Сфералық айналар, сфералық айна көмегімен кескін алу

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жарық құбылыстары

Күні:

Сынып: 8

Мектеп:А.С.Макаренко атындағы шағын орталықты орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Тлеубердиева Куляш Амангалиевна

Қатысқандар: 20          Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сфералық айналар, сфералық айна көмегімен кескін алу.

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

8.5.1.5 дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау.

Сабақтың мақсаты

1.Сфералық  айнада кескін алу туралы білу.

2.Сфералық айнаның түрлерін ажыратып,қолданылатын бөлігін атап көрсету

3.Сфералық айналардың өмірде кездесетін жағдайларына мысалдар келтіріп, қолданылуына қарай маңызын талдап саралау.

Бағалау критерийі

1.Сфералық  айнада кескін алу туралы біледі.

2.Сфералық айналардың түрлерін, қолданылатын бөлігін атап көрсетеді.

3.Сфералық айналарды өмірде кездесетін жағдайларына мысалдар келтіріп, қолданылуына қарай маңызын талдап саралайды.

Тілдік мақсаттар

Негізгі терминдер: бас оптикалық ось, фокус аралығы, дөңес айна, ойыс айна т.б.

Терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

фокус

фокус

focus

сфералық айна

сферическое зеркало

spherical mirror

төңкерілген

опрокинутый

overturned

үлкейтілген

укрупненный

enlarged

шын кескін

действительное изображение

real image

жалған кескін

мнимое изображение

virtual image

Құндылықтарға баулу

 «Мәңгілік ел» құндылығы, өмір бойы білім алуға бағыттау

Құндылықтарға баулу арқылы зерттеу жұмыстарында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттері артады.

Пəнаралық байланыс

Геометрия ,Сызу

Алдыңғы білім

Жарықтың түзу сызықты таралу заңын, жарықтың шағылуын, шағылу заңдарын және жазық айналар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Сыныпты түгелдеу.

Ширату жаттығуы. «Гүлмен тілек» әдісі арқылы

Оқушылар шеңбер бойымен түрады..Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып түрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жасырылған сөздер бойынша топқа бөлінеді.

I топ «Айна»

II топ «Жарық»

III топ «Кескін»

IV топ «Сәуле» сөздер арқылы 4 топқа бөлінеді

 

Үй тапсырмасын сұрау «Интервью» әдісі арқылы бір оқушы ортаға журналист болып шығып қолына берілген микорфонмен сыныптағы оқушыларға сұрақтар қояды.

1. Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы қалай тұжырымдалады?
2. Неліктен нәрселер айна сыртынан көрінетін секілді?

3. Айналарды тұрмыста қандай мақсатта қолданады?
4. Жарықтың шағылу заңын тұжырымдаңдар.
5. Айналық, шашыранды шағылу деген не?

6.Жазық айнада қандай кескін алынады?

 

Дескриптор:  

1.Сұрақтарға жауап береді.

2.Жауаптарын мысал келтіре отырып дәлелдейді.

 

«Шапалақ » әдісі арқылы өзара бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

Сабақтың ортасы

25 мин

Білу

Түсіну

       

      

 

           Қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

         Талдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кинометафора» әдісі бойынша

Жаңа сабақты ашу үшін Білім.кз сайтынан бейнефильм көрсетемін. Сфералық айналар туралы анықтама беріп өтемін.Сфералық айналардың түрлерімен таныстырып, кітапта берілген суреттерді түсіндіріп өтемін.

 

Топтық жұмыс. (постер қорғау) «Кластер»  әдісі арқылы жаңа сабақты оқушылар топпен   талқылып тақырыпты ашады.Оқушыларға жаңа тақырып бойынша кітаптан мәтіндер беріледі. Сол мәтінді оқушылар оқып тақтаға топ бойынша шығып түсінгендерін айтады постер қоғайды.

Оқулықпен жұмыс жасалады.

-Жазық аәнадағы кескін

-Ойыс айнадағы кескін

-Дөңес айнадағы кескін

-Айнаның ұлғайуы

 

Бағалау критерийі:

Жаңа сабақтың мағынасының ашылуы;

Тапсырманың толық орындалуы;

Постердің үйлесімділігі.

Бағалау: «Бес жұлдыз» әдісі бойынша топ мүшелері келесі топты бағалайды.

 

Тапсырма. «Конверт» әдісі бойынша топтық жұмыс.Конвертке салынып әр топқа бір тапсырмадан беріледі, оқушылар тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды. Ерте орындаған топ тақтаға шығып жазады.

Тапсырма №1

Нәрсе ойыс айнадан екі еселенген фокустан үлкен (d>2F) болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.

Тапсырма №2

Нәрсе ойыс айнадан F<d<2F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.

Тапсырма №3

Нәрсе ойыс айнадан d=2F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.

Тапсырма №4

Нәрсе ойыс айнадан d<F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.

 

Дескриптор: сфералық айналарда кескіндерді алуды біледі. Топтар бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.

Бағалау: “Күлегеш” әдісі бойынша бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 Маркерлер,стикер

лер, А3 форматы желім, қайшы, түрлі-түсті қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

8 мин

Жинақтау

 

       Бағалау

 

 

 

 

 

 

«Шағын тест» әдісі  жеке жұмыс.

Барлық оқушылардын бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін тексеру барысында тест беріп,қалай түсінгендерін байқаймын

Кері байланыс: «БББ» әдісі бойынша (Білемін,Білгім келеді,Білдім) кестесі арқылы кері байланыс аламын

 

 

 

 

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі

Үй тапсырмасы: Сфералық айналар, сфералық айна көмегімен кескін алу. Қосымша ақпарат жинау.Шағын эссе жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

 

 

 

Сабақ бойынша

рефлексия

 

Жалпы бағалау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:  

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?

 

 

               

 

Физика

   Сыныбы:9А

Сабақ

:

Сабақтың аты

§19, 20  Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы

Жалпы мақсаты

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы жайлы мағлұмат беру

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңын күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

Күтілетін нәтиже

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы жайлы мағлұмат алады

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңын күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда  қолдана білуге үйренеді

 

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Сабақтың өтілу кезеңдері

Топқа бөлу

Оқушыларды«Теңге»  суреттерімен  үлестірілеген қағаз қиындылары арқылы топқа бөлемін.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа  бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.

 

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың басы

 

 

 

 

Үй тапсырмасын

пысықтау

(3-5 мин)

Оқушылардың назарын сабаққа аудару,түгендеу,тазалыққа мән беру

1.      Топ Юьютонның бірінші заңы

2.      Топ Ньютонның екінші заңы

3.      Топ Ньютонның үшңншң заңы

4.      Топ Бүкіләлемдік тартылыс заңы

топтарды орындарына отырғызу

   «Сәйкесін тап» әдісі арқы сұрақ жауап

Оқушылардың өткен тарауды қалай меңгергендері туралы сұрақтар:

1Дененің піші мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш

1.Масса

2.Үдеудің туындауының себепкері

2.Кавендиш

3.Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиет

3.1687жыл

4.Дененің инерттілігінің сандық сипаттамасы

4.Күш

5.Гравитациялық тұрақтының сан мәнін анықтаған ғалым

5.Күш

6.Бүкіләлемдік тартылыс заңының тұжырымдалған жылы

6.Галилей

7.Динамиканың негізгі заңдарын тұжырымдыған ғалым

Серпімділік күші

8.Жердің алғашқы серігі үшқан жыл

8.Инерттілік

9.Салыстырмалық принципі тұжырымдалған ғалым

И.Ньютон

10.Векторлық шама

1957жыл

 

 

 

 

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

7

4

8

1

2

3

9

10

6

5

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

Жаңа сабақ

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кім жылдам» әдісі

Топтық жұмыс

 10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ойлан,Жұптас,

    Бөліс»

Жұптық жұмыс

       5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сабақ  соңы

  (10-15 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

 

 

 

 

 

Бағалау

Үйге тапсырма

 

 

 

 

 

 

Видеороликтер көрсету арқылы сабақтың мақсатын ашу

Сабақтың тақырыбы мен таныстыру.Саббаққа мақсат қою.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.

          Күш импульсі: ; өлшем бірлігі Н·с

Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шаманы дене импульсі деп аталады.

         Дене импульсі: ; өлшем бірлігі кг·м/с

 

Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.

Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.

          Ипульстің сақталу заңы: жүйе ішінде туындайтын өзара әрекеттесулер нәтижесінде тұйық жүйенің қосынды импульсі өзгермейді.

        

Дене импульсі деп (дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісіне тең физикалық шама)

Импульстің формуласы__ (  = m  )     өлшем бірлігі: (кг м/с)

"Импульс"ұғымын енгізген  француз ғалымы (Рене Декарт)

.Күш импульсі; I=(  )__ өлшем бірлігі _(Н·с)_

Тұйықжүйе дегеніміз не (өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің векторлық қосындысы өзгеріссіз қалады

Импульстің сақталу заңының формуласы ( )

 

 

 

Есептер шығару оқулықпен жұмыс 17 жаттығу

1. 1 топ

№1. 6 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адамның импульсі қандай?

 

Бер:  1,6 м/с  60кг  96 кг  м/с 

Т/к:  -?

2 топ

№2.  20 м/с жылдамдықпен түзу сызық бойымен қозғалып келе жатқан массасы 2кг дене массасы 3 кг денемен соқтығысады да, әрі қарай екеуі бірігіп V жылдамдықпен қозғала бастайды. Сыртқы күштер әрекет етпейді деп есептеңдер. Денелердің соқтығысуға дейінгі, соқтығысудан кейінгі жалпы импульстерін және соқтығысудан кейінгі жылдамдығын анықтаңдар.

 

3 топ

3. Массасы 50 кг бала 5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып,2 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100 кг арбаның үстінде қарғып мінді.Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

 

Бер:  ( )

3 м/с

  Т/к: -?

 

4 топ

4. Массасы 5кг денеге 10 Н күш 2 с  бойы  әсер етеді. Дененің күш әсерінен кейінгі импульсін анықтау керек. Дененің бастапқы жылдамдығы 3 м/с.

Бер: 35 Н

 +

t = 2 c

Т/к: -?

 

Есептер шығару қосымша кытаптан 

Жұптық жұмыс

1.      Есеп

36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 10т жүк таситын автомобильдің импульсі қандай?

2.      Есеп

Массасы 160 г шайбаның импульсі 600м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсіне тең болу үшін, шайбы қандай жылдамдықпен үшады?

 

3.      Есеп

30 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан оқтың импульсіне тең болу үшін,шайбы қандай жылдамдықпен ұшады?

4.       Есеп

Массасы 2000т поезд түзу сызықты қозғалып, жылдамдығын 36 км/сағ-тан 72 км/сағ –қа дейін арттырды. Импульсті табыңдар?

5.      Есеп

Массасы 100 г доп 20 м/с жылдамдықпен ұшып келіп, горизонталь жазықтыққа соғылды. Соғылған кездегі импульсін тап.

6.      Есеп

120 Н күшпен тұрған тіреу 10с құлап ағашты сындырды. Құлаған кездегі тап.

7.      Есеп

Арба орнынан 180 Н күшпен қозғалады, қозғалған кездегі уақыты 15 с тең. Импульсті тап?

8.       Есеп

10 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 80 кг адамның импульсін тап.

9.      Есеп

Массасы 1 кг материялық некте шеңбер бойымен 10 м/с жылдамдығын  бір калыпты қозғалып барады.

10.  Есеп

   Тест тапсырмаларын орындау.

1.Дене импульсінің формуласы

А) B) C) 

2. Күш импульсі деп

А) Күш пен әсер ету уақытының көбейтіндісі

В) Күш пен жылдамдықтың көбейтіндісі

С) Дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісі

3. Импульстің сақталу заңының формуласы

A)

B)

C)

4. Күш импульсінің өлшем бірлігі

A) H・c        B) H・м           C) Н/с

5. Өзара әсерлесетін денелер жүйесі үшін импульстің сақталу заңы қандай жағдайда

орындалады?

А) құйынды өріс

В) тұйықталмаған

С) тұйықталған

6. Дене импульсінің өлшем бірлігі

А) кг・м               В) кг・м/с              С) кг・м/с2

7. Денеге  10 с бойы 5 Н күш әсер етеді. Күш импульсін табыңдар.

А)50 Н сВ)5 Н сС)0,5 Н с

8. Күш импульсі мен дене импульсінің арасындағы байланыс қандай?

А) B) C)

9.Массасы 10 кг дененіңимпульсі 50 кг м/с болғандағыдененіңжылдамдығынтабыңдар

А)  4 м/сВ) 5 м/сС) 3,5 м/с

10. Импульс терминін  білдіретін шамалар

А) Күш импульсі және дене импульсіВ) Дененің жылдамдығыС) Дененің массасы.

 

Дұрыс жауаптар:1.В,2.А,3.В,4.А,5.С,6.В,7.А,8.C,   9.В,  10.А.

 

 

Ой қорытыу  

БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың білім деңгейіне қарай бағалау

                           

 П 19-20 оқу, реферат жазу

                                

 

                                                                                                                       

 

                                                                 

 

 

 

 

      

                                                           

 

 

 

 

 

 

           

 

 

 

 

Антон  Семенович Макаренко атындағы шағын орталықты  орта мектеп

 

 

 

 

 

   

 

Тақырыбы: «Дене импульсі.Импульстің сақталу заңы»

 

                              

 

                                         

 

 

                                               

 

                                                        Физика пәнінің мұғалімі: Тлеубердиева К.А

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив