Елім менің - еңселі

Елім менің – еңселі!
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәрбиеленушілерді отаның сүюге, байлығын қорғауға, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, плакаттар, суреттер, нақыл сөздер.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік – қырансың, қалықтаған.
Алты алаштың көгінде шарықтаған.
Көптен күткен халқымның сәбиісің,
Әлдилеген құшақта алып далам.
Тұғырыңды шыңдағы таныт маған,
Көк байрағым, желбіре, шабыттанам.

2-жүргізуші: Айқара ашқан тұманды ел түндігін,
Азаттықпен арайлы көгін бүгін.
Ынтымағы жарасқан әз халқыммен
Жаса мәңгі жасампаз Еркіндігім!
Жаса мәңгі жасампаз Еркіндігім! 1-2- жүргізуші

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл мерекесіне арналған мектеп жанындағы жатақхана оқушыларымен ұйымдастырлған «Елім менің – еңселі!» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлкеттік Әнұраны орындалсың.

1-жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ-нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп-қонып жүрген ата-бабаларымыз 3 нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасың осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды.

2-жүргізуші: Еліміздің еркіндік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімзге жаңа леп, серпін ала келді. Ол баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік шежіресі!
1991 жылы 16 желтоқсан – Еліміз Тәуелсіздігін алды.

2-жүргізуші: 1992 жылы Мемлекеттік рәміздер қабылданды.

1-жүргізуші: 1993 жылы Ұлттық валюта енгізілді.

2-жүргізуші: 1994 жылы Мемлекетіміздің тұңғыш ордендері дүниеге келді. Т.Мұсабаев «Саюз-ТМ6» ғарышкемесімен көкке самғады.

1-жүргізуші: 1995 жылы Конституция қабылданды.

2-жүргізуші: 1996 жылы Қазақстан комиссиясының І комиссиясыны болып өтті.

1-жүргізуші: 1997 жылы «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп аталды.

2-жүргізуші: 1998 жылы 6 мамыр Астана күні. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы санмен көркейіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

1-жүргізуші: 1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев болды.

2-жүргізуші: 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.

1-жүргізуші: 2001 жылы Астана әлем қаласы болды.

2-жүргізуші: 2002 жылы Еліміздің кіндігі елорда да Астана – Бәйтерек монументі салынды.

1-жүргізуші: 2003 жылы «Ауыл жылы» деп аталды.

2- жүргізуші: 2004 жылы «Қазақстан-Ресей» жылы деп аталды. ҚР Тұңғыш Президентінің музейі ашылды.

1-жүргізуші: 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» тойланды.

2-жүргізуші: 2006 жылы Елордамызда Пирамида үлгісіндегі «Бейбітшілік пен келісім» сарайы ашылды.

1-жүргізуші: 2007 жылы «Қазақ тілін қолдау жылы» деп аталды.

2-жүргізуші: 2008 жылы Елордамызда «Қазақ елі!» монументінің салтанатты ашылуы болды.

1-жүргізуші: 2009 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрсеті жетілдіру» жылы болды.

2-жүргізуші: 2010 жылы Қазақстан Еуропа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етті.

1-жүргізуші: 2011 жылы кезектен тыс президент сайлауы болды. Нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев сайлаушылардың 99,5% дауысын жинады.

2-жүргізуші: 2012 жылы ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алды.

1-жүргізуші: 2013 жылы «Әділет» пен «Руханият» партиясы бірігіп «Бірлік» партиясы атанды.

2-жүргізуші: 2014 жылы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдау бұл жылдың басты құндылығына айналды.

1-жүргізуші: 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды.

2-жүргізуші: 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мерей тойын тойлап отырмыз.

Алдарыңызда шағын көрініс. Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Тәуелісіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлкеттерінің қатарына қоса алдық. 25 өткеліктерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерең еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік –ел бақыты, ертеңі,
О,халайық! Құтты болсың қуаныш.
Азат өлкем күндей келген шығыстан,
Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.
Айналайын. Қазақстан –Гүлстан

Келесі кезекті оқушылар сәлемдемесіне береміз.


1.Ернар
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған елдің берекесі.

2. Алтынгүл.
Кейде мүлде көңілдің бұрауы шын,
Қайғы мұңға уланып тұрау ішім.
Өткеніне қарасам қазағымның
Жаралағандай өмірге жалау үшін.

3. Қолғанат
Азат күнді жырлайықшы ән қылып
Үні қалды қазағымның жаңғырып
Қыран көңіл даңқы мыхты елімде
Енді соғыс болмасыншы мәңгілік

4.Зарина
16 желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тоқсан
Атамменен барғанмын
Мерекеге шығады
Бүкіл халық біліп қой
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік ұлық той.

5.Айару
Жиырма жыл,жмырма жыл азаттық
Өзімді құрсауданда босаттық
Ақтадық біз ата-баба үмітін
Қолда қазір көк ту менен бостандық.

6.Айнара
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ
Аталарым оны қолдан берген жоқ
Отан үшін құрбан болған боздақтар
Ел есінде дейміз олар өлген жоқ
Шуақ шашқан ашық аспан күніміз
Тәтті ұйқы,тыныш болсын түніміз
Кеше ғана бодан болсақ басқа елге
Бүгін міне ірілердің біріміз.

7.Набира
Желтоқсанның желі,аязы,ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті талай қазақ қыздары.

8.Аружан
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгіге сақталады
Зарықтырған тәуелсіздік күні бұл
Шаһит болған миллиондардың құнын біл
Қорғап өрен,кірпік қақпау борышың
Бұған намыс,жан мен арың

9.Айару
Қарашы дос ғажапты
Күлімдейді нұрлы күн
Тәуелсіздік азаттық
Теңдік алған күн бүгін

10.Айдос
Есіме алсам өткен күннің белестерін
Желтоқсаным ерлік болып елестедің
Бәрінеде тек кінәлі Москва ғой
Момын қазақ ештеңе демеспедің
Қонаевтай нар тұлғаны орнынан ап
Колбинді әкеп біздермен кеңеспедің
Айдаладан басшы болып келген орыс
Қазағымның қамын сен жемес дедің
Айтшы сен мұны неге істедің?

11.Аяжан
Халқымның мақтанышы алып тұлға
Әлемнің назары ауды Ақордаға
Бәйтерек көкке қолын созып тұрған
Ұқсайды менің асқақ арманыма

12. Аяулым
25 жыл толып отыр
Егеменді еліме
Өрт салмасын бөтен елдер
Атамекен жеріме
Аңсап күткен бұл тойымыз
Құтты болсын бәріңізге
Ұзақ ғұмыр,бірлік табыс
Тілейміз жас-кәріңізге


Хор: «Менің елім – Қазақстан»

2-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жырым менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлімге даңқын жетті.
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.

1-жүргізуші: Қазақ дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанғам – деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

2-жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмінегеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді,
Мұхиттың әр жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді,
Қазақпын қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.

Өз шығармашылығымен Садихов Айдос «Еркіндік»

1-жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шіміркіп тамсанады.
Өкінішпе білмеймін қуанышпа
Өз-өзімнен жүрегім ән салады.

Ән: «Тәуелсіздік» орындайтындар: Еслимғалиева Аружан, Қабдрахимова Аяжан.

1-жүргізуші: Пайдамыз тиіп Отанға,
Риза болсын халқымыз
«5»-тік болсын бағамыз
Білімнен бақыт табамыз.
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тірлігіміз.
«Бірлік барда, тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.- дегендей бүгінгі жатақхана оқушыларының сіздерге тарту еткен мерекелік кеші тәмамдалды. Көңіл бөліп келгендеріңізге көп рахмет!

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив