БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕРІК САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Бастауыш сыныпта пәндерді оқыту барысында теориялық білім негіздерін меңгерумен ғана шектелмей, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашыл әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілетін арттыру, ақпаратты өзі тауып, өзі іздеп тәжірбиесінде қолдана білуге үйрету өмір талабы болып отыр. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының сабақ үрдісінде олардың танымдық қызығушылықтарын және ойлау, ес, қабылдау, зейін сияқты психикалық қасиеттерімен қоса, психикалық кейіп соның ішінде ерік – жігер сапаларын дамыту қажет.

Ұлы педагогтар Н.К. Крупская, Е.А. Аркин, В.А Сухомлинский, А.С.Макаренко, А.А.Люблинская, К.К.Платон, Г.Ш.Шингаров, А.В.Шмаков, П.Я.Гальперин және т.б. педагог — психолог ғалымдар ерік — сапа қасиеттерін ойын іс - әрекеті арқылы қалыптастыруды қарастырған.

Ерік – ойланып істелінетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді, жеңе білуден көрінетін қимыл - қозғалыстарды атаймыз. Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауға байланысты түрлі ішкі - сыртқы кедергілерді жеңе білуінен байқалады [1].

Сонымен қатар, оқушылардың ерік - жігер қасиеттері сан қилы. Іс- əрекеттің нақтылы жағдайларына, орындалу тәсіліне қарай бірнеше сапалары бар, олар: тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, батылдық, шыдамдылық, тəртіптілік, жинақылық жəне т.б. [1, 245]. Сондай - ақ, əдебиеттерде еріктің психологиясы бойынша жеке тұлғаның ерік сапалары туралы əр түрлі тізімдер көрінеді. Олар өзінің құрамы мен ерік белгілерінің саны бойынша əр түрлі болып келеді. Оның негізгі себебі ерік сапасының құрамы, əдетте, ойша анықталады, яғни эксперименталды өңдеусіз, жəне де семантикалық ұқсастық негізінде ерік сапаларының мынадай түрлері де ажыратылады:

- табандылық;

- жауапкершілік;

- беделді;

- қайраттылық;

- тəуелсіз;

- сенімді;

- зерделілік;

- қайсарлылық;

- жігерлік [2]. Яғни, бастауыш сынып оқушыларының сабақ процесінде олардың жоғарыда айтылған ерік сапаларын қалыптастырудың маңызы өте зор болып табылады.

Сол себепті ерік сапаларын қалыптастыру ерікті іс - əрекет мынадай үш кезеңнен тұрады:

 1) даярлық кезеңі ( шешімге бағыттау, ниеттер күресі)

2) орындалу кезеңі (бұл кезеңде істі табандылықпен меңгеру, істі жеңе білуден тұрады);

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив