Тарихи тұлға, аруақты ер Құттығай Сатыбалдыұлының өмірі мен ерлігі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы  Исатай ауданы

Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебі

 

 

 

 

 

 

                                     Абзалова Жайнар Амангелдіқызы

                                      10 - сынып оқушысы

 

 

 

 

«Тарихи тұлға, аруақты ер Құттығай Сатыбалдыұлының өмірі мен ерлігі»

 

 

 

 

 

 

Бағыты: Қазақ батырлары

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Жетекшісі: Қойшекен Светлана Жақсығұлқызы

                                        Аққыстау орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

                                        2017 жыл

                                                        ЖОСПАР

 

 

І. КІРІСПЕ

 

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

2.1. ХVІІ ғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы.

 

2.2.  Қазақтың қайраты мен айбаты болған  - Құттығай

 

2.3. Атақонысқа оралған - Ататоры

 

2.4. Құттығай батырдың есімі – тарих еншісінде.

 

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. КІРІСПЕ

 

Туады ерлер ел үшін

Өлмейді ісі мәңгілік,

Өшпейді абзал есімдер.

Ұрпаққа жетіп мәңгілік

Кешпейді есіл ер – деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған. «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - ұран» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы  - біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр – тарих.  «Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Ондағы мақсат – ұлыларды зерттеп, олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету.

         Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауынан қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, 

Тоныкөктен бастап, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады.

Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: «Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді» - деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады: «Кедей халықты бай қылдым, Аз халықты көп қылдым... Түркі иелігінен айырылған халықты Ата-баба мекеніне орнатты...» делінген еді. Бұл жазбадан патриотизмнің ата-баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, ел бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші деп есептеймін. 

        

                                                           2

2.1. ХVІІ ғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы.

 

Ұлт болмысындағы асқақ рух, ерлік мінез, елдік пәтуа – бірлік сияқты қасиеттер ең алдымен тарихи категория. Ондай қасиеттер биліктің пәрменімен, байлықтың дәрменімен аз аяда қалыптаса қоймайды. Ұлт болмысы, тарихтың толғақты кезеңдерінде қалыптасып, тағдырлы іс-әрекеттер барысында шыңдалады. Бұл басы ашық ақиқат. Қара орман халқының қамы үшін Асанқайғыны күңіренткен, Қазтуғанды ширықтырған, Кенесарыны азаттық үшін арпалыстырған сөз жоқ, ең алдымен ұлт болмысының көріністері, елдік қасиеттерінің айғағы. Иса Байзақов айтпақшы: «Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды. Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды».

Рас, қазақ халқының бойында елдік қасиеттің, сол елдік қасиетті бәрінен де жоғары қойғызатын асқақ рухтың тек тамыры әріден бастау алады. Қазақ хандығының шаңырағын көтерген ел-жұртттың болмысындағы әріден бастау алған асқақ рух, әсіресе жоңғарлармен арада болған шайқастарда одан әрі шыңдала түсті.  

ХVІІ ғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басында  Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-феодалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына шабуыл жасады.

Жоңғарларға ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда Жоңғария, Тарбағатай және Іленің бас жағында өмір сүрген батыс моңғол тайпалары жатады. Тарихи

әдебиеттерде олар жоңғар қалмақтары немесе ойраттар деп те аталады. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында бұл тайпалар шығыс моңғолдарын екінші қатарға ығыстырып, күшті Жоңғар хандығын құрды. 1635 жылы Жоңғар хандығының негізін салушы және алғашқы билеушісі қонтайшы Батур болды. Оның ішкі және сыртқы саясаты Жоңғар хандығының нығаюына ықпал етті. Оның бастамасымен жоңғар билеушілерінің 1640 жылғы қыркүйек айында өткен құрылтайында көшпелілерге өз билігін орнықтырған заң жасалды. Қазақ және жоңғар халықтары арасындағы жайылым үшін күрес жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысына алып келді. Жоңғарларды әсіресе Оңтүстік Қазақстандағы сауда, қолөнер орталықтары, Ресеймен және шығыс елдерімен байланыстыратын керуен жолдары қатты қызықтырды. Оларды иелену жолында Қазақ және Жоңғар хандықтары арасындағы күрес жылдан-жылға өрши түсті. Жоңғарларға қарсы саясатты оңтүстік-шығыста Қытайдың Цинь үкіметі де жүргізіп отырды. Яғни жоңғар қонтайшылары о бастан-ақ екі жақты соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Жоңғар хандығының ХVІІ ғасырдың 90-жылдарындағы Цинь империясына қарсы соғысы оларға аса ауыр тиіп, шайқастардың бірінде

                                                        3

билеушілері Қалдан Бошокты қаза тапты. Жоңғарларға жаңадан хан болып көрнекті тарихи тұлға, әрі қолбасшы Севан Рабдан (Цеван Рабдан) келді.  (1697-1726 жж). Ол әртүрлі дипломатиялық  амалдармен жиырма жылдай Манчжур әулетінің билеушілерімен ашық соғысудан жалтарып, өз билігін күшейтумен айналысты. Мұның өзі Жоңғар хандығының тез арада күшеюіне мүмкіншілік жасады. Енді олар өздеріне жақын маңдағы Шығыс Түркістанды, Тянь-Шань қырғыздарының қоныстарын, Саян-Алтай даласын жаулап алуға мүмкіндік алды. Осы мақсатты орындау үшін жоңғар билеушілері қазақ даласына да үздіксіз жортуылдар ұйымдастырып, көптеген тұткындар мен малдарды айдап кетіп отырды. Осындайда Еділ бойындағы қалмақтар да қарап жатпай, Жайық казактарымен және башқұрттармен бірге қазақ даласына оқтын-оқтын шабуылдар жасаумен болды.  ХVІІ ғасырдың 80-жылдарынан бастап жоңғар тайпалары Жетісудағы, Шу және Талас өзендері алқаптарындағы қазақ жайылымдарын басып алды. Бірақ бұл уақытша табыс еді. Көп кешікпей-ақ қазақтар қарсы шабуылдар жасап, жоңғарларға мықты соққылар берді. Сонымен бірге, қазақ жастары Еділ қалмақтарына қарсы да сәтті ұрыстар жүргізді. Осыған байланысты Еділ қалмақтары арасында өзара жанжал туындап, олардың біразы – 60 мыңдай отбасы шығысқа бет алып, Алтайға қоныс аударуға мәжбүр болды. 1708 жылдан бастап жоңғарлардың қазақ жеріне жаңа шабуылдары басталды. Бұл соғыстарда екі жақ кезек жеңіске жетіп отырды. Алайда қазақ жерін басып алу жоңғарлардың басты мақсатына айнала бастады. Шамамен 1710-1717 жылдар аралығында жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне басып кіріп, халықты қан қақсатты.

Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия

хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үшіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік –шығысындағы сауда –қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды құл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.

Шығыстан баса көктеп кірген Жоңғар әскері өзінің басымдығын пайдаланып, ХVІІ ғасырдың соңы –ХVІІІ ғасырдың басында Жетісудың бір бөлігін жаулап, Сарысу өзені алқабына дейін жетті. Соққының ауыр

                                             4

болғандығы соншалық – енді қазақтың ел болу-болмауы өзекті мәселеге айналып, үш жүздің ортақ жауға бірлесіп күресуі тарихи қажеттілік ретінде күн тәртібінде тұрды. Осы мақсатпен 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері Қарақұм маңында бас қосып, жоңғарларға соққы берудің мүмкіндіктерін талқылады. Қарақұмның орналасқан жері Аралдың солтүстік және солтүстік-шығыс өңірінен Ұлытау сілемдеріне дейін созылып жатты. Қарақұмда өткен жиылысқа барлық үш жүздің өкілдері, билер мен батырлар қатысты. Қазақ даласына шындап қауіп төнгенін байқаған Тәуке хан ойластыра келе, қазақ жасақтары мен қазақ руларын басқарудың жаңа әдісін осы Қарақұм мәжілісінде талқылауға ұсынды. Бұл бойынша хан тұқымынан шыққан сұлтандар билігін шектеп, халық арасынан шыққан билердің басшылық ролін көтеру көзделді. Яғни, қазақтың үш жүзі енді билер арқылы басқарылатын болды. Мұның өзі орталықтандыруды нығайтып, жауға қарсы қазақ жасақтарын құруды, қорғаныс қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін еді. Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Тама Есет бастаған атақты батырлар жеке ру, тайпаның ғана емес, бүкіл үш жүздің қолын жасақтау қажеттігін алға тартты. Қарақұмдағы мәжіліс Тәуке ханның жасы ұлғайғандығын ескеріп, оған Қайып пен Әбілқайырды серік етіп сайлады. Ал Бөгенбай қалмақтарға қарсы қазақтардың жетекшісі болып белгіленді. Осы кеңестің шешіміне сай жоңғарларға қарсы біріккен халық жасағы құрылып, соның күшімен жоңғар әскері шығысқа қарай ығыстырылды. 1711 жылы жоңғарлар қазақ даласына тағы шабуыл жасағанда, қазақ батырлары тізе қосып, жауға айтарлықтай тойтарыс берді. Жоңғар қонтайшысы Севан Рабданның қазақ жеріне 1713 жылғы жорығы да сәтсіздікпен аяқталды.

Қазақ мемлекетінің ахуалын қиындатқан тек жоңғар елінің ұдайы шабуылдары ғана емес. Солтүстік-батыстан башқұрттар, солтүстіктен Сібір казактары елдің мазасын алса, оңтүстікке іргелес орналасқан Қоқан, Хиуа

мемлекеттері де қазақтардың қиын жағдайын пайдаланып қалуға тырысты. 1718 жылы Аягөз өзені бойында қалмақтардың қалың қолы осы маңдағы найман және жалайыр тайпаларының қоныстарына баса көктеп кірді. Жауға қарсы қазақ жасағын Тәуке ханның ұлы Қайып бастап шықты. Мұнда Әбілқайыр бастаған Кіщі жүз қазақтары да жауынгерлік белсенділік танытты. Қалмақтар ағаш бөренелерді кесіп, олардан биік өре жасап, соның үстіне шығып алып, қазақтарға қарсы садақтан оқ жаудырды. Түнге қарай қазақтар кесілген ағаштардан қалмақтардікінен де биік бірнеше мұнара тұрғызып, олардың үстінен қалмақтарды екі күн бойы қарша жауған садақ оғымен атқылады. Мұның өзі ақырында қалмақтарды қашуға мәжбүрледі. Бұл шайқаста Қаракерей Қабанбай басқарған қазақ жасақтары үлкен белсенділік танытты. Алайда Қайып ханға бағынғысы келмеген Әбілқайырдың өз әскерін алып, ұрыс даласынан кетіп қалуы қалмақтардың соңына түсіп, оларды біржолата күйретуге мүмкіндік бермеді. Сондықтан да жаудың қолын талқандаған бұл жеңіс те қазақ елінің ауыр жағдайын жақсарта алмады.

 Қазақ хандығының тәуелсіздігіне мейлінше қауіп төндірген басты

                                              5

жауы Жоңғария әскери-көшпелі мемлекет еді. ХVІІІ ғасырдың алғашқы

ширегінде Цинь (Қытай) империясымен уақытша болса да қарым-қатынасын ретке келтірген Жоңғария барлық күш қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алды. Қазақ елін талқандауды көксеген жоңғарлар өздерінің жоспарын тезірек іске асыруға талпынды.

1723 жылы қазақ билеушілері арасындағы өзара алауыздықты пайдаланған жоңғардың қалың қолы қазақ жеріне тұткиылдан баса-көктеп кірді. Жетісуды жапыра, Қаратауды басып өтіп, Талас алқабында көшіп жүрген қазақ ауылдарына ойран салды. Бүл «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» басы еді. Жау соққысына төтеп бере алмаған Ұлы жүздің көпшілік рулары мен Орта жүздің бірқатар рулары Шыршық өзенінің Сырдарияға құяр сағасына өтіп, Ходжентке қарай беттеді. Орта жүздің басқа рулары Самарқандқа ойысты. Кіші жүз Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне қарай ығысты. Шапқыншылармен арпалысқан қазақтардың бір бөлігі Тобыл губерниясының шекарасына жақындады.

Жоңғарлардың күтпеген жерден бірнеше бағытта ұйымдастырған шапқыншылықтарының зардабы, бейқам жатқан қазақ ауылдары үшін тіпті ауыр болды. Мал-мүлкін, тігулі үйін, асулы қазанын тастап, бас сауғалауға мәжбүр болған қайғылы жағдай қазақ жерінде моңғол шапқыншылығынан бері қайталанбаған еді. Ел басынан кешкен осынау қайғы-қасірет әйгілі «Елім-ай» әнінің мұңлы-зарлы шумақтарынан анық байқалады:

«Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ел-жұртынан айырылған жаман екен,

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман, қысқан заман,

Басымыздан бақ дәулет ұшқан заман,

Шұбырғанда ізіңнен қар борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман».[3]

Жоңғар шапқыншылығы Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың түбегейлі өзгеруіне әсерін тигізді. Қазақтардың оңтүстікте өзбек хандықтарына, ал батыста Еділ қалмақтарының иелігіне жақындауы – көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты біршама күрделендірді. Жайық бойындағы іргелес казактар, оңтүстіктен қарақалпақтар, өзбектер онсыз да азып-тозған ауылдарды шабуылдап, жағдайды одан әрі қиындатты. Әсіресе қалмақтардың шапқыншылығы барысында қатты ойрандалған Жетісу өңірі болды. Әрине, алғашқы жаудың қауырт шабуылдарын өздеріне үздіксіз қабылдаған Шығыс өңірінің ахуалы да тым аянышты еді. 1725 жылы шабуылын үдеткен жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды. Оңтүстік ауданның елді мекендері мен дәстүрлі керуен саудасына нұқсан келді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар қолында қалып қою қаупі төнді. Ел билігіндегі хандар мен сұлтандар ауызбірлік танытып, жоңғар шапқыншылықтарына қарсы күресті ойдағыдай үйлестіре алмады, мұндайда олар өзара қырқысып, халықтың хал-жағдайын тіпті ауырлатып жіберді.

                                              6

Қазынасы мол, халқы көп Қазақ Ордасының шегінде көк күмбезді Түркістан қамалы биік Сауран, топырағы мол Ташкент бастаған жиырма бес қала бар екен. Алаш жұрты осы базарлы кенттерінің бәрінен айырылды. Экономикалық қана емес, рухани да орталық болып отырған мешіттері, медреселері бар шаһарлардан аулақтағаннан соңғы жерде қазақ ислам дінінен де қашықтады, белгілі мөлшерде дінсіздену халықтың ұлттық санасын, иманды ожданды рухына көлеңке түсірді. Алаш ұлының рухани мәдениеті орны толмас қазаға ұшырады. Түркістандағы Әзірет Сұлтан дүрбесінен бастап, Сауран, Шымкент, Сайрам, Ташкент, Созақ және басқа қалалардағы мешіттер қоймасында сақталған бай кітапхана, ондағы діни – фалсафалық еңбектер, ескі тауарихтар мен шежірелер өртке кетті, талан-таражға түсті, жойылды. Біз Қазақ Ордасы құрылған кезден бергі барлық жазба мұрамыздан айрылдық. Ақтабан шұбырындының ең үлкен кеселі – демографиялық апат алаш жұртының есімін қайта оралмас екі ғасырға кері шегерді.

Қазақ халқы «ақтабан шұбырындының» ауыр жылдарында сұмдық қиыншылықтарға қажымай, бойындағы бар қайратын сарқа жұмсап, тұс-тұсынан қаптаған жауларға қарсы қажырлы күрес жүргізе отырып, өзінің азаттығын, елдік еркін қорғап қалды. «Қазақ халқы жерінің едәуір бөлігін жоғалтып, бірқатар тар кезеңдерді басынан кешкендеріне қарамастан, елдің саяси және экономикалық дербестігін сақтай білді, жауына соққы беретін тың күш жинап, жоғалтқан иеліктерін қайтарып алды».

         Жоңғар қалмақтарының шапқыншылығы жағдайында халықтың негізгі сұйенері олардың өз арасынан шыққан, елін-жерін жан-тәнімен қорғаған батырлар болды. Соңдарынан тұтас рулы елді ерткен, жанқиярлық ерліктерімен есімдері аңызға айналған Есет, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Шапырашты Наурызбай, Баян, Жайғашар (Шақантай), Жәнібек, Құттығай, тағы басқа батырлар жеке қол

құрап, күресті тоқтатпады. Атақты жыраулар толғауларында сипатталған бұл халық батырлары атамекенді жаудан тазартуда ерекше ерлік пен табандылық көрсетті. Бұрын бытыраңқы қимылдап келген қазақтың үш жүзі жасақтарының басқыншылырға қарсы тізе қосып, біріккен қимылдары 1726 жылы басталды. Осы жылы Қазақстанның оңтүстігіндегі Бадам өзені алқабындағы Ордабасы тауының етегінде үш жүздегі қазақ билерінің қатысуымен үлкен құрылтай болып өтті. Бұл ұлы жиынға Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс тәрізді қазақ хандары, Төле, Қазыбек, Әйтеке тәрізді елге танымал қазақ билері бастаған рулық билер, сондай-ақ осыған дейін жауға қарсы күресте даңққа бөленген атақты қазақ батырлары мен қолбасылары қатысты. 1726 жылы Торғай даласындағы Сарысудың орта ағысы алқабында, Бұланты және Білеуті өзендері аралығындағы Қарасиыр деп аталған кең жазықта біріккен қазақ жасағы жоңғарларға ойсырата соққы берді. От қарумен қаруланған жоңғардың қалың қолы қазақ батырларының біріккен күшіне төтеп бере алмады. Осы қанды шайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың 60 мыңдық қолының толық жеңісімен аяқталды. Қалмақ қолдары жеңілген сол жер кейіннен «Қалмақ қырылған» деп аталып кетті.

                                                         7

Бұл жеңістің қазақ халқының рухын көтеруде орасан зор маңызы болды. Ендігі мақсат – қазақ жерін түгел жаудан тазартып, елдің тәуелсіздігін толық қалпына келтіру еді. «Қалмақ қырылған» шайқасы, негізінен, Қазақстанның солтүстік-батыс өңірін азат етті. Елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде Жетісу өңірінде әлі де жоңғарлар үстем болатын. Басқыншылар тарапынан болатын қауіп-қатер жойыла қойған жоқ. Қазақ жерінің шетел басқыншыларынан түбегейлі тазаруы үшін әлі де болса табанды күрес қажет еді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысының жеңіспен аяқтауында Аңырақай шайқасы аса маңызды рол атқарды. Аңырақай шайқасы өткен аймақта Бота бару, Қарашек, Әбілқайыр тауы, Бес қайғы, Түйе мойнақ, Мезгіл, ойлы-қырлы жерлердегі Жиделі, Дала қайнар, Жыңғылды, Тезек және басқа да кішігірім өзендер орналасқан.

         Аңырақай тауы мен Алакөл көлі 1723-1730 жылдардағы Отан соғысында аса маңызды стратегиялық орындарға айналды. Қазақ жасақтары Жетісу аймақтарын азат етуді осы жерден бастаулары қажет болды, Сарысу мен Ұлытауға Шу өзені бойымен осы жерлер арқылы ғана шыға алды. Қазақ жасақтары осы жерлер арқылы Қарқаралы тауына бара алатын еді. Қазақ жерлерін жоңғар шапқыншылығынан азат етудің мүмкіндігі туды.

         Тарихта «Аңырақай шайқасы» деп аталып кеткен бұл тарихи оқиға қазақ халқының жатжерлік басқыншыларға қарсы күресте ерекше орын алады. Мұндай жеңілісті бұрын-соңды көрмеген жоңғарлар осы жолы жаппай қырғынға ұшырады. Қазақ әскерінің тегеурініне шыдамаған жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінеді.

         Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары арасында туған алауыздық жоңғарларды толығымен талқандауға кесірін тигізді. Қазаққа аға хан болып сайланған Болаттың өлімінен кейін бас қолбасшысы Әбілқайыр хан мен Орта жүздің ханы Сәмеке таққа таласып,

жаңа ғана түбегейлі жеңіске жеткен халық жасағының ішінде іріткі туғызды. Әбілқайыр Кіші жүздің әскерін бастап Қазақстанның солтүстік-батысына қайтып оралса,  Сәмеке Орта жүздің жасағын терістікке бөліп әкетті. Осындайда Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүздің әскері қайтып оралған жоңғардың жаңа қолына қарсылық көрсете алмады, яғни оңтүстіктегі қазақ даласы уақытша жоңғар билігінде қалды. Сөйтіп, қазақ хандары мен сұлтандары арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяқсыз қалды. Жоңғар қаупінің жойылмауы ел билеушілерінен қазақ жерін сыртқы қауіптен құтқаратын басқа да дипломатиялық саяси жолдарды іздеуді талап етті.

         Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі мынадай кезеңдерден тұрады:

1.Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.

2.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.

3.Жоңғар мемлекетінің күйреуі.   

Қазақ-жоңғар соғысында Жоңғар хандығы біржолата жойылды. Ал, қазақ хандығы жаралы жолбарыстай қансырай келіп, Ресейдің

                                                8

бодандығының тұзағына шырмалды. Осы жерде мәселе қазақ-жоңғар соғысының қалай басталып, қалай аяқталғанында емес. Мәселе сол соғыс барысында қазақ ұлтының болмысына елдік рух пен ерлік рухының біржола дарып үлгеруінде. Қазақ халқының ағартушысы Шоқан Уәлиханов айтқандай, ол заман қазақ халқы үшін шын мәнінде ерлік пен серіліктің заманы болды. Адам санасын айғақтаған небір сындарлы сәттер эпикалық жыр түрінде, ұлағатты әңгіме-мысал түрінде, сұңғыла сарынға толы ән-күй түрінде халық жадында орнықты. Әрине, мұның бәрі халық көкірегінде тыныш жатпайтыны, ұрпақтың жігерін жанып, қайратын ұштап, елдік пен ерлік рухын шыңдап отыратыны белгілі.

 

2.2. Қазақтың қайраты мен айбаты болған  - Құттығай.

 

         Қазақ халқы үшін елдігі мен ерлігіне ең бедерлі айғақ болатын да, жан-жүрегіне барша шындығымен шабыт дарытатын да, тәуелсіздікті қорғау жолында жалтақсыз құрбандыққа бастайтын да бірден-бір тағылым мен тарихи кезең қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізген соғысы болса керек.

         Өкінішке орай, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар аясында қазақ халқы бастан кешкен қаһарлы кезең туралы объективті ақиқат әлі де болса жете зерделенбей келеді. Халық жадында сақталған айғақ-деректер жан-жақты сараланбай, тарихи баян мен ғылыми ой-тұжырымдардың азығы бола алмай келе жатқаны өкінішті-ақ. Әсіресе қазақ хандары мен билерінің саяси қызметі, қазақ жасақтарының шыңдалған соғыс өнері, қазақ батырларының ұлттық өресі боп күйіп-жанған құрбаншыл ерліктері әлі де болса өз орнымен,

өз жөнімен парақтала қойған жоқ деуге болады.

         Осындай себептермен қаншама тарихи тұлғалардың ел мерейін өсірер өнегелі істері тарих тұңғиығынан көмескіленіп барады десеңізші! Елінің бақыты, жерінің бүтіндігі үшін етігімен су кешіп, ерліктің өнегесін көрсеткен батырлардың бірі - Құттығай Сатыбалдыұлы

            Тарихи  ресми деректерге сүйенсек, Құттығай Сатыбалдыұлы (1702-1743) ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысында қазіргі Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының аумағында өмір сүрген. Тегі - Беріш руының Жайық атасынан.

Құттығай ХVІІІ ғасырдың 20-30 жылдарында қалмақтармен талай шайқастарға қатысып, ерлігімен көзге түскен. Қалмаққа ұзақ жылдар хан болған Қалдан-Церен Нарын тұсында (қазақтар оны батырлығына, қатыгездігіне орай Аюке деп атап кеткен) қалмақтар орыстарға арқа сүйеп, Кіші жүз қазақтарына, әсіресе Байұлы ұлысына көп қорлық көрсеткен. Еділ мен Жайықтың арасын кең жайлап, мыңғырта мал өсіріп, күшті байыған екен. Қазақтардың малын олжалап, оны Жайық өзенінің оң жағына айдап өткізіп алып кетіп отырған. «Ақтабан шұбырындыдан» кейін қазақ даласы жауға қарсы жан аямай соғысқанда Кіші жүз қазақтары да қалмақтарда кеткен кегін қайтара бастайды. Еділ-Жайық бойындағы қалмақтармен  

                                          9

соғыстарда Саржала, Құттығай, Шұбар есімдері қатар айтылады.

Саржала, Құттығай, Шұбар үшеуі құрдас екен. Олардың бір-біріне деген сыйластығы, қимастығы ерекше болыпты. Ұлы Отан соғысының ардагері болған марқұм Жұмағали Айтбаев деген ауданымызда шежіреші қарт болған,  ол кісі осы үш батыр туралы көп білетін еді. Саржала Құттығаймен құрдас дейтін. Саржала жорықта жүргенде екі ұлы, әйелі қайтыс болады, ол хабарды естіртуді құрдасы Шұбар батырға тапсырады, сәлемді Саржала береді екен. Шұбарға «Ассалаумағалейкүм» деп амандасқанға құрдасы не болып қалды деген сауалға «не болсын, Аспаның аспанға ұшты, Зембілің жерге түсті (Аспан, Зембіл Саржаланың қайтыс болған ұлдарының аты екен) әйелің қасына жатты» дейді. Сонда Саржала «Апырай Жанбайым (еншілес інісі екен) тірі ме?» деп сұрайды, тірі дегенде «Е, онда болды, бала-белде, қатын –жолда»,- деп ауыр қайғыны сыр бермей көтеріп жүре беріпті-мыс.

Құттығай, Саржала, Шұбар батырлардың, өзгелердің де өнегелі ісі, ұнамды сөзі батырлар мен сарбаздар, оларды бастаған қолбасшылар хан тағына таласпай, елін, жерін қорғап, елдің елдігін сақтап, өздерінің билеуші әмірлері мен ел басқарып отырған  хандарын қорғап, ел тыныштығын сақтауды мұрат тұту болып табылады.

1728 жылы Бұланты өңірінің бойында, 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Аңырақай жазығында болған шайқастарға Тайлақ батыр басқарған кіші жүз әскердің сапында қатысқан Құттығай елге оралысымен Шұбар, Саржала батырлармен бірге құба қалмақтардан Тайсойған, Нарын өңірлерін азат етеді. Жаудан босаған Ойыл өңірінің орта сағасына ағасы Айбастың ауылын Тұзтөбеден әкеліп қоныстандырады. 1738 жылы 11 айға созылған, 20 мың үйлі қалмақты қазақ даласы арқылы Қытай шекарасына қарай тықсыра қуған жорыққа Құттығай мыңбасы ретінде қатысады. Оның 9 ұлы болған, бәйбішесінен тарайтын Қазанқап, Көрпе, Көбек, Елші, Кешу атты балалары шамамен 1724-1731 жылдардағы жорықтар кезінде дүниеге келген. Ал екінші әйелінен – Қасболат, Байболат, жорықта олжалаған қалмақ қызы Марқадан Тасболат, Құлшан туған. Құттығайдан тараған ұрпақтары қазіргі кезде Атырау обылысының Исатай ауданында тұрады. Оның Сәт деген немересі кезінде сынықшы, көріпкел атанған қасиетті адам. Сонау Сәт атадан бастау алып, әкелі – балалы Құрас пен Зинеденге ұласып, ағалы-інілі Уәлитхан, Рысбаймен тірлікте тінін тартып, бүгінде шөбере Бауыржанмен ұрпақтарға жарасымды жалғасын тауып келе жатқан шипагерлік қасиетінің орны ерекше деп ойлаймыз. Ал Басықара атты немересі Исатай батырдың сенімді серігі, қол бастаған батырдың бірі болған.  Осы Басықараның ұрпақтары 1925-1930 жылдары Нарын құмында кеңес үкіметінің саясатына қарсы көтеріліп, ол көтеріліс күшпен басылды, басшылары қызыл отрядпен атыс кезінде қаза болып, қолға түскендері түрмеге айдалып, қатаң жазаланады. Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласынан оралмағандары да аз емес.

Құттығай қайтыс болғаннан кейін, оның ұрпақтары қазіргі Шыңғырлау

                                                 10

ауданы, Тіксай ауылында, Торыатбасы тауының маңында  1801 жылға дейін өмір сүрген. Құттығайды жалғыз, өзіне қоса бір тұлпарын, барлық құрал-сайманымен жерледі деген аңыз бар. Сол кезде ондай әдет батырларды жерлеуде болған. Құттығай қауымында шешесі және төрт баласы жатыр, басқалай адам жерленбеген. Осы жерді халық қасиетті тұтып, қастерлеген, ауру-сырқау, т.б.-ға демеу іздеп ,тілек тілеп, ата басына келіп түнеп тұрған.   1800 жылдың басында Бөкей хан Нарыннан хандық құруға жер алып, халықты үдеріте көшіріп шығарғанда бұл жер бірнеше жыл бос тұрса керек. Содан кейін Табын, Тама руы (Жеті ру) келіп қоныстана бастаған. Табиғаты әсем Торыатбасы тауын жанай, қазіргі Марксизм ауылында (Тіксай) Құттығай ата зиратының қасымен Шыңғырлау өзені ағып жатыр. Бұл ауылда Салахаддин деген хазірет өмір сүріп, осы зираттың қасынан мешіт салады. Бала оқытады, өзінің бай кітапханасы болған. Мұнда бірнеше діндар адамдар білім алған. 1928-1932 жылдыры мешітті бұзып, құрылыс материалдарынан қызыл бұрыш үйін (красный уголок) салған. Батыс Қазақстан облысы энциклапедиясының 456-ші бетіндегі Салахаддин хазірет туралы дерек соның айғағы. Сол дерек мынау:

Салахаддин (т.-ө.ж.б. XIX ғасырдың II-жартысында Шыңғырлыу ауданы, Тіксай ауылында өмір сүрген) діндар. Ел арасында өзінің білімділігімен, тақуалығымен құрметке бөленген, мешіт ұстаған. Мешітте бай кітапханасы болған. Салахаддин хазіреттің Б.Сағынбаев, Тұманбаев, Ығылманов және Жексенғали сияқты шәкірттері болды. Жексенғали соңғы кезге дейін Шыңғырлау ауданының беделді молдасы атанды. Салахаддинің жеке мөрі Шыңғырлау ауданы, Отрадное атындағы музейде сақталуы.

    Осы ата жайлы Қуат Бекбенбетов, Құлкеш-Беріш Жұмағали, Жайық-Беріш Айбатыр, Барпыұлы Дәдеш, Байболұлы Қазбек, Қозыбайұлы, Нетәлі, Байтөреұлы Құмар молда, Құсайынұлы Әжігерей, Сақымбет ұлдары Әбілхайыр, Дайыр, Тана Алдонғар, Дәулетәлі Ақпанбетұлы, Ниғмет Ермекұлы, Қайыр молда Жақияұлы, Ізмұқамбет молда Ідірісұлы, Дәрісқали молда Иманғалұлы, Таз Мүтіш молда, Ибраимұлы Бектен, Нетәліұлы Бозша, тағы да басқа көнекөз қариялар кездескенде ұзын-сонар әңгіме қылып, бірін-бірі қоштап отыратын. Қайран шежіре қарттар-ай, сол уақытта аузынан шыққан әңгімелерді сол кездің ұрпақтары жазып алмағандарына өкінеміз. Торыатбасы туралы және Құттығай атамыз сол өңірде жерленді деп көп әңгіме айтушы еді.

Тайлақ батыр туралы жазба деректерге келсек. Бекежан Айбекұлы (1667, Ақтөбе өңірі, Мұғалжар тауы маңы 1730) – батыр, «Қыз Жібек» жырындағы Бекежанның прототипі. Сұрмерген садақшы, «қылыштың перісі» атанған. Ел арасында оның ерлігі баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі – башқұрт мырзасы Құрамыстың қызы Салиха. Одан туған Қайрат, Байрақ, Тайлақ деген үш ұлы да танымал батырлар. Тайлақ Аңырақай шайқасында Кіші жүз жасағын бастаса, Байрақ пен Қайрақ мыңбасы болған. Бекежан ба-тырдың дүниеден озуы жайында екі түрлі дерек бар: бірінде 45 жасында соғыстан алған жарақаттан қайтыс болды десе,

                                         11

екіншісінде түркімендермен болған соғыста мерт болды делінеді. Бекежан мен оның ұлдарының қабірлері Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының Шідерті өңірі бойындағы Тайлақ қорымында

 Алтайдан Еділге дейін ұлан-байтақ қазақ елі жатыр. Осы кең-байтақ жерді білектің күшімен, найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен ат үстінен түспей, мұз қатып, темірқазық жастанып, елін жерін қорғаған қазақ батырлары қаншама?! Солардың бірі емес бірегейі Саржала, Тоқтамыс, Шұбар, Құттығай батырлар екені ел аузынан жалғасып, бізге жетіп отыр. Олардың ұрпақтары түгелге жуық Нарын, Еділ мен Жайықтың арасын мекендеп, кейбір ұрпақтары Ресейдің Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара обылыстарында тұрып жатыр.

          Құттығай батыр алапат бір шайқастағы кескілескен жекпе-жекте қарсыласын қан қаптыра қылыштасып, ат үстінен мұраттай ұшырып, ойқастаған атымен кері бұрыла бергенін-де, қалмақтың жас батыры қылышын сермей Құттығай тура шабады. Батыр ұсынған қылышты шоқпармен тірей, өзі қылышпен басын ала сермегенде қарсыласының дулығасын қағып ұшырып, басы аман қалады да, төбесіне түйіп алған сала құлыш бұрымын көріп, әйел екенін бірақ білген батыр қызға бұғалық лақтырып, аттан түсіріп, өзінің оққағар қорғаушысына кері алып кетуге бұйырады. Иә, бұл қалмақ қызы Марқа еді. Батыр осы қалмақ қызына үйленіп, одан екі бала-Тасболат, Құлаш туады. Құттығай соғыстан алған жарақатынан 41 жаста қайтыс болады. Батыр қайтыс болғасын Марқаны қайын інілеріне атастырмақшы болғанда, Марқа Құттығайдан басқаға қатын болмайтындығын білдіріп, қарсы болып, көнбей қояды.

 Марқа батырдың бір атын жаратып әзірлеп, еліне қашып кетуге ыңғайлы сәтті күтіп жүрген. Құттығайдың шешесі онысын біліп, екі немересін күндіз-түні қарауылда ұстайды. Тасболат жүгіріп, ал Құлшанның еңбектеп жүрген шағы екен. Түн ортасы ауа Құттығайдың Ақтабан торы атаның сатырлаған шабысын ести сала қуғыншылар атойлап қуа жөнеледі. Жаранып тұрған жүйрік ат жеткізбей, Жайық өзенінен көктей жүзіп өткен Марқаны көрген қуғыншылар ары қарай қумай, Құттығайдың Марқадан қалған екі ұрпағының амандығын тілеп, кері қайтса керек.

            Бізге жеткен бабалар туралы әңгімелер бойынша, Нарын мен Тайсойған жерін құба қалмақтардан азат еткен жорықтарда болған соғыстан кейін Құттығай жеңіспен қайтып келе жатып, мың сан қолмен ағасы Айбастың ауылына соғады. Ағасы інісінің аман, жеңіспен оралған құрметіне ту бие, сүт емген тайлар сойып, сарбаздарына қонқасы береді. Суда өс-кен жас құрақты баулып, дастарқан төсеп,қоласпан мен (жас тал шыбықтардан тоқылған, ұстайтын тұтқасы бар үлкен астау тәріздес)табақшалармен ет таратып, қонақ қылды. Батыр сарбаздарын демалтып, бірер күн аялдағаннан кейін, жүрер шақта Айбас ағасымен қоштасуға келеді. Ағасына соғыста олжалаған қалмақ қызын тарту жасайды да, әйелдікке алуды сұрайды. Айбас ағасы:

Шырағым, мен дін жолындағы адаммын, кәпірге үйлене алмаймын,-деген.

                                                   12

    Мың сан қолға бұйрығын жүргізген Құттығай қатты ашуланса керек. Бес қаруын асын-ған батыр үй босағасында тұрған жеңгесі – Айбастың бәйбішесіне ұшқындаған отты көзін түйрей:

    -Әмірің менің ағама да жүрейін деген екен, - деп аяғын нық басып шығып кетеді. Айбастың бәйбішесі қайнысы аттанып кеткесін отағасына:

    -Жесіріңді алып қал. Алып қалмасаң, өз сөзін өткізе алмағасын сені ертең келіп шабары хақ, барлық кесірді менен көріп барады. Босағаны аттағанда, көзінің отты ұшқынынан осыны байқадым,-дейді.

    -Қайныңнан шыбын жаныңа сауға сұрасаң, өзің алып қал,-деді Айбас.

    Бәйбішесі үйдің бел арқанында байлаулы тұрған ерттеулі аттың ер-тұрманын сыпырып тастап (ол кезде азаматының ер-тұрманына әйелдер мінбейтін әдетболған), атқа терлік салып, жайдақ мініп, қайнысының артынан қуып жетеді. Қайнысына қуып жетіп:

     -Ағаңның жесірін тастап кет,-дейді. Сонда Құттығай батыр:

     -Сен қатынға да жан керек екен, әскерімді тартып болғасын кері айналып шаппақшы едім, ал,енді ашуымнан қайттым. Таңдағаныңды алып қал,-дейді.

      Қайнысының ашуы басылғанын сезінген бәйбіше:

     -Үйленетін мен емес, ағаң,- деп артқы арбадағы күйме ішінде отырған қалмақ қызын алып қалды. Сол қалмақ қызынан туған Тайсойған, Тайқара аталары – Айбас ұрпағы үлкен екі рулы елге айналып, Еділ-Жайық өңірінде тұрып жатыр ( Шежіре. «Беріш рының Себек, Жайық және Есен аталары» авторлары Ғинаят Жұмашев, Қайыржан Ғабдуллин. Атырау 1999 жыл, 42-бет.).

         Осы батырлар елі құба қалмақтар мен қанаттас көшіп-қонып жүрген. Жер дауы,жесір дауы туындап, үнемі соғысып, бірінің жеріне бірі шабуыл жасап, қиян-кескі ұрыстар болып тұрған. Құттығай батыр жауға шапқанда: «Уа,аруақ! Сұр жылан, қайдасың, қолдай гөр!» деп жалаң қылышын қынабынан суырғанда айбаттанып, күш-қуат беретінін аңызшылар былый суреттейді:

  «Қалмақтың Көбек деген батыры соғыс болмай тұрғанда қазақ елімен қанаттасып көшіп-қонып жүрген, Құттығаймен таныс болса керек. Олардың батырлығы аңызға айна-лып, найзагерлік, қылыш, шоқпар, бесқаруды қолдануын шебер меңгергендері бір-біріне қанық болса керек. Кейін жер дауы, жесір дауы кезінде екі халықты билеп отырған хандар соғыстан болғанда, бірінші болып жекпе- жекке қалмақтың Көбек батыры мен қазақтың Құттығай батыры түсетін болады. Екеуі де өз рухтарына, ұрандарына сыйынып, айқай салып, екі жақ та сырнайларын үрлеп, дабыл қағып, қас батырларға қолдау беріп, у-шу, азан-қазан болып, шайқастың үдіріс дауылын үдете түседі. Сол кезде екі топтан суырылып шыққан екі батыр найзасын оңтайлап, бір-біріне қарама-қарсы мінген тұлпарының жой-қын шабыстарымен ұрысқа кіріседі. Жекпе-жектен батыры мерт болған жақ бірінші болып алып күш сарбаздары бір-біріне ентелей ұмтылып қанжоса қырғын соғысқа жалғасады екен.

Атойлап шапқан қалмақ батыры Көбектің Құттығаймен найзаласуға

                                         13

деті шыдамай, бетпе-бет келмей, өз жағына кері шауып кетеді. Ал, Құттығай батыр болса, жекпе-жекке келмей, кері шауып кеткен жауының артынан қумай, әскеріне қайтып келсе керек. Қалмақтың қолбасшысы неге жекпе-жекке түспедіңдер деп ақырған. Сонда Көбек тұрып:

      -Құттығайдың белін орай, иығына асылған екі басты шұбар жыланды көрдім, қорыққаным емес, соны айтқалы келдім,-десе керек. Көшім даласындағы бір алапат айқаста найзаласқанда Құттығай Көбекті аттан құлатып, қылышпен шауып, құлаған денеге найза-сын шаншымай кете барады (жекпе-жекте жеңіліп құлаған қарсыласының кеудесіне найзасын шаншып өлтіретіні жекпе-жектің ақырғы айқасының белгісі еді). Көбектің қас батырлығын жауы болса да құрмет тұтқан Құттығай батыр кейін бір баласына Көбек деп ат қойған. Осы атадан туған ұрпақтар Еділ-Жайық ортасында, Нарын құмында, Саратов маңында қоныстанған. Басқа екі баласының ұрпақтарының аттары бізге белгісіз.Жоғарыдағы келтірілген ұрпақары көрші обылыстарда тұрып жатса керек. Кешу атасынан тараған, ауданымыздың ардақты қарттарының бірі, белгілі мәдениет қызыметкері, Аққыстау халық театырының атағын қорғаған рнжисер Ғатау Рамазанов Чапаев  атындағы совхоздың кәсіподақ комитетінде, басқа да қызыметтерде көп жылдар еңбек еткен. Ауданымызға белгілі ауыыл шаруашылығының бас маманы болған Елеусін Рахметов, Табиғат Рахметовтердің, Өмірәлиев Аққалидың ұрпақтары Тұяққали, Мұратқали және басқалары осы өңірде тұрып жатыр.

 Құттығайдың тоғыз баласының әрбіріне ат қоюдың да өз ерекшеліктері бар. Олардың бәрін бірдей талдап жазбай-ақ, бір баласының атына ғана тоқталсақ. Ол баласының есімі-Елші. Әбілхайыр және оның баласы Нұралы ханның тұсында Ресей елімен түрлі келіссөз-дер жүргізу үшін екі ел өзара елшілермен алмасады. Сондай бір елшілерді Ресей астанасы қазіргі Санкт-Петербург қаласына дейін жолда қорғап, қауіпсіздік шараларын  атқарған Құттығай батыр бастаған сарбаздар Сарытауға дейін шығарып салса керек. Сол жорықта дүниеге келген баласының атын Елші қояды. Бұл атадан өрбіген ұрпақтар Атырау қала-ында, Дамбы елді мекендерінде, Теңіз ауданында, Астырхан облысының Володар және Қарабайлы аудандарында тұрып жатыр.

 Жетібаулы Беріш, тағы дабасқа он екі ата байұлының балалары Сыр бойынан бері қозғалып, Беріштің Еенғұл атасының Сегізек деген байы жеті мың жылқысын Орынбор обылысының қазіргі Соль-Илецк (Тұзтөбе) өңіріне айдаған. Осы жерде Сегізек деген көлшік бар. Сол Сегізектің келіп қоныстанған жерін жағалай Беріш аталарынан тараған ел қоныстана бастайды. Жылы жақтан келген мал мен жан осы өңірдің қытымыр қысына, қалың қарына шыдай алмай, малдары көп шығынға ұшйрайды. Осы бір табиғаттың болмысына үйрене алмаған мал-жан қоныс аударып, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Торыатбасы тауының маңына келіп қоныстанады.

Батыр, қолбасшы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Батыс

                                         14

Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Торыатбасы тауының Тіксай елді мекенінде жерленген Құттығай Сатыбалдыұлының басына ескерткіш белгі қоюға мұрындық болған ағалардың бірі жерлес қаламгер, аймақтық «Мұнайлы астана» газетінің редакциялық алқа мүшесі, еңбек ардагері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, өлке тарихың зерделеуші  Мұрат Бектенұлы ағамыз еді. 

 Құттығай батыр атаның зиратын тауып, белгі  қоюға  үлес  қосқан  ата  ұрпақтары: Мақсотұлы Мәлік, Қалыбай - Тұхпатолла, Зинеденұлы  Рыспай, Сатқанұлдары Арыстан, Арман, Саулен Халелұлы, Мәжитұлы Махмуд, Сабитұлы Құрмет, ағалық қамқорлық жасаған Сақтай Бекқалиұлы, Рахметұлы Елеусін, т.б. қаржылай көмек көрсеткен барлық ұрпақтары және Құттығай атадан тараған қыздары, басқа да ағайындармен бірге еліміздің тарихын қадірлеп, елін, жерін қорғаған аталарды қастерлеген барша ел азаматтарына Алланың нұры жауып, ата-баба аруағы қолдағай.

2005 жылы 25 маусымда Құттығай батырға ұрпақтары ескерткіш орнатып келгеннен кейін, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында ұрпақтары батыр ата рухына арнап ас берді. Ауданымыздың зиялы қарттары, көнекөз қариялары ел аузындағы естеліктерді айтып, сыр шертті. Шұбар тегі Қабдығали Ғұбашев:  «Өлі аруақтардың рухына ас беру – ертеден келе жатқан дәстүрлі іс. Ол бір жылдан кейін, бірнеше жылдан кейінде, жағдайға қарай ұйымдастырыла береді. Кешегі бір кеңестік дәуірде аруақты ауызға ала алмағанымыз ұмытылған жоқ. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген бұрынғылардан қалған сөз бар. Олай болса, егемендіктің көк байрағы төбемізде желбіреп, елбасы еркіндік беріп тұрғанда, бақилық болғандардың рухын қастерлеу, құрметтеу – тіріге міндет, ұрпаққа парыз. Осы тұрғыда ұйымдастырылып жатқан Құттығай батыр бабаға арналған ас, оқылған дұға қабыл болсын, топырағы торқа болып, жаны жаннатта болғай дейміз.

         Бүгінгі істеліп жатқан шаруаның ерекше атап айтар жағдай бар: біріншіден, бұл шаруа үш ғасырдан кейін қолға алынған. Екіншіден, батыр бабаның әндері де облыс көлемінен шалғайда, белгісіз болып келген. Ұшіншіден, бәрі де бабамыздың ержүрек ұрпақтарының талмай іздестіруінің арқасында табылды. Төртіншіден, бабаның басына қомақтыда құнды ескерткіш белгі қойылып, Атырау, Орал, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарындағы баба ұрпақтары мен жанашырлары, ел зиялыларының бастары қосылды. Тағы аттары белгілі болғанмен, қазақ жерін басқыншылықтан, отарлау саясатынан азат етуде қан төккен қаншама ерлеріміз көпшілікке, кейінгі ұрпаққа белгісіз болып жатыр. Осындай ерлерді іздестіріп, жарыққа шығару, тарихтан тиісті орнын табуына атсалысу міндеті тұр. Құттығай батырмен үзеңгілес болған немере інісі Шұбардың, Себек-Беріш Саржаланың жерленген жерлері туралы мәліметтер бар. Соларды нақтылап, анықтау керек. Бұл ерте ме , кеш пе іске асуға тиісті шаруа».  

                Біздің көне тарихымыздың күннен-күнге көмескіленіп жетуі, сол кездегі жер дауы, елін қорғаудағы түрлі жорықтарда болған оқиғалар қаз-қалпында жетпеген. Біріншіден, сол кезде жазба тарихымыздың

                                                  15

болмағандығы себеп болған. Ал сол жорықтардағы оқиғаларды жырлаған ақын-жыраулардың арқасында, ауыз әдебиетіміз арқылы жетуі түпнұсқадан көмескіленіп, жылдан-жылға аңызға айналып бара жатқаны өкінішті-ақ. Құттығай батырдың ұрпақтары бірнеше жыл аталарының жатқан жерін Шыңғырлау ауданы, Батыс Қазақстан облысы, Торыатбасы тауы маңы екенін біле тұра, оны іздестіру және табу, белгі қоюға тек қана еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ұрпақтарының қолы жетті. Қойылған белгі ескерткішті мемлекет қарауына алдырып, оны қорғауда тиісті мекемелерге рәсімдеп тапсыруда Қалыбай-Тұқпатолла Әбілқайыров біршама жұмыстар атқарды. Батыс Қазақстан облысының осы мекемелерді басқарып отырған қызметкерлерінің көмегінің арқасында керекті ресми қағаздары реттеліп тапсырылды. Құттығай батырды есте қалдыру үшін Атырау облысының Элеватор ықшамауданындағы бір көшеге аты берілді. Құттығай батырдың негізгі ұрпақтары тұратын Исатай ауданының орталығы Аққыстау елді мекеніндегі Исатай Тайманұлы атындағы мұражайда Құттығай батырға арналған бұрыш ұйымдастырылып, ескерткіш тақта жасақталды. Онда батыр туралы құнды деректер, Торыатбасы тауы және басқа да жерлерден сыр шертетін суреттер берілген. Осы істі жүзеге асыруда мұражайдың сол кездегі меңгерушісі Мәдина Мерекқызы Сүйнешованың, қазірде сол қызметті атқарым отырған Гүлмира Өтегенқызы Алагузованың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Олар осы мұражайға келген жұртшылыққа, мектеп оқушыларына Құттығай батыр туралы тағылымдық түсініктер береді. Сонымен қатар, батыр туралы ғылыми жұмыстар дайындауды мақсат тұтқандарға да толық мағұматтар беріп келеді. Мұражай қызметкерлерінің батыр бабаларымыз туралы және басқа да мұражайға қойылған еңбек ардагерлері, ауданның белгілі еңбеккерлері жөнінде шертер әңгіме-деректері көп.

       2003 жылдан бастап облыс орталығында Құттығай батырдың Қасболат ұлынан тараған ұрпақтары – қасиетті Зинеден мен оның ұлы Уәлитхан рухына арнап, жасөспірімдер арасында күрестің үш түрінен қазақша күрес, еркін күрес, дзюдодан халықаралық турнир өткізілді. Оған Ресей мен Балтық жағалауы, Тәжік, Түркімен, Қырғыз елінен командалар қатысып, түрлі салмақ бойынша күш сынасты.  Батырдың елді жаудан құтқару, іргенің берік, ұрпақтың алаңсыз өсуі жолындағы істеріне арнап Ә.Әлімгереевтің сценариі бойынша телефильм әзірленді.  Газеттерде материалдар жарияланып, көгілдір экранда арнайы хабарлар әзірленді.           

         Жазба тарих болмаса да, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен аңыз әңгімеге, дәлелді  толы деректерді еліміздің тарихына енгізу біздің және келешек ұрпақтың үлесі болмақ.

 

2.3. Атақонысқа оралған - Ататоры

 

                Шын жұйріктер туралы халық аңыздары біздің ауыз әдебиетіміздегі ең көркем жырлар, дастандар, ән-күйлерге айналып келгені аян.  Жылқы қазақ

                                                        16

халқында жеті қазынаның бірі саналған. «Ер қанаты - ат», «Ат жалын тартып мінген», «Ат тұяғын тай басар», «Ат жетпейтін жер жоқ» - деген секілді даланың өзіндей шетсіз, шексіз қанатты сөздер ғасырлар бойы халық жадында сақталып келеді.        

         Құттығайдың  жауға шабар қос атының бірі және бірегейі Ататоры туралы Самат Бектенұлы Ибраим  «Ататоры» деген тақырыпта  әңгіме жазған.    Сол әңгімеден үзінді келтірсек:

         «Құттығай батыр ұйқысынан оянды. Түсінде қалмақтар Ататоры тұлпарымен қоса екі-үш үйір жылқыны айдап кетіпті. Торы атының шұрқырай кісінегені құлағында әлі тұр. Кезекті жорықтан оралғасын тыңайсын деп жылқыларға қосқанына да көп болмаған еді. Батыр қылышына қол созды, бірақ әлі түн екені есіне түсіп орнына қоя салды. Ұйқысы шайдай ашылып, таңға дейін көзі ілінбей қойды. Киіз үйдің есігін серпе ашып сыртқа шықса айналаға жарық түсіп қалыпты. Төңірек жым-жырт. Тап екеуі келіскендей ауыл ортасындағы отаудан ағасы Айбас та шықты, ағалі-інілі бір-біріне қарсы жүрді. Сәлем берген інісіне жасы алпысты алқымдап қалған Айбас:

-Ерте тұрыпсың ғой, жай ма? – деді.

-Ақа, жылқыға жау тиген сияқты, түс көрдім. Ататорыдан айырылдым- ау деймін.

-Түс түлкінің боғы деген... Түнеріп тұрған інісіне қарап сөзін тағы жалғады.Қалмаққа талай есеміз де кетті, талай қарымта да қайтты. Бұлар көрші тұрғанда қазаққа тыным жоқ.

Құттығай қарулы жасақты атқа қондырып, жылқышы қосын барлап қайтуды тапсырды. Бесін кезінде сарбаздар қайта оралды, терге малшынған аттары әбден болдырған, өздерінің ұнжырғысы түсіңкі. Олар Ататорысы бар жылқы қосына барғанда қанға бөгіп жатқан жылқышыларды көреді, ондағы жылқыларды жау айдап кетіпті. Жасақ Жайық өзеніне дейін ізге түсіп қуады, кезінде Асанқайғы салдырды деген Дендер тауы тұсындағы суасты көпірі Таскешуден қалмақтар жылқыны өткізіп арғы бетке шығып үлгерген.

Бұл кезде жылқыларды жосылта қуған қалмақтар Нарын құмының ішіне еніп, Асанқайғы қаздырған Жүнқұдыққа келіп қалған кезі болатын. Қойдың жабағы жүнімен шегенделген құдықты бұрын көрмегендері таңғалысып бастарын шайқады, білетіндері тарихын айтты. Оның кәусар суынан шөлін әбден қандырған олар алдымен аттарын, сосын жылқыларды суара бастады. Жалы күдірейген есік пен төрдей бояуы қанық торы ат болса астауға жоламай, жалтарып шетке шыға берді. Қауқылдасқан қалмақтардың көзі сонда, ішінде қырықтың қырқасына шыққан басшылары «Бұл қазақ  батыры Құттығайдың торы аты» - деді. Танып тұр, танымай ше, осы тұлпарға мінген батыр талай қалмақтарды баудай түсірді емес пе. Айқас кезінде иесінің тақымының әр қимылын жазбай танитын жарықтық қарсы келген атты омыраулата жапырып жіберетінін бұл талай көрген-ді. Сүйсініп тұр, бірақ қашып кетпес пе екен деп секемденді. Тап сол ойын білгендей, екі жас қалмақ ұстайық па дегендей қолдарына бұғалық алды. Бұл оларға қой демеді.

                                              17    

Мысық табандап арқанды қолының басынан шынтағына дейін дөңгеленте кигізіп алғандар тұлпарға жақындай түсті. Ататоры алдыңғы екі аяғын көтерген күйі арқырай кісінеп көкке шапшыды, бұғалыққа түспеген ат келген ізімен Жайық өзеніне қарай заулай жөнелді. Дереу атқа қонған қуғыншылар артынан шапты. Тұлпар оларға ілдірмей кетерме еді, қайтер еді, тап алдынан ақсап қалған біраз жылқыны айдап келе жатқан қалмақтар шыға келді. Қиқулатқан шеңбер тарыла түсті, қуғыншылар айқаймен қашқан атты бағытын өзгерте отырып, қалың құмға бұрды, сусылдақ шағыл тұлпар тұяғына тұтылды, әрең дегенде оны қамап, бұғалықтан алды.

 Алғашқы кездері аяғына қыл өре салынған Ататоры от-суға мойын бұрмай, басын шығысқа беріп күні ұзақ бір орында тұрды да қойды. Құлағын қамшылап алыс көкжиекке көз тігеді. Қарайған көрінсе тап иесі келе жатқандай арқырай кісінеп шідерімен ілгері жылжиды. Бірақ, ол табиғатта аз ғана салқын түсіп, түн баласы көзі ұйқыға кетсе болды, түсіне өскен жері, иесі – Құттығай батыр түсе ме, әйтеуір көзін ашып жіберіп, оқыранып бір кісінеді де, шалғынды Шыңғырлау қайдасың деп тартады да отырады. Бағып жүрген жылқышылар сатылап қуып, ақыры көк дойыр, ұзын құрықтың астына алып, үйіріне қайтадан қосады. Әйтсе де ұмыттырып барып, баяғы әніне басқан Ататоры әдетінен жаңылмайды. Ақыры қолбасы тәртібімен арнайы аула-қорада ұсталып, аяғына темір кісен салынды. Дегенмен, оған да мойынсұнбаған Ататоры араға үш-төрт жыл өткенде өзінің құлын-тай кезінен бергі өрісіндегі биік бір төбенің басына жетіп, шегін тарта қатты кісінеп, өліп кетіпті. Кейін сол төбе Ататорының құрметіне «Торыатбасы» деп аталыпты. Құттығай батыр қалмақтармен болған шайқастардың бірінде иығынан жараланып оралды. Қылыш тиген жері ем жасаса да бітпей қойды. Бір күні бір жылқышы келіп Шыңғырлау бойындағы бір төбенің басында Ататорының өлігін көргендігін айтып келді. Сырқаты жанына батса да Құттығай атын алдырып, жаңағы жігітке бастатып жолға шықты.

Шыңғырлау өзені бойындағы биік бір төбенің басында басын шығысқа беріп жатқан өзінің Ататорысын бірден таныды. Әбден арыған, жүдеген, аяқтарын тұсау, шідер қиып, сақиналанып терісі ғана қалған, тұяқтары тілімденіп кеткен. Ататорының өзінен айырылған төрт жыл ішінде қанша азап көргенін, қанша бейнет пен туған жеріне жеткенін ойлаған батыр «Ататорым-ай, текті, жануарым-ай, арғымағым-ай, қалай жеттің екен бұл жерге!?» дей берді. Батыр орнынан тұрып қасындағы адамдарға бұрылды:

-Ататорыны осы таудың басына көмеміз. Бұдан былай осы жер «Торыатбасы» деп аталсын, - деді». [3]

         Ел ішіндегі қариялар сөзіне құлақ түрсек, Торыатбасы тауында батыр аты көмілген жерге Құттығай мен оның жары мен төрт баласы жерленген делінеді. Кейін қос өзен арасын қазақтардың алты ай қыста қыстап, жазда өздерінің байырғы қоныстарына көшу 1748-1754 жылдардан басталып, кейіннен 1771 жылдардан соң дағдыға айналған да, 1804-1805 жылдарда жаппай қоныстану басталған. Міне, осы кездерде Құттығай батырдың ағайындары, яғни Жайық-беріштер әуелі Тайсойған, Бүйрек құмдары,

                                                         18

Жайықтың шығыс беті, одан Еділ-Жайық аралығын қоныс аударған. Содан соң олардың табаны Толыбай, Айбас, Үштаған құмдары, Ескі Забурын, Қиғаштың күнгей  беттегі Жайық өзені  бойы болып келеді.

        

2.4. Құттығай батырдың есімі – тарих еншісінде.

 

         Пай-пай-пай! Киелі неткен жер!

         Батырлар дүрілдеп өткен жер,

         Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

         Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

         Сарылып Сал-сері кеткен жер,

         Бас иіп, иіскеп топырағынан,

         Тағзым жасамай кетпеңдер! – деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, қасиетті туған жердің, туған өлкенің тарихына ат үсті қарауға болмайды. Бабалар рухын қастерлеу кейінгі ұрпақ алдындағы үлкен парыз десек, еліміз егемендік алғалы мұндай мүмкіндікке кеңінен жол ашылды.

Батыс өңірді мекендеген барша ел батыр бабаларын қастерлеп, еске алып жүрсе құба-құп. Олардың тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмір өткелдерін, ұрпақ қамын ойлаған, аттан түспей жүріп, болашақ үшін жандарын пида еткен ерлік істерін ел білуі тиіс. Сол бабалардың жүріп өткен іздерін айқындап, ататегін біліп-танып, кейінгіге жалғастырып отыру керек. Елін, жерін қорғаған сол батырлармен үзеңгілес болған Піштанай (Шабанқара), беріректегі Құлбарақ батырлар елінің тұтастығын, атажұртын сақтау жолында алысып өткен. Зорлық-зомбылыққа қарсы бас көтеріп, қыршын кеткен ұлт ардақтылары қаншама?!  «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген халық даналығы кейінгі ұрпағына қалдырған өнегесі десек те болады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, халқымыздың ұмытылып, көмескілене бастаған ардақты ұлдары мен қыздары ұрпақтарымен қайта қауышып жатса бұл да бабалар рухына деген тағзым. Өткенімізді еске алып, барымызды түгендеп отырғанға не жетсін!

                Ел билеген хандар мен билер әрқашанда елінің, ұрпағының қамын, болашағын ойлап, өмірлерін арпалыспен, тартысты шайқаспен өткізген. Отбасы тағдырында ел, жер тағдыры жатқанын сезінген батырлар мен оның сарбаздары ұрпақ қамы үшін жанын да пида өтіп, қыршын кетіп отырған. Қазақ халқы білектің күшімен, найзаның ұшымен жауларын ерлікпен қарсы алып, ұлтанды елді ерте, жауын өкшелей қуып ұрпағының ата қонысын кеңейтіп те отырған.

                   Махамбет ақын бабамыздың «Ерулі атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай» деген өлеңінде, ерулі ат деген ұғымға Құттығай баласы Кешу атасынан тарайтын Нығымет қарт былай деп түсіндіретін: «Ол кісі әңгіме айтқанда, ақындығы да, жыраулығы да, бірнеше үнмен айтатын толғаулары да адам жанын тебірентетін еді. Батырлар жырын жатқа толғап, тіпті біз естімеген толғауларды жырлағанда айбаттанып, бейнебір шайқас үстінде

                                                       19

жүргендей екі көзден от шашып, теңселіп, ырғылып ұшқынды жанарымен екі иығын жұлып жеп, қоңырда ызғарлы үнмен тыңдаушысын бейне бір соғысып жатқандай ала-топан ызғарлы желді тымық жерде құйын тұрғызып бар  дүниені ұмытып сол шайқастарда өзің де араласып жүргендей сезінетін едің». Бабалардың сөзі деп бастаушы еді Ниғмет ата, соғыс жағдайында өмір сүру деген сол кезде де болған. Жан жақтан анталаған жау кең-байтақ қазақ даласына ұмтылар болса, атқамінер азаматтар бір жұдырыққа түйіліп, бес қаруын асынып, әрқашан да әзір отырған. Ерулі ат, ия мұнда көп мағына бар, әр сарбаз бір атын үй белдеуіне байлап ұстап, шылбырын кереге көзінен өткізіп дыбыс берер затқа байлап қояды. Жылқының сезімталдығымен оның көзі көргіштігін, жершілдігін қауіп-қатерді иесіне осқырына отырып, алдыңғы аяғымен жер тарпып, хабар беруі сыр ашылмаған жұмбақ. 

         Ел дүрлігіп, жау шапты, жау шапты деп, суық хабар берілгенде, елде бытырай қоныстанып отырған сарбаздар мен батырлар бір атын міне, бір атын жетелей,күні бұрын белгіленген жерге жиналады екен. Ол кезде ұланбайтақ қазақ елі үш жүзге таралып, өз алдарына бірігіп, жалпақ қазақ елін құрған. Тұтқиылдан жаудың шабуыл жасау қаупі төнгенде, бүкіл елге, әскерге қалай жылдам хабар беретіндігіне таңғаласың.Мұны ақсақалдарымызға айтқанда, олар: «е, шырағым, о заманда да өздерінің байланыс құралы, түрлі айлалары болған. Қазақ елінде бекітілген шекара болмаса да, ел шетіне аяқ басқан жауларды алдын ала барлап, бағдарлап отыратын шолғыншылар болған» деген болатын.

         Бабалардың сөзі,- деп бастаушы еді Нығымет ата, -соғыс жағдайында өмір сүру деген сол кезде де болған. Жеті баулы Беріш ол кезде көп аталыққа бөлінбей, қанаттас көшіп-қонып жүрген. Беріштер, тағы да басқа рулар Сыр бойына бері ауып көшкен кезде және Бөкей хан Еділ мен Жайық өзенінің арасында, Нарын  құмында хандық құрып, ел қоныстанған-нан кейін Бөкейдің баласы Жәңгір хан тұсында елдің тауқыметті ауыр тұрмысын, мал жайлаудың тарлығын, көріп отырған зорлық- зомбылықты жырлаған Беріштің Жайық атасының Шұбар бөлімінен шыққан ақын Шынияз Шанайұлы ХІХ ғасырда Нарын өлкесінде өмір сүрген төкпе де тегеурінді ақын болған. Ел мұңын правитель Мақаш Бекмұханбетовке жырлаған жырында ол былай дейді:

Бірлік сөз бұл заманда қайдан болсын,                                                                                             Бүгінгі төрт имамда талас еді.                                                                                                                    Алаштың ең үлкен Үйсін еді,                                                                                                                  Жақсыны тыңдаса адам  сүйсінеді.                                                                                                      Жер кетіп, ер қайғылы болған заман,                                                                                                 Соны ойлап қара халық күрсінеді.                                                                                                                                                             Алаштың ортаңғысы Арғын еді,                                                                                                                                Арғынның қонған жері Торғын еді.                                                                                                         Байұлы он екі ата бері ауғанда,                                                                                                                                       Жаппас пен Сырда қалған Алтын еді...[3]

   Он екі ата Байұлы, оның ішінде Жеті баулы Беріш, т.б рулар Сыр бойын 

                                                 20

жайлайды. Жан-мал басы өсіп, жер тарылып, жайлы қоныс іздеп, ру ақсақалдары ақылдаса келе Есенғұл Беріштің биі әрі байы Сегізөктен Тұзтөбе өңіріне малып бастап айдауды сұрайды. Сегізек бұл ұсынысты қабыл алып, жаппай көтеріле көшкен елге қоныс керек болады да, мың сан қол мен ел бастаған билер мен батырлар көшіп-қонып жүрген қалмақ-жоңғардан босаған жерлерге қоныстануға бағыт алады.

Сегізек байдың жылқысы өте көп болса керек. Оның себебін қарттар былай деп айтыпотырушы еді: «Елі мен жерін жауларынан қорғау қамымен жүрген елдің ер-азаматтарының байып, мал өсіруге де уақыттары болмаған. Сондықтан әрбір атаның бір адамы жылқы малын өсіруді қолға алып отырған. Көшіп-қонып, жүктерін артып жүру үшін түйеге, сиыр тұқымынан өгіздерге бар салмақ түседі Ал жылқы мінсе-көлік, сойса-ас, сауса қымыз ретінде бағаланған, сол заманның ер-азаматының қанаты саналған. Сегізек бай: «Аналық жылқы, түйе малын сойғандарға соғатын дүрем бар, ал оларды өсіргендерге тарататын қазанасым бар (күздің қара суығы басталғанда соятын кішігірім соғым малын айтады)» дейді екен. «Тұзтөбедегі көлге Жеті баулы Беріштен Сезек бастаған байлардың жылқысы келіп түскенде көл кемерінен асып кетті» деген аңыз бар.

          Қоныс іздеп, қазақтың бұрынғы жерін босатып, ел қондырып, қоныстандыру үшін жауласуға  тура келген. Жиырма мың үй жоңғарды қуып, Нарын, Тайсойған, Еділ мен Жайықтың орта сағасынан, Ойыл бойларынан қоныс босату керек болады. Беріштің билері мен батырлары осы бір жойқын болатын соғысқа Сегізек байдан сарбаздарға мініске жылқы сұраса керек. Сонда Сегізек ойланып отырып: « Ауқымды жерді босатып, қоныс қылғалы отыр екенсіңдер. Мініс жылқысына жинап беретініміз екі мыңнан аспас, мен осы санды жылқыны жинастырып берейін» дегенде, риза болған ел, батыр-билері «ойымыздан екі есе шықтыңыз» деп ризашылығын білдіріп, бата берген екен дейді». Әскер бар да, оны киіндіріп, тамақпен қамту бар. Қазақ елінде құм топырақты өлке аз болмаған. Бірде әскер азық-түлікке мұқтаж болғанда Құттығай батыр күні жетіп отырған бәйбішесіне қалмақтан босаған Тайсойған құмында қалмақтардың қағып қалдырған құмаршық топандарын қағуды ұйымдастыруды тапсырады Құмаршықты жинау әдісі оны үйіріп шауып, бір айырға толған мөлшерін аяқпен баспалап, көкбаспа күйінде құрғап, қурағаннан кейін ұста сойылымен тілгілеп, соғып дәнін астындағы алашаларға түсіріп, топанын бөлек шығарып, құмаршықтың түскен дәнін желге қағып, елеп, тазалап алып отырған. Сол баспалардан қалған үгінді құмаршық шөбі топан деп аталады. Құмаршықты шауып болғаннан кейін бір жерге жинап, үйінді үлкен шөмелей жасап, қалдырып кетіп отырған. Қалмақтардан қалған топандарды, кеш піскен құмаршық түптерін жиыстырып, құмаршық дәнін жинап, күздің қара суықты қазан айында Құттығай бәйбішесі сол жұмыста жүріп, далада босанады. Дүниеге келген баланы далада шүберек белбеуіне орап, құмаршық қаптаған тоқыма алаша қапқа салып алып келеді.

             Сөйтіп, Құттығайдың тұңғыш баласы қазан айында дүниеге келіп,

                                                         21

бірінші жөргегі қап болған, атын Қазанғап қойған. Ол кезде қазіргідей кез-келген мағынасы жоқ аттар қойылмаса керек. Жоғарыда айтып кеткендей, қазір Құттығай зиратында Құттығайдың төрт баласы, анасы жерленген. Көнекөз қариялар айтқандай, Құттығайдың өз балалары Бөкей ханмен Нарын өңіріне өтпеген, тек немерелері ғана өткен. Оған айғақ Қасаболат баласы Қосан, Құлшан баласы Жазықбай, Жайылған тағы да басқа бабалар зираты бар. Олардың қауымы қазір Айбас орталығының батыс бетінде, қазіргі Ишанғали зиратының арқа бетінде. Бүгінде ол жер құмға айналып, топырақ жасырып, тек қана үрлеген жерден мәйіттердің, саздары мүрделерінің сұлбасы ғана көрінеді.

            Ал Тасболат балалары Қараемен, Мошай баласы зираттары осы Нарында. Ат үстінде жүріп білектің күшімен, найзаның ұшымен ел қорғаған батырлар, ел тағдырын алдын ала ойлай да, болжай да білген. Жаз жайлау іздеп көшіп, қыста ата қоныс қыс қыстауына оралып отырған. Қыстағының басын аяқасты етпей, жерін тоздырмай жаз, күз, қыс қоныстарына малжанының қамы үшін көшіп-қонып отырған. Қуаншылық болған кездерде жер іздеп, көрші рулы елдердің жайылымнан жер алып, уақытша күн көрген кездері де болған. 

  Осы қазіргі ұрпағымыздың алтыншы, жетінші атасы Сегізек, Сатыпалды тұстастарының зираты Тұзтөбе, Сегізек көлінің маңында қалған. Сол жерден бері ауғанда Шыңғырлау, Шұбарқұдық мағы, он екі ата Байұлының көптеген рулары Тайсойған құмы, Ойыл сағасы, қазіргі Сағыз елді мекендерінің маңында қоныстанған.

 Саржала, Құттығай, Тоқтамыс, Шұбарлармен бірге, Жайықтан тарайтын Тыныс батырлары да болған. Тыныс демекші Жайық Тыныс атасының өзінің таралу тарихы бар. Естіген әңгімелерді келтіре кетсек, ел азаматтары, батырлары жорықта жүргенде жалппақ елге жоңғар қалмақтары шабуыл жасап, елді жойқын қырғынға ұшыратады. Осындай текетірес соғыс кезінде жеңіліп шегінген жау, бірге отырған Беріш атасынан тарайтын Жайық атасының  жиырма шақты үйден қанаттас отырған. Қай жерге барсаң да қарауыл төбе, шолғын бекет деген атауларды жиі кездестіресің. Белгіленген келісім бойынша осы қарауыл төбелерде арнайы белгі беретін әдістері болулы, мәселен олар үйілген шөп от қою арқылы да белгі беріп отырған. Әрбір қарауыл төбеде, шолғын бекетінде отпен белгі беріп тұрған көрші қарауыл төбелердің бағытын анықтап, сол бойда өздері де қарауыл төбеге от қойып, отырған. Оны көрген келесі қарауыл төбелер де от қойып, өзінің маңындағы қарауыл төбелерге белгі беріп отырған. Осы бір белгілерден кейін ел азаматтары (сарбаздары) бес қаруын асынып, атқа қонып, белгіленген жерлерге жиналып, анталап келе жатқан жауға тойтарыс беру үшін аттанған. Бүкіл елге лезде-ақ хабар таратады да, қиян-кескі ұрыс болатын жерден халықты кейін шегіндіріп, орнынан көтеріп, терең түкпір, қауыпсыз жерлерге көшіріп отырған.

                  Қарауыл төбе демекші, тегіс қатқал етектерде, жазық далада арнайы топырақ үйдіріп, ортасын шұңқыр қылып, төмпешік төбелерді ара

                                                      22

қашықтықтарын от көрінетіндей етіп орналастырған. Ал ортасын ат жасырынып тұратындай ойық қылуы, жау шолғыншыларының көзіне түспес айласы еді. Ұланбайтақ елімізді мекендеген халқымыз өз шекарасын рулы ел және оның бөлімдері, бір атадан тараған ұрпақтар мекендерінің маңына о дүниелік болған аталарға зират (мола) тұрғызып, әрбір аталық өз жайылысын, атамекенін зираттар (молалар) арқылы дәлелдеп,қауымдарына белгі қойып, құлптастарына ру белгілерін де қашып жазған. Қоныс тарылып, жер дауы немесе шабындық, жайылымдар туралы егес болған жағдайда, осы қауымдар арқылы ру басы билері әділ шешіп, халықты татулықта ұстап келген Жайылымнан, қоныстан тарлық көрген жағдайда да билер жер пайдалану мәселелерін ақылдасып шешіп отырған.

                  Елге жау шауып, ел басына күн туғанда әр азамат жетектегі мінгі атына мініп, айқасқа түседі екен. Мінгі аты дегенді былай түсіндіріп отыратын, ол кездің батырлары мінгі ат деген, мініс көтеретін жабыдан шыққан тұлпарларын әрқашанда тың ұстап, шешуші айқастарда ғана мінеді екен. Былайғы кезде арттағы ат бағушылар айдап жайып, әскер соңында басқа да қосалқы құрылымдармен ілесе жүреді екен.

Батырлардың әйелдері мен түрлі қызыметкерлер әскерлердің керек-жарағын, тамақ, киім-кешектерін де жеткізіп отырған. Босаған жерге ел қондырып, оны қорғай баланы қолына алған батыр сарбаз: « Тынысы бар, тірі» дейді. Осыдан кейін: - Бұл үйлер Беріш руынан шығатын Жайықтың Сыдихтан тараған шаңырақтары, яғыни бұл бала Жайық Беріш. Осыны асырап, жетілдіру Жайық балаларына тапсырылады,-деген қолбасшы және былай деп аталық сөз айтып: «Бұл баланың аты Тыныс болсын,Жайық балаларының төрінен орын алсын, ортанғы ұл азамат болып өсіп, үрім-бұтағы бір аталыққа ие болып, Жайықтың төртінші баласы Таныс аталығы осы баладан тарасын» деген екен.

         Бөкей хан 1802 жылдардан бастап Еділ-Жайық арасын, Нарын құмын және оған шектес жерлерде хандық құрып, елді жаппай көшіріп келеді. Елді қоныстандыруда Тыныстың Бекайдар батыры бастап қазіргі Нарын құмының шығыс беткейіндегі жерден қоныс тебеді. Сол елді мекен Бекайдар және Күнбас атасынан тарайтындар қазіргі Сүйіндік, Балқұдық елді мекендерінің жерінде қоныстанған. Бекайдар елді мекені кейіннен Есентемірлер мекен еткен, Исатай ауданының Тұщықұдық  ауылдық округіне қарасты, орталықтан шамамен 65 шақырымдай жерде арқа батысында, Нарын құмына 20 км жерде орналасқан.

                Тыныстан Еламан, Арық, Қарамерген туған. Осылардан өрбіген рулы ел біздің Нарын құмында өмір сүріп, қазір ұрпқтары осы өңірдің әр жерінде тұрып жатыр.

         Құттығай, Саржала, Шұбар, Тоқтамыс тағы басқа батырлар қол бастаса, осы сарбаздар қатарында Тыныстың батырлары да ерлік істерімен көзге түскен. Тыныстың атақты батырлары, соның ішінде Қарамерген батыры бізге жеткен аңыз-әңгімелерде жүзбасы болып, қандай да қиын айқастарға қатысқандығы сол кездегі өлең-жырларда кездеседі.

                                                         23

         Біздің болашағымыз үшін жан алып, жан беріспеген қаншама сарбаздар мен қас батырлар өз бастарын осы азат жолға тігіп, қыршыннан қиылды десейші. Кезінде жазба әдебиетіміз болмағаннан сол кездің өткен дәуірлеріміздің тарихы бұлыңғыр, көмескі болса да, аңызға айналып, ауыз әдебиетіміз арқылы жетіп отырған.

         Жайықтың төртінші баласы болып есептелетін «Тыныс» атасының таралуын халық арасында шежіреші жырау ақындар бізге жеткен мына жырды келтіре кетелік:

Болады түп атамыз Беріш Жайық,

Жұрт болған ұл-қыздары өркен жайып,

Атадан тараған төрт баланы айтып

Рухын ырза қылсақ болмас айып.

Жырмен айтсақ, мұным дұрыс екен,

Болса керек сауапты бір іс өтем.

Шежіре де Жайықтың сол төрт ұлы –

Бақалай, Наурыз, Дәулет, Тыныс екен.

Сол Тыныстан өргенді ел білсін анық,

Келешек ұрпақтар да жүрсін қанып,

ТөртұлболғанТыныстантараған да,

Шежірешіқарттарданболғанқанық.

Бар Тыныс баласы жөн. Мұны білмек,

Жақыныңда бас қосар бір күн келіп.

Қазан, Қалыбай, Тілеуімбет, Жамантақ ол,

Төртеуін де біле жүру ұрпаққа міндет.

Бір ұрпағы Тыныстың – Қарамерген,

Дұшпанын көрсе ұранға сала берген.

Жұртым үшін деп жауымен сан белдесіп,

Ерлігі ел аузында, бізге де жеткен.[5]

         Есенғұл Беріштің биі Сегізек байы Тұзтөбеге бастап қоныс тепкенде қытымыр қысына, қалың қарына мал-жаны шыдай алмай, Шыңғырлау – қазіргі Шұбар құдық, Ойылдың ортаңғы сағасын бойлай Тайсойған құмына ене қоныстанады. Тұзтөбе маңынан ел көшіп бері ауғанда Құттығай батыр ағасы Айбасты Ойылдың төменгі сағасына, немере ағасы Шұбар маңына қоныстанған. Айбас пен Құттығайдың інісі Жанұзақ ағасынан бөлінбей, жастайынан аурушаң болуы себебінен енші алмай өтеді.

         Қай рудың да аталық бөлімдерінің үлкен үйі құрымы қалған үйді «үлкен босаға» дейді екен. Құттығай батыр қайтыс болғаннан кейін қалмақ шеше Марқадан Тасболат пен Құлшанды Құттығайдың шешесі өз босағасында өсіреді де, Құлшанның шаңырағында дүние салады. Құлшаннан – Муса-Әйік, одан – Ораз, Ораздан Елеуғали, Айдын, Нәсіпқали, Боранғали, Айдыннан – Хайрош, Ғаділбек, Нұржан, Оразов Айдын шаңырағы Айбас, Құттығай, Жанұзақ атамыздардың үлкен шаңырағы болып есептеледі. Оразов Айдын көп жылдар комсомол және партия қызметтерінде де, Новобогат, Мақат, Балықшы ауданы, Гурьев облыстық парти қызметтерінде жауапты

                                                     24

қызметтер істеді.

 Жанұзақтан – Алдар, Жәдігер, Балта, Жапар бес бала болған. Жанұзақ ұрпақтарының бірқатары Атырау облысында тұрып жатыр. Енді осы атадан тарайтын бір бөлігі Астрахан, Саратов, Куйбышев (Самара) облысында орналасқан. Құттығай батыр, Шұбар, Айбас ағаларына қоныс таңдағанда араларын алыс жерлермен қамтыған. Айбастың жасы үлкен екен, Тұзтөбеден көшіріп Ойылдың төменгі сағасына қоныстандырмақшы болғанда Айбас: «Мен жасым үлкен адаммын, сенің қасыңнан алыс кетпей, іргелес қоныс тепсем қайтеді» десе керек.

Сонда Құттығай мен Шұбар «өзіңнен өрбіген Мамыр, Сары, Бектемір, Тайғара, Тайсойған бес балаң күні ертең бір-бір рулы елге айналып, үрім-бұтағын күннен-күнге өседі. Сондықтан ұрпақтың ата қонысына тебіндік жер іздеу қиындыққа соғады» деп болмаған екен. Айбас атамыз үлкейген шағында жан бар жерде қаза бар деп, інілерінің қасында болуды көксеген болы керек.

Айбас атадан өрбіген ұрпақтар Өтешов Мұрат, Бисенғалиев Мұрат ата-қонысы Айбас құмындағы бабалар зиратына дұға жасап, құран бағыштады. Осы бір Нарын құмының кіндігі Айбас елді мекен болған ата-қоныс құлазып, елсізге жақын күй кешіп аталар қыстауы обаларға айналып, қазіргідей жұмбақ күй кешіп жатқандығы ұрпақтарына аянышты сезім ұялатты. Сол сапарда мамыр айы 2007 жылы Айбас құмын аралағанда алған ой-әсерлерін ұрпақтары өлең жолдарымен жазған екен.

Атажұртқа сапар

Тегіміз Беріш-Жайық-Айбас атам,

Саралап тарихтың бетін ашам.

Жау жүрек қол бастаған бабалардың,

Ерлігін жас ұрпаққа сөз ғып айтам.

Айбас, Құттығай, Жанұзақ арғы атамыз,

Өрбіген Сатыпалдыдан үш баламыз.

Айбастан бес, Құттығайдан тоғыз бала,

Өрбіген ұрпақ Айбас елі атанамыз.

Бабаларымыз жайлаған Нарын құмын,

Жаулардың жайратыпты талай сұмын.

Ереулі ат, қолда найза желіп жүріп,

Қорғапты бала-шаға, елдің қамын.

Тып-тыныш жатыр екен Атамекен,

Талай сыр, мұң мен күлкі бізге жеткен.

Жүрекке ыстық оттай басылады,

Бабалардың туған жері, үйін тіккен.

Үстінен ата-қоныс желіп өттік,

Бидаық, изен, қияқ шөбін сөктік.

Тәубе қылып бабалар рухына,

Сар сазды төмпешікке тізе бүктік.

Қарасаң көкжиекке көз шағылар,

                                                  25

Желменен сусылдайды ақ шағылдар.

Жүгірсең қыр басынан төмен қарай,

Мойныңа жас қияқтан гүл тағылар.

Қос құмның ортасында Сәт бабамыз,

Аруағы ұрпағына болған аңыз,

Ағасы Айбастан бата алып жауға шапқан,

Құттығай ол да біздің қарт бабамыз.

Ғасырлар өтсе дағы, олай-былай,

Сары құм жатыр бұғып сырды талай,

Кейінгі жас ұрпаққа тапсырайық,

Тарихтың бетін ашсын талдай-талдай. [4]

         Ғасырлар асып, бабалар туралы атадан балаға жетіп келе жатқан осы әңгімеміз – біздің өткен тарихымызды саралап айтқан көнекөз қарияларымыздың сөздері. Әрбір ұрпақ өзінің ата-тегін біліп қана қоймай, өткен еліміздің тарихын да білген жөн.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету арқылы жас ұрпақты азаматтық пен ұлтжандылыққа,  Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.

         Біз ешкімді де, еш нәрсені де ұмытқан жоқпыз. Тірілерді түгендейміз, өлгендердің рухына бас иеміз. Өйткені олар да өмірді сүйе тұрып, өз өмірінен Отанды қымбат санады. Иә, олардың ерліктері ешқашан естен шықпайды, ешбір ерліктері ұмыт қалмайды. Талай ұрпақ олардың ерлігіне бас иіп, үлгі тұтып, аруақтарын қастерлейді. Адамзат басына төнген сұрапыл кезеңде елін жаудан қорғаған ерлерін болашақ өмірдің мөлдір мұхиты тебірене толқып, асыл меруетіндей тұңғиық түбінде сақтайды.

         Келешек ұрпақ алдындағы қасиетті парыздардың бірі, тарихымызда әлі де зерделенбеген «ақтаңдақтырудың» орнын толтыруымыз керек. Азаттық алу үшін ұлтымыздың ұранына айналған Құттығай сияқты батырларды еске алып, олардың ерліктерін өскелең ұрпаққа үлгі ету біздің азаматтық биік парызымыз деп білемін.

         Батырымызға ескерткіш орнатып, олардың есімдерін ардақты, қаһармандарымыздың аттарын мәңгі есте қалдыру елдігімізге сын. Сонымен бірге сауабы мол, игілікті істерді жүзеге асыру егемендігііздің арқасында екендігін ұмытпағанымыз жөн. Күні кешегі тарихымызды осылай ашық сөз етіп, асылдарымызды ардақтай алдық па деген сауал әркімді ойландыруы тиіс. Оған мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Әлия мен Мәншүктей батыр қыздар шыққан жаужүрек халқымыздың ондаған жүздеген

                                                      26

батырлардың ерліктері, Бауыржан Момышұлының қаһармандығы күні кеше ғана өткен Ұлы Отан соғысының өзінде лайықты бағаланбай қалды емес пе? Ендеше, дәл осы кезде тәуелсіздік деген қасиетті қазынамызды бағалай, ардақтай білгеніміз жөн. Сонда ғана осы бейбіт өмір үшін ішкі, сыртқы жаулармен айқасып өткен Құттығайдай батыр бабаларымыздың рухы бүгінгі ұрпағына риза болмақ.

Тарихымызды түгендеп, бүгінімізді байыптау – перзенттік борышымыз. Отаншылдық әсіресе біздің тәуелсіз елімізге аса қажет. Елжандылықтың, патриотизмнің қайнар көзі – тарихты білу, одан тағылым алу, бабаларымыздың даңқты ісі үшін мақтану.

 Кешегіміз, бүгінгіміз және ертеңіміз жайында әркімді толғандырса, өлке тарихына деген қызығушылығын арттырса, ашылмаған сырларды ашуға ұмтылдырса, нұр үстіне нұр. Қорытындылай келе, өлке тарихына нүкте қойылған жоқ, әлі де терең зерттелуіне үлес қосу бәріміздің перзенттік парызымыз.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

 

  1. Батыс Қазақстан обылысы энциклопедиясы,  375-бет «Арыс» баспасы Алматы, 2002 жыл

 

  1. Ғатау Рамазанов,  «Қазақ батырлары» газеті, «Құттығай батыр»,  2002 жыл, шілде № 7

 

  1. Исатай Балмағанбетов, «Құттығай батыр», «Ақ Жайық» газеті, 2002 жыл, тамыз

 

  1. Мұрат Бектенов, «Айшықты әлем» «Шежіре» шығармашылық орталығы, «Атырау» газеті 2014 жыл, 225-259 беттер

 

  1. Мұхтар Мағауин, «Қазақ тарихының әліппесі», Алматы «Қазақстан», 1995 жыл 100-101 беттер

 

  1. Мұрат Бектенов, «Айшықты әлем» «Шежіре» шығармашылық орталығы, Атырау-2014 жыл, 225-259 бет

                                                27

  1. Мұратжан Қисым, «Қазақтың көне тарихы», Алматы, «Жалын» баспасы, 1993 жыл, Шыңжаң халық баспасы, 1987 жыл, 272-277 беттер

 

  1. Самат Ибраим, «Ататоры» «А.Полиграфия» ЖШС Ақтөбе 2003 жыл  6-23 беттер

 

  1. Өтепберген Әлімгереев, «Құттығай батыр», «Атырау» газеті, № 40, 6 сәуір, 2013 жыл

 

  1. Қ.Толыбайұлы, «Елім-ай!», А., 1992;

 

  1. Ғ.Мүсірепов, «Ой- сезім сәттері», А, 1996ж. Автор: М.Есламғалиұлы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   28

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив