Р дыбысын қою

 Логопедиялық сабақ жоспары

[Р] дыбысын қою

мұғалім- логопед: Закенова А.Е.

 

 

Тақырыбы: [Р ] дыбысын қою.

Мақсаты:

  1. Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде айжырата білуге үйрету; сөздегі[Р ] дыбысының орнын табу
  2. Есте сақтау қабілетін дамыту, қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту.

 

Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлереінің суреті, ойын алаңы, суреттер, [ Р ]дыбысының символы, айна, зонд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше болайын деп тұр. Сабаққа көптеген қонақтар келіп отыр. Сен оларға дұрыс және таза сөйлей алатыныңды көрсетуің керек. Олай болса, сабақты бастамас бұрын арнайы жаттығуларды жасайық.

ІІ. Тыныс алу жаттығулары.

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Алмас, бізге жедел хат келіпті. Қане, алып оқиық. – «Сәламатсың ба,Алмас! Бізді жалмауыз кемпі… ұ..лап кетті. Құтқа…а кө…Сенің сүйікті ә..іпте..ің.»

  • Қалай ойлайсың, қандай әріптерді ұрлап кеткен? Мына сөзерге қай дыбыс жетпей тұр. Дыбысты ұзағырақ айтып, артикуляциясын еске түсір. ([Р ]дыбысының артикуляциясына тоқталады.)
  • Еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа тәуелді;
  • Жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ;
  • Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;
  • Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;
  • Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.
  • Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.

 

Сонымен бүгінгі сабақта Р әрпін құтқарамыз.

ІV.Артикуляциялық жаттығу

«күрекше», «ат шауып келеді», «тәтті шырын», «алтыбақан», «сылақшы», «төбешік»

  1. Тыныс шығаруын дұрыстауға арналған жаттығу.

Ал енді, Р әрпін құтқаруға дайынбыз. Бізге кім көмектесер екен?

Мүмкін біз сиқыршыдан көмек сұрармыз. Сиқыршы бізге өзінің шарын ұсынып тұр. Бұл жәй шар емес, сиқырлы шар. Егер сен оны үрлейтін болсаң, ол сені жалмауыз кемпірге алып барады. (Алмаспен шарды үрлей бастайды)

VІ. Р дыбысын буында дұрыс айтуға дағдыландыру.

(шар бұтақтарға келіп тіреледі)

Бұтақтарды жалмауыз кемпір қойып кеткен болар. Бұл кедергіден өту үшін, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауың керек, сол кезде ғана жол ашылады.

Айтылған кезекпен буындарды қайтала

 

Ра-ро-ру ар-ор-ур

Ру-ру-рұ ор-ур-ыр

Ро-ру-ры ыр-ұр-ыр

 

Р дыбысын анық айт, созып айт

 

Ра-ра-ра-рас Ар-ар-ар-қар

Ро-ро-ро-ром Ор-ор-ор-тор

Ры-ры-ры-рыс Ыр-ыр-ыр-отыр

 

VІІ. Р дыбысын сөзде айтуға машықтандыру.

(шар бөренеге келіп тіреледі)

Жалмауыз кемпір мұнда да жауыздығын жасап, бөренені жолдың бойына қойып кетіпті. Тапсырманы орынап, бөренені орынан жылжытуымыз керек.

Тапсырма: Буындардан сөз құрау:

Қо , Ра, Рау, Шан, Да, На,Ра, Зы

 

VІІІ. Р дыбысын сөйлемде айтуға машықтандыру.

Міне, Р әрпін ұстап тұрған жалмауыз кемпірге де жеттік. Оның айтуы бойынша, ол Р әріптері қатысты сөздерді ұмытып қалыпты, сондықтан Р әрпін ұрлап кетіпті. Оның есіне түсірсек қайтеді? Олай болса, «Мен бастаймын, сен аяқта» ойынын ойнайық. Мына сөз тіркестерін есіңе сақтай дұрыс қайтала.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив