Бала тәрбиесі-баршаның ісі!

Бала тәрбиесі-баршаның ісі!

     Психолог-адам жанының инженері. Иә, адам жанын түсіну оңай жұмыс емес-ті. Десе де, егер сіз психолог болсаңыз қиынға соқпайтыны анық. Өйткені, әр жеке тұлғаны оқылмаған жаңа кітап ретінде көріп, әр парағын ашқан сайын жаңалық тауып, қызығу, біздерге,яғни, психологтарға таңсық іс емес.

    Әр маман иесі жауапкершілігімен мықты көрінеді. Біздерге де берілген жауапкершілік аз емес. Неге десеңіз!? Жасөспірімдердің психологиялық әлемін шарлап, оларға қол ұшын созу, жақынындай сырласып, қамқор болу  біз үшін үлкен міндет. Әсіресе, «аутизм», «даун синдромы» және тағы осы сынды диагноздарымен тіркелген жасөспірімдермен жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Егер, бұл жайлы білмесеңіз сізге кеңінен тарқатайын. Жоғарыда аталынған диагноздар бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі,ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Мұндай балалар ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, ешкіммен араласпайды, тұйық болады. Аутист балалардың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олар жеке мұғалімді, психологты қажет етеді. Аутист және даун синдромымен ауыратын балалардың назарын адамға және басқа нысандарға аудару және оған бірнәрсе үйрету қиын. Сондықтан да, олармен жұмыс жасау барысында әр-түрлі әдіс-тәсілдердің көмегіне жүгінуге тура келеді. Баламен балаша түрде сөйлесіп, қатты сөгіп сөйлемей, барлығын байыппен түсіндіріп әр нәрсені өз тілінде түсіндіре білу керек. Өйткені, қисынсыз қылықтарына қаттырақ кейіп сөйлесең жүрегіне жақын алып,  сізге оңайлықпен жіби қоймайды. Әр сабақты көтеріңкі көңіл күйде өткізіп, әр жаңа сабақты жаңаша өткізсең оның білімге деген құштарлығы оянады. Барынша баламен көп әңгімелесу керек. Себебі, көп әңгімелесу арқылы баланың сөйлеу мәнері жақсарады және ашылып ортаға да сіңісе бастайды. Баланың сөйлеу процесін жақсарту үшін әңгімелесумен ғана шектеліп қоймай түрлі жаттығуларды да қамтып, сергіту сәтін жасау арқылы сергек болуына да септігімізді тигізу керекпіз. Сонымен қатар, мұндай балаларды мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын арнайы  интернаттар да емес, өзінің қарапайым жанұясында тәрбиелеу керек. Сонда ғана бала ата-анасы мен бауырларының қамқорлығымен қанаттанып, жалынды сөздерінен жігерленіп, алдыға деген ұмтылысы мен талпынысы арта түседі.

   Біз үйден оқуды қажет ететін барлық балаларға қашан да қол ұшын созамыз. Қазірдің өзінде мектебімізде үйден оқитын жасөспірімдердің саны 10-ға жуық. Олардың көбісі «аутизм» және «даун синдромына» шалдыққан балалар. Олармен тыңғылықты жұмыс жасау пән мұғалімдерінен гөрі психологтарға көбірек міндеттелген. Ал, міндеттелген жұмысты жақсы нәтижемен аяқтау үшін тынбай еңбек ету керек. Сондықтан да, алдымызға келген әр баланы туған баламыздай көріп, бойына тәрбие мен білімді қатар дарытсақ ол біз үшін үлкен жетістік. Десе де, бар ауыртпашылықты психологқа артып қана қоймай бала тәрбиесін баршамыз да басты назарда ұстамыз керек.

 Жакупова Айнұр 

Арал ауданы

Қамыстыбас ауылы

№21 орта мектебінің педагог-психологы

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив