Әке - тәрбие мектебінің басшысы

Қази Фарида Ақтөбе облысы Хромтау қаласы

№ З Хромтау орта мектебінің                              

11-оқушысы                            

                                                      Әке - тәрбие мектебінің басшысы

            Әрбір бала өмірде ата-ананың ыстық махаббатына бөленіп өсуден ең жақын жандарының аялы алақанын сезінуден асқан бақыт бар ма? “Әке- асқар тау , ана-баурайындағы бұлақ ,   бала-жағасындағы құрақ”, - демекші, әр отбасы толықтығымен бақытты.  Осы орайда әкенің рөлі туралы сөз қозғамақпын.

          “Әке”  деген ұлы сөз.  Әке отбасындағы орны бөлек жан. “ Әке- асқар тау” , “ Әке-бәйтерек” деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді.  Әке- отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі ,  қамқоршысы. Әкенің тәрбиесі отбасында өте маңызды. Әсіресе ер балаларға. “Әке балаға сыншы”  дегендей,  ер бала әкесімен сырлас,  дос,  жолдас.  Ер баланың өсіп,  жетілуінде , өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына әке рөлінің маңызы зор. Сондықтан да әке болу бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді . Алайда , қазіргі таңда көп жағдайда отбасылық өмірдің тізгіні әйел затының қолында кетіп бара жатқандай…                

   Қазіргі кезде тәрбиеге келгенде осал әкелеріміздің бар екенін мойындаймыз. Соңғы уақытта бала тәрбиесін анаға жүктеп қойдық.  Бала  керегінің бәрін анадан сұрайды,  мектептегі жиналысына да анасы барады, анасына ғана сырын айтады.  Әке рөлі төмендеп бара жатыр. Әкенің міндеті тек жұмыс жасап ақша табу емес, ол өзгелерге  үлгі боларлықтай болуы тиіс. Шыны керек қазірде кейбір әкелердің  жауапсыздығынан ортамызда тірі жетім атанып жүрген балалар қаншама.  Осының бәрі бірінші кезекте әкенің бала тағдырына бей-жай қарауынан болып отыр. “ Алма алма ағашынан алысқа түспейді”- дейді дана халқымыз. Осындай сорақылықты көрген ұрпақ ертеңгі күні қайталамасына кім кепіл? Меніңше, бала қыран болуы үшін оны самғатып, ұшыратын әке де қыран болуы керек емес пе? Сондықтан, “ Ел болам десең бесігіңді түзе” дегендей әр әке мықты көрегенді болса одан тамыр тартқан бала да жалынды, жігерлі болып өсері хақ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Егер біз  адамгершілігі жоғары болғымыз келсе ең бастысы ата-ананың балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз”деп көрсеткендей жас ұрпақтың болашағына бағыт-бағдар беретін бірден бір адам ол әке-шеше , ендеше бала тәрбиесіне әке көп көңіл бөліп әкелеріміздің отбасындағы жауапкершілігі артса деймін.

 

                                                                                                

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив