ХХІ ғасыр көшбасшысы

Жамбыл облысы  Шу ауданы

Оразалы батыр ауылы

 Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын

орталықты орта мектебінің тарих пән мұғалімі

 Казанатов Естай Токтыбаевич

 

 

ХХІ ғасыр көшбасшысы

  Армысыздар құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар! Бүгін сіздер үздік оқушылар арасында өтетін ХХІ ғасыр көшбасшысы атты интеллектуалды сайыс қош келіпсіздер.

 

Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды  алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету,логикалық ой-өрісін, зейінін, жадында сақтау қабілетін дамыту; оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, шығарамашылығын дамыту;  жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын құрметтеуге тәрбилеу; оқушының бойына Отанға деген патриоттық, махаббат сезімдерін сіңіру


Көрнекі құралдар: сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі, интербелсенді тақта 
Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап. . 

Қазылар орнықтырар әділдікті, 
Кімдердің жауаптары кәміл шықты. 
Білім мен тапқырлықтың сайысында 
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты 

- Әділқазылар алқасымен таныстыру.


-    Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.

1-ші қатысушы – Каналбек Ұлдана

2-ші қатысушы – Кәдірқұл Зарина

3-ші қатысушы -Рыскелді Құралай

4-ші қатысушы – Орын Гүлжанат

5-ші қатысушы – Совет Ұлжан

6-ші қатысушы – Нұсіпали Аяжан


1. Болашақтағы арманың қандай? 
2. Қандай пәнді сүйіп оқисың? 
3. Өмірлік ұстанымың қандай? 
4. Мектептегі мұғалімдерден кімді үлгі тұтасың? 
5. Қандай мамандық иесі болғың келеді? 

- Бүгінгі интеллектуалды ойын төрт асудан тұрады: 
I  кезең – «Бәйге» 
II  кезең – «Өнерпаз болсаң» 
III  кезең – «Сыр сандық» 

IV  кезең – «Білім шыңы» 
V  кезең – «Жорға» 


Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын, 
Қосатұғын күрең атын, боз атын. 
Басталады бәйге атты жарысың, 
Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатың. 
Деп Бәйге жарысын бастаймыз. 
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!!! 

Шарты: 

 

 1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 11 сұрақ беріледі

2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.

3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын алдарыңдағы  А, В, С әриптери жазылған белгішелерді көтересіңдер.

4.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді
1. Периодтық заңды кім ашты?

А) Э. РЕзерфорд       в) Д.И. Менделеев          с) С.Аррениус

в)Д.И. Менделеев

2. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?

А) И. Ньютон    в) Паскаль          с) Ом

а) И. Ньютон

3.Органикалық заттарды ыдырататын  биологиялық католизатарлар

а) гормондар        в) ферменттер        с) тұздар

в) Ф ерменттер

4. Генерал – губернатор А. Курапаткиннің құпия бұйрығы қашан шықты?

А) 1916 ж. 20 наурыз     в) 1916 ж. 25 қараша   

С) 1916 ж. 23 тамыз

с) 1916 ж.  23 тамыз  

5. 1918 – 20 ж.ж. Азамат соғысында қанша адам қаза тапты?

А) 8 млн.          в) 15 млн.     С) 22 млн.

а) 8 млн.

6. Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін отанымыздың символы санаған?

А) Қызғалдақ          в) Раушан              С) Жусан

С) Жусан

7.  Кернеуді өлшейтін құрал?

А) Вольтметр            в) Амперметр     С) Танометр

а) Вольтметр

8. Қан тоқтатанын  элемент

А) магний                    в)маргнец           с)иод

с)Иод

9. Гистондар қайда болады?

а) көмірсуда       с) Майда     в) нәруызда

в) Нәруызда

 

10. Ең қатты метал

а)  Бром       в)  Хром     с) Мыс       

в) Хром

11. Аспан денелеріне аты берілген  қазақтың ғалымы :

а) Ы Алтынсарин            в) Қ Сәтбаев      с)З Қабдолов

в) Қ. Сәтбаев

 

 

II - кезең «Өнерпаз болсаң»
Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар.
«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар,
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Екінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Өнерпаз болсаң» деп келесі кезеңге көшейік.

1.     Бұл айналымда белгілі бір әуен беріледі, қандай әуен екенін және кім орындайтынын табу керек.

2.     Әр оқушыға екі әуеннен беріледі, жауабы жоқ жағдайда қарсыластар жауап беруге болады.

3.      Әр әуенге 1 минут беріледі.

4.      Осы айналымның соңында сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді, ұпайлары аз 3 оқушы ойыннан шығады.

Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.

 

III – кезең. « Сыр сандық». Шарты:

 

1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 3 тақырыпты таңдау ұсынылады.

2. Әр тақырып 10,20,30,40, санды ұяшықтарға бөлінген.

3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.

4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.

 

Тарих   10 20 30  40
Өнер    10 20 30  40
Сен білесің бе?10 20 30  40
“Тарих”
10. Тұңғыш жоғарғы оқу орыны Қазақ мемлекетік педагогикалық институты

қай жылы ашылды  ? 1928 ж.

20. О. Сүлейменовтың «АЗ и Я» атты кібаты қай жылы жарық көрді? 1975ж

30. 1920 жылы Қазақ АҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы кім болды?С. Меңдешов

 40. 1978 жылы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің  Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын бүкілхалықтық талқылауға ұсынды.

Талқылау қанша уақыт жүргізілді? Бір жарым ай

 

“Өнер”
10. Қазақ ұлттық кино өнерінің  алғашқы көркем фильмы. Амангелді

20. Әуелеп ұшқан алты қаз,

Жерге неге қонбайсың?

Сіздер – тірі, мен өлі,

Жатырсың неғып демейсің?

Үзінді қай жырдан алынған?

«Қыз Жібек»
30. 1925 жылы Парижде, 1927  Майындағы Франкфурта өткен Дүниежүзілік музыка көрмесіне қатысып, жүлделі орынға ие болған. Ә. Қашаубаев

40. Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ.  Ұлытау

«Сен білесің бе?»
10. Елбасының анасының есімін атаңыздар? Әлжан
20. Елбасының Интернет желісіндегі ресми сайтының атауы қандай? www.akorda.kz

30. Н.Ә. Назарбаевтің 1948 жылы қазақ – орыс орта мектебінің табалдырығын аттады.

Мектептің атауы қандай? «Д.А. Фурманов»

40. Н.Ә. Назарбаевтің алғашқы ұстазы кім? Т.А. Исмаилова

 

IV  кезең – «Білім шыңы» 

Бұл кезеңде оқушылар ұяшық таңдайды.

1.     Әр ұяшықта пәндер бойынша бейне сұрақтар берілген.

2.     Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

3.      Жауабы берілмей қалған жағдайда қарсыластар жауап беруге болады.

4.      Осы айналымның соңында сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді, ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

V  кезең – «Жорға» 


Жоғары, жоғары, жорғала

Шапшаңдыққа таң қал ма.

Ойын деген нарталас,

Жеңілемін деп ойлама!

Ең үздік деп аталған екі оқушымызға қол шапалақтап, демеу берейік!

 

 Алдымен, ұпай аз оқушыдан бастап, сұрақтар қойылады.

 1-нұсқа
1.Елбасының руы қандай? Шапырашты.

2.Атомның құрылысын анықтаған кім? Резерфорд

3.Қазақстанның жер көлемі қанша ?  2.7млн

4.2000 жыл қандай жыл деп аталды? Мәдениет жылы.

5.Ел басымызды  Қазақстан -2030 Қазақстан халқына жолдауы қай жылы жарық көрді?1997ж

6.Микроэволюцияда не түзіледі? Тек түр.

7.Нүктенің бірінші координатосы қалай аталады? Абсцисса

8. Дәлелдеусіз қабылданатын математикалық сөйлем? Аксиома

9.Елбасының толықтыруымен өңделгнен «Менің қазақстаным»әнінің жаңа мәтіні қай жылы Әнұран ретінде қаьылданды? 2006ж

10Н.Назарбаевтың қандай ғылыми атағы бар? Экономика ғылымының докторы.

 

 

 

 

 

 

 

 
 
     

2-нұсқа

1.Н.Назарбаев алғащқы екі сыныпты кімнің үйінде жүріп оқыды? Немере ағасы  Үмбеттің

2.2002 жылы қандай жыл деп жарияланды? Денсаулық жылы

  1. «Невада-Семей»экологиялық қозғалысы қай жылы құрылды? 1989ж

4.органикалық химия ұғымын енгізген кім? Я.Берцелиус.

5.Сары түсті ұнтақ зат? Күкірт.

6.Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ұсынған ғалым? Де Фриз

7.Бақа мен бунақденелілер ылғалды топырақтан пайда болады деп жазған ғалым. Аристотель

8.Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама: үдеу

9.Күйші поэмасының авторы кім? І.Жансүгіров

10.Төртбұрыштың көрші емес  қабырғаларын қосатын кесінді. диоганаль

Қорытынды:

«Білімді, сауатты адамдар - ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деген екен Елбасымыз. Бұл сөз әр ұстаз жүрегіне ой салады. Себебі, кез-келген елдің болашағы жастардың, ұстаздардың біліктілігімен, оның өз шәкіртіне деген ықыласына көбірек тәуелді. Сондықтан әлемдік стандартқа сай біліммен қаруланып, еліміздің болашағы үшін қызмет етіп, отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар!

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив