9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні!

  9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні!

   Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету күресіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлсін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест Қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батырлар ерліктерін көрсетті. Украйнаны, Кавказды, Белоруссия, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.

     Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даламыздың бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.

     

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив