Мектепке дейінгі балалық шаққа тән қызмет түрлері

Қарағанды қаласы №40негізгі мектебі КММ
Жумажанова Толкын Рамазановна психолог
мини цетр "Балбөбек"

Мектепке дейінгі балалық шаққа тән қызмет түрлері

Мектепке дейінгі бүлдіршіннің басқы қызмет түрі болып ойын табылады. Өзінің бос уақытының негізгі бөлігін балалар ойынмен өткізеді.
Мектепке дейінгі мерзім ересек мектепке дейінгі және кіші мектепке дейінгі жас болып бөлінеді, яғни 3тен 7жасқа дейін. Осы уақыт аралығында балалар дамиды.
Бастапқыда олар заттық-басқарушылық түрге ие, 7жасқа қарай сюжетті-рөлдік және символикалық болады.
Ересек мектепке дейінгі жас-бұл балалардың барлық ойынды меңгерген уақыты. Сондай-ақ бұл уақытта еңбек және оқу сияқты қызмет түрлері туындайды.
Мектепке дейінгі мерзім кезеңдері:
1) Кіші мектепке дейінгі жас (3-4жас). Бұл жастағы балалар көбіне жалғыз ойнайды, олардың ойындары шынайы және негізгі психикалық функцияның (ес, ойлау, қабылдау және т.б.) дамуына және іске асуына септігін тигізеді. Балалар ересектердің қызметі байқалатын сюжетті-рөлдік ойындарды сирек ойнайды;
Ортаңғы мектепке дейінгі жас (4-5жас). Ойын кезінде балалар үлкен топтарға бірігеді. Енді олар үлкендердің мінезін келтірмейді, олардың өзара қарым-қатынастарын көрсетуге тырысады, сөйтіп рөлдік ойындар пайда болады. Балалар рөлдерді бөледі, ережелер құрады және олардың сақталуын қадағалайды.
2) Ойынға тақырыптар түрлі болуы мүмкін және балалардың өздерінде бар өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Осы мезгілде көшбасшылық сапа қалыптасады. Қызметтің жекеше түрі көріне бастайды (ойынның символикалық формасы сияқты). Сурет салу кезінде ойлау және елестету процесі белсенділендіреді. Бастапқыда бала не көрді, соның суретін салады, кейін есінде қалғанын, білетінін немесе ойдан құрап салады;
3) Ересек мектепке дейінгі жас (5-6). Бұл жастағы балаларға қарапайым еңбек қабілеттерінің және мүмкіндіктерінің меңгеруі және қалыптасуы тән, балалар заттың құрылысын түсіне бастайды, тәжірибелік ойлау дами бастайды. Ойын барысында балалар тұрмыстық заттарды меңгереді. Олардың психикалық процестері іске асады, қолдың қозғалуы дамиды.
Шығармашылық қызмет түрлі болады, бірақ сурет салу негізгісі болып табылады. Сондай-ақ музыкамен айналысу мәдени-шығармашылық қызметтері де маңызды.
3-6жастағы балаларға психологиялық ойындар
3-6жастағы балаларға балалардың бос уақытында психологиялық ойындарды қолданыңыз. Олар балалардың дамуына және эмоционалдық күйіне жақсы әсер етеді.
«Ғажайып эмоциялар» балаларға арналған психологиялық ойыны.
Бірнеше эмоцияны бөліп көрсетуге болатын кез-келген ертегіні таңдап алыңыз. Тыңдарман бүлдіршіндерге бірдей үйшіктердің суретімен қағаздарды таратып беріңіз. Үйшіктер контурлы салынуы керек. Әрбір үйді ертегіні оқу барысында қандай эмоцияны білдіретініне қарай белгілеп жазып қойыңыз. Оқу барысында әрбір үйшік-эмоцияны бояп отырсын деп балалардан сұраңыз.Егер бала эмоцияны белгілей алмаса, оның атауын көмектесіп жіберіңіз. Соңында әрбір баладан сұраңыз:
Қандай эмоция-үйшікті бояу оған қатты ұнады, ал қайсысы мүлдем ұнамады.

«Сыйлық-жұмбақ» балаларға арналған психологиялық ойын.
Әрбір балаға саусағыңызбен (қолмен) ауада сыйлық салып оған қолына «ұсыныңыз». Баладан сұраңыз, бұл қандай сыйлық болғанын. Мұндай сыйлықтан ол қандай эмоция алғанын сұраңыз.
Әр балаға өзге балаларға сыйлық сыйлауына мүмкіндік беріңіз.
«Бақылаушы» балаларға арналған психологиялық ойын.
Бұл ойынды далада ойнаған ыңғайлы. Әрбір бала бір сөйлемнен не көріп тұрғанын, не естіп тұрғанын, бір-бірінің сөздерін қайталамай айту керек. Әрқайсысының сөздері:
«Мен көріп тұрмын» немесе «Мен естіп тұрмын» деп басталуы тиіс

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив