Ана, Анашым

Тақырыбы: Ана- асыл жан

 

Бейсенбай Нұрбол Талғатұлы

ЭС-14-1 оқу тобының студенті

 

тарих пәнінің оқытушысы

Байкенжеева Эльмира Шекербекқызы

 

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Байқау аты

Байқау жанры

Мектебі

Облыс, қала, аудан

Жетекшісі

Тел номері, эл почтасы

1

 Бейсенбай Нұрбол Талғатұлы

 ЭС-14-1

 «Ана», «Анашым» 

 шығарма

 ОҚО,

 Кентау қаласы

Байкенжеева Эльмира Шекербекқызы

 87758813119

87025119798

 

 

Әйел жерден шыққан жоқ,

Ол да еркектің баласы.

Ерлер көктен түскен жоқ,

Әйел – оның анасы -деген   А.Тұрмағамбетов атамыздың сөзімен бастағым келеді. Бүкіл әлемнің панасы ол-ана .     Кез -келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген  жан ана жүрегінің жылуынан басталады. Біздің  бойымыздағы  ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана.  Пайғамбарымыздың  бір хадисінде "Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; "Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар деп ойлаймын. Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
 «Ана» дегенде елжіремейтін  жүрек, толқымайтын  жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. Қаншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. "Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.

   

Осы үш-ақ әріптен тұратын сөз не деген құдіретті?! Анадан батыр да, ақын да, данышпан да туады. Біздің оларға бас июіміз керек. Дүниедегі ең керемет те, ең сұлу да – аналарымыз. Олар бізге құрбы да, жан сырлас та бола алады.Мен анамның қалауын әрқашан орындаймын. Себебі, ол маған ешқашан жамандық тілемейді. Көзіне мейір тұнған сол бір аяулы жан қазіргі күнге дейін мені бағып-қағады. Ал мен келешекте анамды асырап, маған бола тер төккен күндерін ақтап, ол үшін мен де аянбай еңбек еткім келеді. Оқу орнында білім алып, жақсы мамандық иесі боламын. Содан кейін анашыма көмек жасап, маған сыйлаған әрбір таңның қарымтасын қайтарғым келеді.  Анаммен сырласып, өз ойымды бөлісе аламын. Анам менің күнделікті өмірімнің нәрі. Ол кісіге деген ризалығымды айтып жеткізу мүмкін емес. Әрине жүректен шыққан сезімді сөзбен емес, іспен дәлелдеу керек емес пе?! Сондықтан мен аянбай еңбектенемін. Ал менің анама  деген махаббатым жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл . Бұл ана, сондықтан көптеген естеліктер, сонша жылу мен мейірімділік асыратын шын жүректен сөз. Махаббат шексіз ана болып табылады. Тағы кім бірақ ол бала дені сау және бақытты екенін, тек осы үшін отбасылық еңбек ауыртпалығын мойнына балалардың төтенше бөлігін береді. Анасы баланың құтқару үшін өз өмірін құрбан етуге дайын. Менің анам мен үшін  — өмірдегі ең қымбат жан. Өмірде ең бірінші балаға ана керек деп айта аламын. Ананың құшағы бүкіл  дертке - дауа. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. "Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. "Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.Дүниедегі ең жұмсақ нәрсе, ол – анамыздың аяулы алақаны, дүниедегі ең тәтті нәрсе, ол – анамыздың ақ сүті. Мен анамды бар жан тәніммен  жақсы көремін және аялаймын. Әрине мен оны дүниедегі ең бақытты адам еткім келеді. Барлық бақыт пен ғажап нәрселер анамның аяғының астында тұрса екен деп тілеймін, ренжітпей қадір тұтамын.  Мені дүниеге әкеліп, аялап өсіріп отырғанына мың да бір алғыс айтамын. Мен оған шексіз ризамын. Анашымның көзінен нұр төгіліп, маған шуағын шашып тұрған сияқты. Әрине, әр ана өзінің баласы келешекте жақсы адам болғанын қалайды. Елін, жерін сүйіп өссін дейді, біреудің ала жібін аттамасын деп тілейді. Әрі сондай болады деп сенеді. Олар бізге әрқашан тура жолды нұсқап, ақ пен қараны ажыратуға көмектеседі. Сондықтан біз де тиісті көмегімізді беріп, қолғабыс етіп, олардың жүрегіне кірбің түсірмеуіміз керек. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады.Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса. Маған берген тәлім-тәрбиеңіз бен аналық махаббатыңызға шексіз ризамын! Сөз соңында айтарым,

 Анам менің – өмірдегі тірегім

Анам менің – кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін, - дей келе жан анам ешқашан қартаймай, ортамызда күлімдеген жүзіңнен бізге нұр шашып жүре  беріңіз. Менің анам — мен үшін -ең құнды жан. Мен оны шексіз сүйемін және бағалаймын.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив