанда кері шамасы жекелеген шамалардың кері шамасының қосындысына тең болатын қандай шама?
+

:

Балалар нені көріп отырмыз ?

а). токтың пайда болу шарттары туралы түсінік

ә). Электр тізбегін құру үшін қандай аспаптар қажет, сұлбамен жұмыс

б). Бөгде күштер, формуласы.

в). Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

г). Толық тізбек үшін Ом заңы

Ток көзінде Аб=qε бөгде күштердің жұмысы есебінен электр өрісі пайда болады. Бұл өріс сыртқы тізбекте де (тұтынушы) Aэл1=UR∙q, ішкі тізбекте де (ток көзінің ішінде) Аэл12=Ur∙q зарядтың орын ауыстыруы бойынша жұмыс атқарады. Энергияның сақталу заңына сәйкес Аб=Aэл1эл2 немесе εq=URq+Urq, яғни ε=UR+Ur

UR=I∙R, Ur=I∙r

I= ε/R+r

Тұйық тізбектегі ток күші ток көзінің ЭҚК-нің шамасына кері пропорционал және тізбектің ішкі, сыртқы кедергілерінің қосындысымен анықталатын толық кедергісіне кері пропорционал.

Егер R>>r болса, онда I= ε/R  немесе ε=IR, яғни ε=U

Егер R=0 болса, I= ε/r=max. Бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады.

Жигсо әдісі бойынша тақырыпты оқып, топ ішінде талқылау.

 

. Сызбадағыдай өткізгіштерді жалғау және түсіндіру.

 

1- топ.               

                        3-топ.

 

                                                                                                           

               2-топ.

 

                              

                                                                     

1. Бергілген тапсырманы постерге  немесе кластерге   түсіріп, топ ішінде бір мүшесі таныстыру.

Өткізгіштерді  тізбектей жалғастырудың белгілерін атаңыздар?

2. Өткізгіштерді  параллель жалғастырудың белгілерін атаңыздар?

3. Қандай тізбек тұйық тізбек деп аталады?

4. Тұйық тізбек үшін Ом заңын тұжырымдап жазыңдар.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Оқушылар әуенге билеп,сергиді

Ой толғаныс

 Топтық   жұмыс (формуламен  жұмыс) (5 минут)     

1 топ

Тізбектей жалғау түріне мысал келтіреді?

ІІ топ

 Параллель жалғау түріне мысал келтіреді?

Тізбектей және параллель жалғау    дегеніміз не?

Тізбектей және параллель жалғаудың формуласын жаз?

Тізбектей және параллель жалғаудың қолданылуын түсіндір?

Тізбектей және параллель жалғауды салыстыр?

А.П.Рымкевич: №789,

Жалғау түрлерін білудің маңызы неде

а). Сәйкестігін табуға тапсырма:

Ток күші                      U                Ом

Кернеу                         І                  В

Кедергі                        R                  А

Меншікті кедергі       S                   с

Заряд                  ρ             м2

Аудан              q              Ом·м

ЭҚК                  t               Кл

Уақыт             ε             В

б). Шартты белгілер бойынша  аттарын жаз:

Құрал атауы

Шартты белгілері

Шам

 

Резистор

 

Реостат

 

Амперметр

 

Вольтметр

 

Ток көзі

 

Кілт

 

Гальвани элементі

 

Өткізгіштер

 

Гальванометр

 

 

в). №18(2,4,5*) есептерін шығару

                                   Қосымша тапсырмалар

     ЭҚК= 1,5 В, ішкі кедергі r =0,2 Ом темір өткізгіштен тұратын тәзбекті тұйықтағанда,  ток күшін алу үшін темір өткізгіштің диаметрі қандай болуы тиіс? Өткізгіштің ұзындығы ℓ=5м         

     Көлденең қимасының ауданы 1мм2 болатын реостаттың орама сымдары никельден жасалған. Реостатың кедергісі 84 Ом, сымның ұзындығын анықтаңдар.  (ρ=42*10-8 Ом*м )

     ЭҚК-тері 1,7 В және 1,4 Вб ішкі кедергілері 0,80 Ом және 0,40 Ом болатын екі элемент тізбектей жалғанып, олар 5,0 Ом кедергіге қосылған. Тізбектегі токты, тізбектің сыртқы бөлігіндегі кернеуді, әрбір элементтің қысқыштарындағы кернеуді анықтаңдар

     ЭҚК-і 24 В болатын ток көзінің қысқыштарына вольтметрді жалғағанда, ол 18 В кернеуді көрсетеді. Егер сыртқы тізбектің кедергісі 9 Ом болса, тізбектегі токтың шамасын және энергия көзінің кедергісін табыңдар.

     Егер өткізгіштегі ток тығыздығы 100А/см² -ге тең болса, онда қимасының ауданы 44мм² болатын өткізгіш арқылы 3 мин-та қанша электрон өтеді.          

Үй тапсырмасы

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Кері байланыс :«Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау парақшасын толтырады

Кеі байланыс

             

 

 

Толық тізбек үшін Ом заңы жайлы мағлұмат беру

Оқушылардың электр тогы, ток күші мен тығыздығы ,кедергі, тізбектің бөлігі үшін Ом заңы, электр тізбегі және оның элементтері ұғымдарын  меңгеруі, өз бетінше есеп шығару және шығару жолын дұрыс жазу дағдысын қалыптастыру.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив