Табиғи шырынның пайдасы

 

Тақырыбы:   Табиғи шырынның пайдасы

Тақырыптың өзектілігі :

Пайдалы табиғи шырынды күнделікті өмірде адам денсаулығы үшін дәрумендер ретінде жиі пайдаланудың қажеттілігі. 

Мақсаты: 
Денсаулыққа пайдалы, дәрумендерге бай шырындар туралы ,жемістен сығып алған шырынның пайдасы туралы білімін тереңдету және ізденушілікке, шыдамдылыққа, білімділікке дағдыландыру.

 

Болжам :Егер біз болашақта жеміс-жидек  түрлерін тереңірек зерттеп,оның көптеген сырларын ашар едік. Денсаулыққа пайдалы шырындарды  дәрумендер ретінде пайдалану. 
Күтілетін нәтижелер : көздеген мақсатқа қол жеткізе білуге дағдылану, шырынды үйде жасау.

Жоспары: 
1.  Кіріспе 
2.  Негізгі бөлім 
2.1 Шырынның пайдасы

2.2 Өсімдік қасиеті – шырында

2.3 Жеке сауда бағалары

3.  Алма шырының дайындау тәсілі

4.  Қорытынды 
5.  Пайдаланылған әдебиеттер

 


Жеміс пен көкөніс шырының денсаулыққа пайдалы екені белгілі. Диетолог – дәрігерлер оларды аурудың алдын алуға да, емделіп жазуға да табиғи дәрумен ретінде ұсынады. Бірақ денсаулықты нығайту, сырқаттан айығу үшін ішілетін шырынға қойылатын талап бөлек. Сондай-ақ, мамандардың айтуы бойынша дәрумен ретінде шырынды күніне кемінде 600гр үш мезгіл тамақтың әрқайсысының алдында 30 минут бұрын ішу қажет.
Жүзім шырыны, қияр шырыны, алма шырыны, апельсин шырын, сәбіз бен қырыққабаттың шырыны: жүрек қан тамыры жүйесін нығайтады. Ақыл — ой қабілетін күшейтеді. Тәннен ауыр металлдарды қуады, бауырға, бүйрекке пайдалы. Оларды уыттан тазалайды. Жүйке жұқарып, күш - қайрат кемігенде әлденуге көмектеседі.  Алма шырынының қалай жасалатынын көрсетейін.
Өсімдік – табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Адамның тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты. Тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі көзі өсімдіктер болып саналады. Табиғи шырын ішіп, ағзамызды жақсартып алуға әбден болады. Әлбетте, өзің жемістен сығып алған шырын әлдеқайда пайдалы. Егер ондай мүмкіндігің болса, тіпті керемет. Егер жоқ болса, дүкенде сатылып тұрған табиғи шырындарды пайдаланудың еш сөлекеттігі жоқ. Олардың пайдасыздығы жайлы қауесет шындығында өтірік. Пайдалы қасиеттері жағынан табиғи шырындардан еш қалыспайды. Сонымен қатар, тұрып қалған жемістерге қарағанда, құтыдағы шырындарда дәуремендер әлдеқайда көп. Заң бойынша, «табиғи шырын» деген жазу тек шынайы, қантсыз, лимон қышқылы қосылмаған табиғи шырын құтыларына жазылады, басқа кезде бұлар нектар болып келеді.Алайда соңғылары да пайдасыз емес. Өйткені кейбір көкөністер мен жемістерден таза шырын бәрібір көп шықпайды. 

 

I Бөлім. Аналитикалық  шолу. 2.1 Табиғи шырын туралы.

Қызылша, сәбіз, алма, апельсин, жүзім,  шырындары — осылардың барлығы және басқа да табиғи шырындардың адамның күндік рационында болуы керек. Алуан түрлі дәмдік үйлесімге ие бола отырып аталған сусындар тек қана шөлді басып және күн ыстықта сергітіп қана қоймайды, соған қоса адам ағзасына пайдалы әсерін тигізеді. Табиғи көкөніс, жеміс және жидек шырындары құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер мен минералды заттардың барлығы болады, сондықтан түрлі ауруларды емдеу мен алдын алу үшін жақсы құрал болып саналады. Шырындармен бірге алынатын дәрумендер арқасында адам ағзасы вирустар мен инфекцияларға төзімдірек болады, дадғрыстық дағдайларға және қарқынды дене қимылына шыдамдылық артады, алмасу үрдістерін қалыптайды. Органикалық тотықтырғыштарының арқасында жас көкөністік, жемістік және жидектік шырындар ас-қазан жолының ауруы бар адамдар үшін және зат алмасу бұзылған адамдар үшін таптырмас емдік зат болып саналады. Дәрумендер мен органикалық заттардан басқа жаңадан сығылып алынатын шырындар құрамында (шала шырындар) минералды заттар да болады (калий, кальций, темір, мыс, магний, фосфор, марганец, молибден, бор, йод және т.б.) және олардың тұздары болады.

Табиғи шырындарда жасұнықтар, пектиндер мен энзимдер мөлшері көп — ағзаға келіп түсетін тағамның қорытылуына әсер ететін және одан бөлінетін тағамдық заттардың сіңірілуіне ықпал ететін күрделі заттар. Көкөністер мен жемістерден дайындалған сусындар ішектің перистальтикасын жақсартады, сол арқылы ағзадан шлактар мен улы заттардың ығысуына ықпал етеді. Дегенмен, жоғары температуралардың әсерінен (47° С артық) энзимдер инертті болады да ыдырайды, салдарынан шырын өзінің емдік қасиетін жоғалтады және шөлді басуға арналған жай сусын болып қалады.

Медиктер мен халықтық емделушілер тәжірибесі көрсетіп отырғандай – табиғи шырындарды "тірі органикалық су" деп атауға болады. Емді табиғи шырын ішуден бастап адам тез арада оң нәтижелер көре бастайды, дәрі, микстура және егу туралы мүлде ұмытуы да мүмкін. Көкөністердің, жемістер мен жидектердің шырын дайындау барысында термиялық өңделуінің өнімнің барлық қасиеттері мен құндылықтарының сақталып қалуына мүмкіндік береді.

Табиғи  шырынды  пайдалану  ерте заманнан  бастау алады.  Ежелгі жеміс өнімдері қолдан сығылып, оны сақтаудың өзіндік әдістері болған. 
Қазір табиғи сусындар тұтынушыларға шөлмекте, қорапта және тетрапакетпен ұсынылады. Олардың адам ағзасына пайдасы мол.

Сығылған сусындар - түрлі витаминдердің көзі. Бастысы, мөлшерден тыс қолданбау қажет. Мәселен, томат шырыны жүйкеге оң әсер етіп,жасушаларды бөлінуден қорғайды.                                                                                                                                                                   Табиғи шырындарындардың пайдалы қасиеттері 

Төмен калориялығы 

           Әр шырынның құрамына 50-ден 70%-ға дейін су кіреді, сондықтан бұл шырындар төмен калориялы болып табылады.

Витаминдер

           Жеміс және көкөніс шырындары — витаминдерді басты тасымалдаушылар. Өйткені  организм витаминдерді өздігінен синтездеуге қабілетті емес, бізге оларды сырттан тұтыну қажет.

           Ішекті жұмсақ тазалау 

           Шырында астың ішекте болу уақытын азайтатын және оның тез тазаруына септігін тигізетін айрықша қорытылмайтын талшықтар бар.

Манызды қоректендіргіш заттарды толтыру

Шырындарда фруктоза, глюкоза, сахароза сияқты көмірсулардың көп мөлшері, сонымен қатар әртүрлі полисахаридтер бар.

Калбцидің болуы.

Қызыл, қызғылт сары және қошқыл-жасыл түске боялған көкөністерде көп кальций бар.

Холестеринді құрсаулау 

Шырындағы полисахаридтер ас қорыту жолында холестеринді құрсаулайды, осылайша ол ішекке сіңбейді.

Апельсин шырыны.

С дәруменіне бай (бір стақанда – бір күндік мөлшер), биотин, фоли қышқылы және тағы басқа көптеген дәрумендер.

Пайдалы қасиеттері: бос радикалдардан қорғайды, қан тамырларын қатайтады, иммунитетті жақсартып, ми жұмысын жандандырады, жасушалардың алмасуын ынталандырады, майды кетіреді.

Ерекше нұсқаулықтар: суық тию кезінде, семіздік, шаршау, стресс, назардың бәсеңдеуі.

Тосқауыл: асқазан мен ас ішек жарасы, қышқылдығы төмен гастрит.

Күнделікті: аш қарынға ішуге болмайды.

Цинготқа қарсы қасиеттерімен бағалы

 

ТОМАТ ШЫРЫНЫ

С дәрумені мен каротиннің қайнар көзі.

Пайдалы қасиеттері: жасушаларды бүлінуден қорғайды, дәнекер тіндердің пайда болуына ықпал етеді, гормондар синтезін күшейтеді, жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.

Ерекше нұсқаулықтар: көз жанарының әлсіреуі, созылмалы әлсіздік, ұйқысыздық, терінің құрғауы, жүйке жүйесінің әлсіреуі.

Тосқауыл: жоқ.

Күнделікті: кішкене өсімдік майын қосып, кез келген уақытта ішуге болады.

Томат шырыны. Оның құрамында өсімдік тағамдарының барлығындағы дәрумендер бар. Алайда онда ең көбі каротин мен С дәрумені. Және де минералды тұздар, қант және органикалық қышқылдар да көп. Томат шырыны жағымды, бой сергітерлік дәмі бар, шөлді басады, ол қышқылды-лығының төмендігімен де сипатталады.

 

АЛМА ШЫРЫНЫ

Пайдалы қасиеттері: қантүзілісті күшейтеді, бүйректегі тасты шығарады, ағзаны токсиндерден тазартады, қан құрамындағы холестеринді азайтады, көмірсулардың алмасуын реттейді, ішек флорасын қалпына келтіреді, әлсіз көктамырларды қатайтады.

Ерекше нұсқаулықтар: варикоз аурулары, қант диабеті, бүйректе тас болуы, шылым шегу, артық салмақ.

Тосқауыл: жоқ.

Күнделікті: артық салмақтан арылу үшін күніне 2 литр шырын ішу керек; ас уақытында ішкен дұрыс.

 

Араласқан жеміс шырындары: пайдалы ма, жоқ па?

Оларды басқаша мультижеміс  деп те атайды. Егер осы тақырыпты талқылауға салсақ, екі жақ та дұрыс болып шығады. Бірақ ағзаңыз шырынның құрамына енген барлық жемістер мен шырындарды жақсы қабылдайтынына көз жеткізіп алыңыз. Әйтпегенде аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін.Бірақ бір жағынан, шырынның бірнеше түрін араластыру тіпті пайдалы да, өйткені қышқылы аз- және көп шырындарды алмастыру пайдалы заттардың оптималды консистенциясын береді.Шырын – бұл балалар да, ересектер де жақсы көретін жеміс, не көкөністің суы. Шырынның түсі де, дәмі де әртүрлі болады, пайдалысы да бар, пайдасызы да.Балалар үшін күніне бір стақан шырын жеткілікті.Шынымен, балалар үшін күніне бір стақан шырын ішу жеткілікті. Көптеген ата-аналар балаларына «Көбірек шырын іш, дәу боласың» деп қинап, қателеседі. Американдық зерттеушілердің пайымынша, күніне 2-3 стақан шырын ішетін балалар өз құрдастарынан толық әрі бойлары аласа болады. Шырын құрамында ағзаға жақсы сіңетін қант мөлшері көп. Сондықтан аз қимылдайтын балалардың толуына септігін тигізеді.Сығылған шырын пайдалы ма?  Бұл да талас тудырарлық сұрақ. Жаңа ғана табиғи таза жемістен сығылып әкелінген шырын, әлбетте, пайдалы. Демек, балаларға барлық ережелерге сай консервіленген шырындар мен нектарлар жарайды. Бірақ бір жағынан, жемісті сыққанша оны жей салған да дұрыс. Бұл тіске де пайдалы.

Шырындардың дәмі бойынша таңдау (бастауыш сынып) сауалнама   Кесте №1

Шырынның атауы

 

1сынып

 

2 сынып

 

  3 сынып

   4сынып

Барлығы

алма

 

10

 

5

 

4

6

25

апельсин

 

8

 

7

 

10

8

33

өрік

 

10

 

        2

 

3

2

17

мультжеміс

 

2

 

       3

 

2

3

10

 

Диаграмма №1

 

Біздің сауалнамаларымыз көрсетіп отырғандай, балалар үшін ең ұнамды шырын түрі Апельсин – 33,  Сары өрік – 17, Алма – 25, Мультжеміс  – 10. Бұл сызба нұсқада біз балалар шырынды өте жақсы көреді екен байқаймыз. Ерекше көңіл бөлінген апельсин шырынға.

 

 

2.2    Өсімдік қасиеті - шырында 
Жеміс өсімдіктерінің шырыны табиғи дәрумендерге өте бай, адамның көңіл-күйді көтеріп, сергітеді. Шырынның адам ағзасына әсері мол. Оны қарапайым адамдардан бастап, даңқты спортшылар да жаттығуларда, сайыстарда пайдаланады. Қазіргі уақытта сапалы шырынды пайдалануға әлемдік деңгейде көңіл бөлініп отыр. 
«Халықаралық күнтізбедегі атаулы күндердің қатарына қазақстандық спортшылар мен Қазақстан спорт журналистері қауымдастығы елімізде ойлап табылған «Дүниежүзілік шырын күні» атты мерекені қоспақ», - дейді «Қазақстандықтарды шырынмен сауықтыру» қозғалысының баспасөз хатшысы Денис Ибрагимов.

Өнім (қызмет) нарығының сипаты

Шырындардың әр түрлі белгілер бойынша жіктелуі мүмкін; бұл зерттеу төменде ұсынылып отырған (неғұрлым көп тараған) жіктелімге негізделген:

Ғresh шырындары (жаңа сығылған) — жемістердің бір немесе бірнеше түрініен алынатын және өңдеуге түспейтін, физикалық-механикалық сығу жолымен алынған шырындар.

Nfc шырындары (notfromconcentrate — “концентраттан емес”) — жемістер мен көкөністерді алғаш сығу барысында тікелей алынатын шырындар.

100% шырындар (табиғи) — арнайы дайындалған концентраттардан су арқылы қалыпқа келтіру жолымен алынатын шырындар.

 “Қосылған пайдалы” шырындар — дәрумендермен және микроэлменттермен байытылған шырындар.

ШГШ шырын құрамды газдалмаган шырындар (зерттелмеген).

Нектарлар мен сусындар — шырынның, судың, қанттың және басқа да қоспалардың араластырылуы арқылы алынатын түр, нектарлардағы шырынның үлесі — 25% бастап, сусындарда — 25% дейін (зерттелмеген).

 Морс — құрамында шырыны бар шамамен 25% табиғи жидек шырыны қосылған түр (зерттелмеген)

 

2.3   Жеке сауда бағалары

Шырынның неғұрлым жиі тұтынылатын түрлеріне баға брендке байланысты: неғұрлым қымбаты – Gracio шырыны, табысы орташа тұтынушы үшін Айналайын шырыны ұтымды деп саналады.

Минимаркеттер бойынша шырындарға аймақтық бағалық айырмашылық негізігі үш бренд арқылы берілген: Gracio, Juicy және Айналайын.

Аймақтар бойынша шырын бағаларының айырмашылықтары бар, үлкен емес, бірақ айырмашылық орташа есеппен алғанда 1 литріне 10 – 15 теңгеден артық емес. Осылайша, Қазақстандағы шырын саудасының нарығы дамыған және бағаны тұрақтандыра алады деп айтуға болады.

Айналайын шырынының бағасы Астана және Қостанайда артады Juicy Астанада қымбаттайды және Қостанай мен Өскемен қалаларында аздап қымбаттайды. Астанада барлы шырын түрлеріне деген бағаның жоғары екенлігін айтуға болады. Бағаның неғұрлым үлкен айырмашылығы Астана мен Павлодар қалаларының шағын маркеттерінде байқалады.

 

Табиғи шырын концентраты 250 литрлік бөшкелермен дайындаушы зауыттардан үздіксіз жеткізіліп тұрады. Автоматты желі сағатына 2100 литр шырын өндіре алады. Қазірше 1,5 литрлік қағаз пакетпен табиғи алма шырыны шығарылуда. Кәсіпорын өніміне сұраныс көп көрінеді. Шырын өнімі Жезқазған, Сәтбаев өңірлерімен қатар Қарағанды, Семей қалаларына да жөнелтілуде.

 

Шырындарды тұтыну деңгейін салыстырсақ, Қазақстанда тұтынушылар әлі де болса Еуропаның солтүстік елдеріндегі шырынды тұтынудың орташа көрсеткіш- терінен (халықтың жан басына шаққанда 24– 28л) артта қалып келеді.

 Мысалы, Германияда табиғи шырындарды тұтыну ерекше жоғары мәнге ие: онда халықтың жан басына шаққанда табиғи шырындарды тұтыну 42–44 л. Ресейде қазіргі көрсеткіш 10 л деңгейіне жетіп отыр. Ал Қазақстанда халықтың жан басына шаққанда табиғи шырындарды тұтыну 8 – литрден келеді. Нарыққа ұсынылған өнімдерді таңдау барысында тұтынушының назары, ең алдымен, жарнамалануы көп өнімге ауады. Оның қасиеттерін алдын – ала білуі және басқа ұқсас өнімдерден ерекшелену сипаттарымен таныс болуы, тұтынушыны осы өнімді сатып алуға итермелейтіні сөзсіз. Қазақстандағы шырын нарығын тұтыну сұранысының өсуі халықтың шырындарды тұтыну қабілетінің жоғарлауына байланысты. Алайда тағы бір маңыздысы– тұтыну- шылардың экологиялық таза өнімге деген қызығушылығының артуында. Табиғи шырындар өніміне деген сұраныс, ірі қалалардағы өмір сүруге зиянды фактор- лардың әсерін бейтараптандыру, сондай-ақ ағзаға жетіспейтін дәрумендерді толықтыру қажеттілігінен туындайды. Тағамдар дәрумендерге тапшы болатын қыс пен ерте көктем айларында жеміс және көкөніс шырындары, әсіресе балалар үшін өте бағалы тағам болып табылады

Шырын сыққыш арқылы алма шырының дайындау тәсілі

      

Табиғи таза шырындар ішіп жүріңіздер!

Жаңадан сығып алған шырын - біздің ағзамызға өте қажетті дәрумендерге бай. Сондықтан қаптама сыртындағы "қалпына келтірілген шырын" деген сөзді оқып, алаңдамай-ақ қойыңыз. Бұл шырынның құрамы жаңадан сығып алған шырынмен бірдей. Барлық ауруға ем демесек те, денсаулыққа өте пайдалы. Кез-келген шырынның калориясы аз болады. Өйткені оның құрамындағы глюкоза және дәрумендер тез қорытылып, ағзаға тез сіңеді. Қуат беретін әрі кейбір емдік қасиеті бар шырын, іш-құрылысында ақауы бар кейбір адамдарға өте пайдалы. Егер ыстығыңыз көтеріліп жатса, оны басатын дәріден гөрі, бір стақан шырын ішкеніңіз артық.
        

Шырынды дайындап болғаннан кейін 1 сағат өткесін ішіңіз немесе қақпақтан ауа өтпейтіндей етіп жауып тоңазытқышқа салып қойыңыз. Немесе дайын болғаннан кейін бірден қатырып алыңыз да, мұзы ерігеннен кейін ішіңіз.

           Шырын құрамында көп мөлшерде секер мен органикалық қышқылдар болатындықтан, шырынға аз ғана су қосып арнайы шырын сорғыш құралдармен сорып ішкен жөн.  Немесе  шырынды ішкеннен кейін ауызыңызды сумен шайып отыруыңыз керек.

           ✴ Егер асқазаныңыз ауыратын болса, шырынды ішпегеніңіз жөн.          

 

 

Қорытынды: 

Осы тақырыбы бойынша жұмыс істеу кезінде мен жеміс жидектер және шырын түрлері туралы көп білдім. Бұл шырындарды  үйде де жасауға  болады екен. Алма, алмұрт,мандарин, апельсиннің шырыны денсаулыққа пайдалы екенін мен достарыма да айтып жүретін боламын. Оларды көбірек жеу және ішу қажет. 
Өзім шырын, жасаған кезде болашақта одан әрі көп нәрсені үйренуім керек екенін білдім. Бұл жұмыс мені көп ізденуге, шыдамдылыққа, алға қойған мақсатыма жетуге үйретті. 

 

Шешімі:

           1. Пайдалы табиғи шырындарды күнделікті өмірде адам денсаулығы үшін дәрумендер ретінде жиі пайдаланудың қажет. 
2.Мектеп асханасында пайдалы табиғи шырындарды үнемі беру керек.

           3.Ата-аналар мен оқушылар арасында  табиғи шырынның емдік қасиеті туралы жиналыста,жиындарда,сынып сағаттарда айтылсын.

           4.Теледидардан табиғи шырындардың пайдасы туралы көбірек  жарнама мультфилімдер,бейне баяндар ,бейне фильмдер көрсетілсін.

           5. «Стақандағы иммунитет»  жадныма жасап  ата-аналар мен балаларға тарату.

6. Халықаралық күнтізбедегі атаулы күндердің қатарына «Дүниежүзілік   шырын күні» атты мерекені қосу керек .

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Өсімдіктану оқулығы (6 сынып) 
2. Журнал «Добрые советы» 
3. «ЗОЖ» газеті 
4. «Айгөлек» журналынан ақпараттар (авторлар: Р.Әлімқұлқызы, Б.Дүйсебайқызы, Е.Тұрбекқызы) 
5. Интернет материалдарынан мәтіндер, суреттер.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив