Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!


Ақмола облысы, Аршалы ауданы,
№ 3Аршалы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жапарова Асем Молдатаевна

Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!


Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Барысы: Музыка. Мұғалім:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды
Көргендер де арманда,
Көрмеген де арманда
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Ән: Кәрібай Ләйлә «Наурыз»


Музыка. Мұғалім:
Армысыздар ағайын!
Бармысыңдар ағайын!
Ұлыс оң болсын!
Әр күніміз жақсы болсын!

- Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «Наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б атап өтеді. Биылғы жылы Наурыз мейрамы дүниежүзілік мерекелер қатарына енді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелгені мерзімі 22 наурыз күніне сәйкес келеді. Наурыз кезінде наурыз – көже дайындалады.

Ал, балалар, тұрмайық
Әндетейік шырқайық
Ортамызды ашайық,
Думандатып би билеп
Ән мен күйді төгілтіп
Інжу – маржан шашайық

Би: 2 «Ә» сынып қыздар тобы.


Слайдтар бойынша наурыз мейрамы күніне шолу.


Ортада 2 «ә» сынып оқушылары бүгінгі мерекеге арналған шумақтарын оқиды.




1 оқушы:
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден
Құтты болсын, Наурыз!

2 оқушы:
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Әр жүректен ән тарап
Шаттанады шартарап!

3 оқушы:
Ұлы күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
4 оқушы:
Сағынтап келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханына елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.

5 оқушы:
Жыл басы – Наурыз, мекреке!
Ақ нұрға әлем оянды.
Наурыз той береке.
Тіршілік жаңа оянды.
Наурыз құтты болсын!


Ән: Базархан Еркежан «Көктем келді»

Мұғалім:
Сәулесіндей көрінді – ей таңғы үміттің
Басын қостың салт – дәстүр, сан ғұрыптың.
Жаса наурыз, жарқыра көкте күндей
Мекрекесі достықтың, мәңгіліктің – деп

Ән: Кәрібай Ләйләнің орындауындағы «Наруыз» әнімен тәрбие сағатын аяқтаймыз!


Келген қонақтар мектекелік дастарханға шақырылады!

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив