Сценарий: 1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ

Сценарий: 1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ
Сценарий: 1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ
Бүгін 1- қыркүйек білімнің күні,
Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні.
Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ,
Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.
Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына,
Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

I жүргізуші: Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.

II жүргізуші: Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

1-оқушы: Сәлем, саған мектебім, (1а Дана)
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

2-оқушы: Қуаныш бүгін – мереке, (1а Томирис)
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.

3-оқушы: Бірінші қыркүйек күні мен (1г Батырхан)
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.

4-оқушы: Биыл мен де мектепке (1г Адиа)
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

5-оқушы: Мектепке енді барамыз, (1в Қымбат)
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

6-оқушы: Алдыңа келіп, ұстазым, (1 в Жанеля)
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейіріңді сезіндім.

7-оқушы: Отанның біз ұл-қызы, (Мадияр 1ә)
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.

8-оқушы: Сылдырлайды, сыңғырлайды (1 б Мейіржан)
Мектеп жақта қоңырау.
Ұмытпаймыз бұл бір айды,
Гүлге толы омырау.

9-оқушы: Гүл толы қала, дала да, (1 б Батырхан)
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп – анаға,
Соғылмақ тұңғыш қоңырау.
Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып , 2 а сынып оқушысы Джумалинова Дана «Ертегілер» әнін жолдайды, қабыл алыңыздар.

I -жүргізуші: Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.
Адам жанын тәрбиелеп аялар,
Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегін 1-сыныпқа шәкірттерін қабылдап отырған ұстаздарға береміз. Құрметпен ортаға 1 а сынып жетекшісі Баян Бакиқызын шақырамыз.

II жүргізуші: Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын, - деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз. Ортаға 1ә сыныбының ата-анасы Батыргужинова Ботагөз Кожаханқызын ортаға шақырамыз.

1 жүргізуші:
Күтіп тұр, алда сан қызық,
Асулар асқар, неше сын
Кеудеңе үміт жанғызып,
Азамат болып өсесің.
Үміттің отын жандырған
Қызырдан болсын қолдаушың
Хош келіпсің, балдырған
Қадамдарыңа нұр жаусын!
Ұшталған үміт арманнан,
Таудай бір болсын талабың! – келесі әсем би өздеріңе арналады.
Менің Қазақстаным орындайтын 3б сынып оқушысы, Испания, Турциядағы халықаралық байқаулардың жеңімпазы, джамбо тобының бишісі Аманжолова Айгерим қабыл алыңыздар.

II Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоғырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.
(Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау соғады)
1.11 б сынып оқушысы, оқу үздігі, қалалық пән олимпиадасының жеңімпазы Мелісова Арайлым
2. 1 а сынып оқушысы Мейрам Дильназ
3. 1ә сынып оқушысы Тоқтасын Мадияр
4.11-сынып түлегі Алмат
5. 1 б сынып оқушысы Кайрбаева Наргиз
6. 1в сынып оқушысы
I Жүргізуші:
Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын

Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер – білімге

Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.
II Жүргізуші:
Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! Мектепке 1-сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.
1-а сыныбы сынып жетекшісі Жұманбаева Баян Бакиқызы
1-ә сыныбы сынып жетекшісі Балтабаева Кенжегүл Айдарханқызы
1-б сыныбы сынып жетекшісі Баймульдинова Альфия Иранқызы
1-в сыныбы сынып жетекшісі Жакупова Ажар Ерболатқызы
1-г сыныбы сынып жетекшісі Журсунова Мадина Маратқызы
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
Ақ жол, бүлдіршіндер!
Біліммен асып - тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің
І - жүргізуші:
Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған «“ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

ІI жүргізуші:
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2012-2013 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады.
Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив