Тәуелсіздікке 25 жыл Шығарма

Күршім ауданы , Боран ауылы

Құмаш Нұрғалиеватындағы гимназия

Бастауыш сынып оқушысы: Азатбек Ақпейіл

Мұғалімі: Ыбыраева Назым Мухаметкалиевна

     

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

Шығарма

             Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас  құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.  Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.

            Азуы алты қарыс Абылай ханның ақ ордасында алысты болжаған абыз әрі ақиқат ақ берені Бұқар жырау ақылдылықпен жырлады емес пе? Ал, «Күлтөбеде күнде жиын» тұстарда күллі алаш баласы атақты үш бидің аузына қарағанын бәріміз білеміз. Аталар айтты деген сол алтынның сынығындай асыл сөздер қазақ көшінің ғасырлар түкпірінен үдерген үздік создық керуені арқылы  үзілмейтін үміттей толқын-толқын ұрпаққа жалғасып, ұшан теңіз ұлағат, ұлан ғайыр үлгі болып келеді. Халқымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздіктің таңы атқанына да 25 жылға аяқ басты. Еліміз егемендік алып, болашаққа сенімді қадам жасағалы өмірімізде қаншама жарқын жаңалықтар болды.

             Қазақ елі – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай жақсы көреді, сүйеді, көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 25 жыл өтті. Қазақстанның жиырма бес жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай  жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

           Тәуелсіздіктің тұғырын бекітуге жұмылған халқымыз жасампаздықтың жарқын жолдарына соныдан соқпақ тартып, қоғамдық дамудың өзіндік өзгерістерін жасай білді. Тәуелсіздікпен ілесе келген игіліктер қаншама!  Соның бірі де бірегейі  - қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы. Бұл әсте оңай бола қойған жоқ. Қазақ тілін төрге оздыру көптеген тегеурінді қарсылықтарға душар болды. Шүкір, сол бодандықтың құрсауы қысып тұрған кездің өзінде бұған қол жеткіздік. Сондықтан да бұл үлкен жеңіс.                                                                                                                                      « Қазақстан Республикасындағы Тіл  туралы» тұңғыш  Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Мұның өзі халқымыздың тәуелсіздік жолындағы күресінің алғашқы жеңістерінің сүбелісі еді.

          Тіл – халқымыздың даналығын, талғамын тауып айтатын, шыншылдығын көрсететін, ғасырдан –ғасырға, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазына. Сондықтан тілдердің маңызын, атап айтатын болсақ, мемлекеттік тілдің қажеттілігін түсіну әрқайсымыздың парызымыз. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи біртұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайын біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тілі арқылы ғана біздің халқымызды,Отанымызды танып білеміз. Халық  рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту –бүкіл ата –бабамызды, тарихымызды ұмыту. Тіл – халықпен өмір сүреді, дамиды, себебі ұлттың тілі оның бақыты, тірегі.

             «Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»!  Неткен керемет, киелі ұғымдар!  Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. 
Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына, тәуелсіздігімізді сақтап қалуымызға біз жас ұрпақ  теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімізді қосуымыз қажет.

                          Менің елім – Қазақстан жүрегім,

                          Тек өзіңсің Отан, ана, тірегім.

                          Аман болсын елім, жерім ұрпақтар,

                           Тәңірден осы менің тілерім !

           Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Осындай тәуелсіз елде  ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив