"Атамекен" жазғы сауықтыру алаңы

2014-2015 оқу жылының 01 - 16 маусым аралығында балалар демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру мақсатында 34 негізгі мектеп жанынан «Атамекен» жазғы сауықтыру демалыс алаңы ұйымдастырылды.

Алаңға бірінші кезекте аз қамтылған, көп балалы, озат оқушылар, мемлекеттік қызмет көрсетуге жататын отбасының балалары, барлығы 15 (он бес) бала тартылды.

Алаңның алғашқы күнінен бастап алаңның ішкі тәртіп ережесі таныстырылды. Жұмыс жоспарына демалушыларды қызықтыратындай іс – шаралар, мақсатты жорықтар, әр түрлі  интеллектуалдық ойындар, спорттық сауықтыру іс – шаралары, сурет конкурстары ұйымдастырылып, оқушылардың демалысын көңілді өткізуге мән берілді.

Балалардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтырумен спортпен, туризммен шұғылдануға бейімдеу мақсатында «Спорт – сенің серігін» спорттық эстафеталар, «Жаяу жүргіншілер күні», «Велосипедшілер» жарысы өткізілді.

Туған өлке табиғатын тереңірек тану, ел жер тарихын білу мақсатында Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туған жеріне Қызыл көшен қыстағына саяхат, қасиетті бабалар туралы шежірелер, ақынның өлеңдерін оқушылар жатқа айтты.

Табиғаттың әсем жерлерін балаларға көрсету, дем алдыру мақсатында «Тасбұлақ» демалыс үйіне бір күндік саяхатқа барды. Ол жердің таза ауасы, таңғажайып әсем көрінісі балалардың мәңгі есінде қалды.

«Таза ауа, мөлдір су жанға шипа» демекші ауыл маңындағы «Жалпақ» өзеніне барып суға түсіп, демалушылар үшін өте қызықты күн болды.

Демалушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойын дамытатын «Мен өмірді сүйемін»,  атты  тақырыпта психологиялық тренинг, «Оқимыз, ойлаймыз, онаймыз», «Көңілді старт», «Мамандық – өмір таңдауы» және т.б. сайыстар жоғарғы дайындықпен  өтілді. Еліміздің бас қаласы Астананың бар әсемдігін балаларға көрсетіп, оның тарихын, қалай құрылғаны туралы мәлімет берілді.

Барлық өткізілген іс-шаралар балалардың, алаң қызметкерлерінің көңілінен шықты.

0 пікірлер

Пікір қалдыру