Тәуелсіздік күні

Ақтөбе облысы Мұғалжар  ауданы «Ембі қалалық № 2 орта  мектебі» ММ

 11- класс  оқушысы Жолжан   Нұртай Сартайұлы

 

"Адамзат көгінде жарық жұлдыз пайда болды. Ол - Көк байрағын шалқытып, әлем тарихына мөрін басқан тәуелсіз Қазақстан еді. Ғасырлар бойғы халқымыздың арманы 1991 жылы 16 желтоқсанда, бүгінгі буынның тарихи таңдауына айналды. Бұл күн өз тағдырымызға өзіміз қожалық етіп, өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен ұлы күн болды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Иа, Қазақстан осы  жарық жұлдызды жарқыратып, көк байрақты көгімізде  желбірету үшін  қаншама  қиындықтарды  бастан  өткерді. 

 Бүгінде Қазақстан – тәуелсіз, егеменді ел, зайырлы  мемлекет.  

Қазақстан Республикасы !  Көкірек  кере  мақтанышпен  айта  аласың!  Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін, өз  алдына  тәуелсіз  болғанын  бірден аңғаруға болады. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап,  бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың  ұлы кемеңгерлерінің , өр  рухты  азаматтарының  арқасында  бақытты өмір кешудеміз.

 Біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы  мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек  әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 26 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы  алпауыт елдер қатарындағы алып  мемлекетімізді  әлем  жұртшылығы  құрметтейді, бас  иеді, қайсарлығына, қонақжайлығына  таң  қалады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның  биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын  алған  осындай көшбасшымыздың  болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!
Ешқандай  қиыншылық  көрмей  жүргенімде,  ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің  патриотымын!» деп айта бергім келеді.  Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің, біртұтастығының  арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының, бетке  ұстар, мақтан  тұтар өрендерінің бірімін!
Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені  мен  осындай  тәелсіз, егеменді, еңселі  елдің  патриотымын. Мен  өз  Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін, мақтан етемін.   Өз  елімнің  дамуына теңізге тамған тамшыдай  болса да үлесімді қосамын .  

«Айтысатын  жігітпенен, қызбенен,

Ақын  халық  екенбіз  ғой  біз  деген» - деп Қ.Мырза-Әлі  ағамыз  айтқандай, қазақ  болғасын  өлең  шығармау «әу» демеу  мүмкін  емес.  Кішкене   ғана  жүрегімнен   шыққан  «Тәуелсіз Қазақстан»      деген  жыр  жолдарым   қасиетті  еліме, туған  жеріме   арналады.

Тәуелсіз  Қазақстан,

Егемен  елім  менің.

Қойнауы  кенге  толған,

Қазыналы  жерің  сенің.

Сан ұлттың  басын  қосқан,

Ынтымағы  жарасқан  ел.

Тағдырлар  тоғыстырған,

Бірлікті  тұғырлы  ел.

Ұлы  елде  туып  өскен,

Бақытты  мен  баламын.

Елімнің  ертеңі  де,

Тірегі  мен  боламын.

Қазақтың  бір  ұлымын,

Білімді  ұланымын.

Көк  туын  желбіретер,

Болашақ  қыранымын.

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив