25 МАМЫР СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕРЕКЕСІНІҢ СЦЕНАРИИ


Батыс Қазақстан оьлысы
Теректі ауданы. Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ
Демеуова Алмагул Хамитовна

25 мамыр Соңғы қоңырау мерекесінің сценарии.
« Сыңғырла соңғы қоңырау »


1-жүргізуші.-Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен ұстаздар, аяулы ата-аналар!
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау
Қимастық сезім оятып,
Соғылады соңғы қоңырау.
Соңғы қоңырау үндері,
Жаңғыртып кең даланы
Қоштасар кез келгенде
Жүректі тербеп барады.
2-жүргізуші:-Міне, көптен күткен салтанатты сәт те келіп жетті. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған ұл-қыздарыңыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасар сәтті күтіп соңғы қоңырау мерекесіне келді.
1-ж:-Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім деп, атақты жазушы М. Әуезов айтқандай, жан-жақты дамыған ұрпақтың болашағы білім жүйесіне байланысты.
2-ж:-Ондай білім беретін білім ордасы-мектеп. Бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміздің алдында тұрған басты мақсат-әлемнің басқа халықтарымен бірдей тең дәрежелі білім алу.
1-ж:- Құтты болсын алғашқы өмір баспалдағы,
Қорқытпасын мұз, көлі, асқар тауы.
Кірпіш болып қаланып, жеміс берген.
Сіздер үшін айтылады көп арнауы.
1-ж:-Алдыңа келіп ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым
Күлімдеген көзіңнен.
Мейірімді сезінген.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан басталғанын түсіндім.
Ән: «Ұстазым»
1-ж:- Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп нұр жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
Мектеп бітіруші түлектерімізге сөз кезегін береміз.
Қайнар:-Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын
Ұстаз- ғалым, толастатпас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Гүлжайна:- Ұстаз! Осы сөзде қанша ұлылық жатыр десеңізші. Сөз маржанын тнрген ақын жазушы да, көк жүзіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас.
Елжан:- Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын, үйренсін деп.
Құшақ жая алады күнде алдан.
Айзада.-Кейде біздер ерінсек.
Ең жарлыққа берілсек,
Қатаңдау тәртіп қоятын
Қатені ұстаз жоятын.
Ануар:-Кесірге тежеу беретін
Ойынның шексіз өрісі,
Қатаң да әділ төреші
Ұрыспай айтқан ақылын
Ұстазым-қамқор ақылшым.
Бәрі:-Мың алғыс, сізге түлектен!
Мың алғыс отты жүректен!
Ән:
Молдаш:-Сегодня мы уйдём, активисты и просто ребята,
Вам с другими придётся с нуля начинать
Мы собрались, чтоб с вами сердечно простится
И заверить что будем мы вас вспоминать.
Порой вы с нами были строгими
И за ошибки нас ругали.
Вы не довольны были многим
Но всё же многое прощали.
Простите нас, что не всегда
Мы были аккуратны
Усидчивы, покорны и опрятны
Что не всегда запоминали,
Что нам толково объясняли.
Напутственное слово, добрый взгляд,
Победам нашим радовались вместе.
Сегодня каждый скажет из ребят
Жилось нам с вами интересно!
Вы отдаёте всё большой работе,
Вы в детских душах будите мечту,
Спасибо вам, за то что вы живёте
За ваших дел и мыслей красоту.
Сәндігүл:- Өтті бізден балалық
Өтті бізден шалалық
Тезге салды ұстаздар
Текті мінез даналық.
Айдос:-Ұсынғаны адалдық
Үйреткені адамдық
Бар ұстазға тілейміз
Бәрі:- Бақыт, табыс, амандық.
Ән:-
Ақжол:-Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жандарды көргенде
Шарықтап биік қиялым
Шаттанып шексіз сый алдым.
Анадай ұстаз мектебім
Алғысым айтар көп менің.

Ақұштап:-Мектеппен бүгін қоштаспақ
Қоштаспақ мәңгі сан түлек,
Айтылып жатыр сан тілек.
Егіле берді сан жүрек.
Ерұлан:-Барлығы отыр есіне ап.
Мектепте өткен жылдарды
Мініп алып бір-бірден
Білім деген тұлпарды.
Шерхан:-Мектеп сенсің- адалдықты үйреткен
Мектеп сенсің – жамандықты күйреткен
Мектеп сенсің- жақсылықты ұран ғып
Мектеп сенсің-мені жұртқа сый еткен.
Райгүл:-Мектеп деген-білім кені, жыр кені.
Мектеп деген-ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген-тәрбиеші адамға,
Мектеп деген-даналардың мекені.
Ән:-

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив